КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер залында Алаш арыстарының бірі ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қорынан Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары – мәңгілік мұра» атты дөңгелек үстел және «Ұлтым деп өткен ұлы тұлға» атты көрме ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге «Алаш айнасы» тілшілері де қатысып қайтққан еді. 

Аталмыш шараны ұйымдастыруға ҚР Ұлттық кітапхана ұжымы, А.Байтұрсынұлы еңбектерін насихаттауда барын салып жүрген «Ұлт болмысы» журналының Бас редакторы Гүлжанар Амантайқызы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының директоры Райхан Имаханбет мұрындық болды. Ұлттық тіл білімі ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдық жинағының тұсаукесер салтанатына бегілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ахметтанушылар, Алматы қаласындағы бірнеше мектептің басшылары қатысты. 

«Ел-Шежіре» баспасында басылып шыққан Ахмет Байтұрсынұлының 6 томдық жинағына алғысөзді белгілі ғалым Айгүл Ісмақова жазған. Ғалымның айтуынша, бүгінде Қазақстандағы Америка елшілігі осы кітапты аттай қалап, ағылшын тіліне аударуға ниеттеніп жатқан көрінеді.

 

Ғарифолла Әнес, ғалым, баспагер: 

 

– Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары біреу-екеу емес, алты том болып шығуы қазақ руханиятында үлкен оқиға. 70 жыл бойы шықпай келген Алаш арыстарының жинақтары енді-енді 1000, 2000 мың данамен болса да шығып жатыр. Мұндай тұлғаларымыздың кітабы 100 мың данамен кез келген баспадан шықса да артық болмас еді. Біз де таяуда Қазақ тіл білімінің антологиясы сериясымен 2 кітап шығардық. Оның бірі осы Ахаңның «Қазақ тіл білімінің мәселелері» кітабы болса, екіншісі белгілі ғалым Құдайберген Жұбановтың кітабы. Бұл кітаптар барлығы 7-8 мың данамен жарық көрді. 

1988 желтоқсанның 28-інде Алаш арыстарының барлығы дерлік ақталды. Бірақ әлі күнге дейін оларға арналған мемлекеттік комиссия құрылған жоқ. Ресейде Есенинге, Гогольға, Пушкинге арналған жеке-жеке комиссиялар құрылған. Бізде арнайы комиссия болмағандықтан алаштықтарды әркім бір иеленіп жүр. Қазақтың мұндай азаматтарының мұралары ешкімнің жеке меншігі емес. Ұлттық құндылықтар мемлекеттің меншігі болуы тиіс. Қазір әр баспа өз шама-шарқынша кітаптар шығарып жатыр. Бірақ Ахаң болсын, Абай болсын, кез келген ұлы тұлғалардың кітаптары өз деңгейінде шығып жатыр деп айта алмаймыз. Сол үшінде міндетті түрде мемлекеттік комиссия құрылып, осы мәселе түбегейлі шешілуі тиіс деп есептеймін. Тарихи тұлғаларымыздың кітабы, біз үшін құрандай болуы керек.

 

Сейітқан Исаев, ғалым:

 

– Болашақты жасап кеткен біздің бабаларымыз. Олардың мұрасын біз көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мен Ахаңның есімін сонау 1938 жылы алғаш Қазақ педогогикалық институтына түскенде ұстаздарымнан естідім. Ол кісінің тек қазақ тіліне, әдебиетіне ғана емес, жалпы халқының тағдырына, болашағына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ахаңа еліктеп қазақтан қаншама ғалым шықты. Ахмет Байтұрсынұлы, Ы.Алтынсарин секілді билікпен тартысып жүріп бізге оқулық жасап, мектеп ашып берген адамдардың мұрасына қалайша қамқорлық жасай алмаймыз. Алаштың азаматтарын ақтап алып, олардың еңбегін шығарып жатырмыз. Бірақ олардың кітаптары әрбір қазақ отбасында болуы керек. Шәкәрім деген мына кісі, Ахмет деген мынау, Абай деген мынау деп әрбір отбасында ата-ана балаларына таныстырып отыруы жөн. Өткенмен таныстырып отырып, ұрпағымызға келешекке бағыт бермейміз бе? Әр отбасында тұрмақ, әр мектептен қазір ұлы тұлғаларлдың кейінгі басылған кітаптарын кездестірмейміз. Осы мәселені ұлт болып, халық болып шешуміз керек. 

Дөңгелек үстелде барша Алаш жұртын алаңдататын келелі мәселелер сөз болды. Оқулықтар шығару, олардың сапасы, кітапханаларда ақын-жазушыларымызыдың, ғалымдарымыздың еңбектері баршаға жеткілікті болуын қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайдың басшысы Райхан Имаханбет бүгінде ағартушы атындағы мұражайдың жай-күйін, оның қамқорлыққа зәру екендігін жеткізді.

Alashainasy.kz

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 728 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 724 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1104 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1554 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика