КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік тілді дамыту институтында жыл сайын түрлі жоғары оқу орындарынан филология факультетінің студенттері мен докторанттары іс-тәжірибеден өтсе, магистранттар тағылымдамадан өтеді. 2024 жылдың 25-наурыздан бастап сәуірдің 8-не дейін Филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы  Қазақ тіл білімі кафедрасының «Қазақ филологиясы», «Қолданбалы қазақ тіл білімі», «Қазақ филологиясы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» (тіл бағыты) мамандықтарында оқитын 2-курс магистранттары, 8-19 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранттары тағылымдамадан өтсе, 22-қаңтар мен 25-ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультет, «Қазақ филологиясы»  мамандығының 2 курс докторанттары, 16-қаңтардан бастап 10-мамырға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология факультеті, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының 4 курс студенттері іс-тәжірибеден өтті.

Тағылымдама мен іс-тәжірибеден өту барысында студенттер бірнеше тапсырмалар орындап дағдыланды.  Оның ішінде:

-  «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» (Б. Қалиұлы, Б. Қапалбек) атты монографияға сыни-публицистикалық мақала жазу;

- «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісі» (О. Жұбай, А. Салқынбай, Б. Қапалбек) атты монографияға сыни-публицистикалық мақала жазу;

- Жұмсалымды грамматиканың қазақ тіл білімінде даму (видео-сабақтар бойынша) ғылыми мақала жазу;

- Мектептегі жаңартылған білім беру бағдарламасы: артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мақала жазу;

- Шетелде (Жапония, Амерка, Оңтүстік Жапония, Түркия, Финляндия, Сингапур)  бастауыш білім қалай беріледі?! тақырыбында сыни- публицистикалық мақала жазу;

-  Шет елдердегі бастауыш мектептің жүйесі, созылу мерзімі, оқылатын пәндері, қолданылатын бағдарлама және олардың сипаты туралы мақала жазу;

- Портал бойынша ресурстар (А1, А2, В1, В2, С1);

-  Диссертация тақырыбы бойынша 5 бет ғылыми мақала жазу;

Институттың тіл үйрету порталын ресурспен толтыру (тапсырма жасау);

-  Порталды ресурспен толтыру (видеоматериал дайындау);

-  «Академиялық жазылым» онлайн семинарына қатысу;

- «Тіл полициясы» бөліміне мақала жазу (қателермен жұмыс), институтта орындалып жатқан фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру жобасы бойынша бір дастанды алып сюжет жазу, комикс жасау;

Берілген тапсырмалар аясында жазылған мақалалар іріктеліп, астарында айтар ойы ұтқыр, тілі өрнекті жазылғандары жинақ ретінде басылып шықпақ.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр, яғни 2023 жылы Мемлекеттік тілді дамыту институтында 27 наурыз бен 8 сәуір аралығында іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өткен студенттердің ойы орамды, тілі тұшымды жазылған мақалалары «Қазақ тілін зерттеудің және оқытудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-публицистикалық жинақ болып жарыққа шыққан еді. Екі тараудан  тұратын кітаптың алғашқы тарауында публицистикалық, екіншісінде ғылыми-әдістемелік мақалалар топтастырылған. Аталған кітапты толығырақ https://cloud.mail.ru/public/CLh2/Ep3e7BiXj осы сілемеге кіру арқылы көре аласыздар. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 506 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 732 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1075 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1202 0



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика