КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов көгілдір кеңістіктің зеңгір зереніне алғаш көтерілген сәтінен бастап Twitter әлеуметтік желісі арқылы өз жазбаларын күллі әлемге тарата бастады. Ол Халықаралық ғарыш стансасынан Жерге қазақ тілінде жазылған мәтіндерді жолдаушы ең бірінші адам атанды.

 Біз бұған дейін, 2008 жылы ғарышкер Талғат Мұсабаевтың ғарыш көгінен хабарласып, Прези­дент Нұрсұлтан Назар­баевты Астана күнімен және оның 10 жылдық мерекесімен құттықтағанын, соңынан Елбасымен қосылып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқағанын жақсы білеміз. Осылайша көк жүзінен бізге алғаш қазақтың әуе­леген әні жетіп еді, енді дәл солай болып төгіліп, туған тілімізде жазылған жазбалар тарап жатыр. Мұның өзі қазір өзінің микроблогын күнделік іспеттес жазба орнына мұқият пайдаланып отырған ғарышкеріміздің белсенділігі арқасында мүмкін болып отыр. Алғаш рет Жер кіндігі – Байқоңырдан алпар аспанның аясына арқырап шығып алғаннан кейін Айдын Айымбетов түсіне Жердің, ондағы тіршіліктің кіре бастағанын жазып еді. Ол мұны: «Қайырлы таң, жерлестер мен Жердегі тұрғындар! Жерде ғарышты қиялдайтын едім, ғарышта түсіме Жер кіріп жүр. Жұмысты жалғастырып жатырмын. Мақсат көп, уақыт аз», деп келтірді. Бұдан кейін біздің ғарышкеріміз «Дастарқан-6» ғылыми тәжірибесін орындауға кіріскенін жерлестеріне жеткі­зуге асықты. Оның себебі де бар. Себебі, бұған қазақтың дастарқаны, соның ішінде қазақша асылған ет, сорпа мен сүзбе кіретін еді. Ол әлеуметтік желіге бұл туралы: «Дастарқан-6» экспериментін орындауға кірістім. Бірінші тағам – сублимация түріндегі қазақша ет. (…) Салмақсыз күйде тамақтанған үйреншікті емес. Ет дәмді, бірақ кебіңкі. Сорпа жетіспейді (…). «Дастарқан-6» экспериментін жалғастырып жатырмын. Таңғы асқа – сорпа мен құрғақ сүзбе», деп жазды. Бұдан кейін Халықаралық ғарыш стансасы экипажының мүшелері Интернетке Астананың және Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген суретін жария етті. Елорданың ғарыштан түсірілген фотосын NASA астронавы Скотт Келли өз Twitter парақшасында жариялады. «Қайырлы таң, Қазақстан! Айдын Айымбетовпен ғарыш стансасының бортында бірге болған жақсы. Оның жағдайы керемет!», деп жазды ол. Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов те осы кезде ғарышта түсірілген рәсімдерін жайып салды. Ол өз Twitter парақшасында Каспий теңізінің кескін-келбетін ұсынды. Кеше қазақстандық ғарышкер Халықаралық ғарыш стансасында өз әріптестерімен бірге ғарыштан поляр шұғыласының сипатын бақылады. Осы сәтте NASA ғарышкері микроблогына ғарыштағы поляр шұғыласының бейнетаспасын салды. «Менің сіздерге арнаған АҚШ-тағы еңбек күніне тартуым», деп жазды Келли осыған орай. Ал Айдын Айымбетов Келлидің жазбасына келісетінін білдірді. Еске сала кетейік, «Союз-ФГ» зымыран ұшырғышы биылғы 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшып шыққан еді. Оның экипажында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавы Андреас Могенсен бар. «Союз ТМА-18М» кемесі 4 қыркүйекте Халықаралық ғарыш станасымен түйісті. Бастапқыдағы жоспар бойынша Могенсен мен Айымбетов Жерге 12 қыркүйекте оралуға тиіс еді. Бірақ, бұған ұшу барысында өзгеріс енгізіліп, сапар сәті екі тәулікке қысқарды. Сөйтіп, бұл екі ғарышкер 10 қыркүйек күні планетамызға қарай бет түзейтін болып отыр.

Егемен Қазақстан


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 1425 0




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2328 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2365 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 2184 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика