КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі таңда Қазақстанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру – бүгінгі болашақ ұрпаққа қойылған талаптардың бірі болып отыр. Осыған орай Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде қазақ тілінен арнайы курс өткізіліп, нәтижесі халқымыздың ардақты перзенті, ақыл-ойдың данышпаны, поэзия пайғамбары, ғұлама ойшыл бабамыз Абай Құнанбаевқа арналған «Абай мұрасы-ұрапаққа ұлағат» атты әдеби-поэзиялық кешпен жалғасын тапты. Бұл шара қазан айының 19 жұлдызында Мемлекеттік тілді дамыту институтының мұғалімі Айтжанова Әселдің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Өзгесін айтпағанда, қатысушылардың өз әріптестері алдында сахнаға шығуы олардың ең алдымен өздеріне деген сенімділіктерін бекіте түсті.
«Абай мұрасы-ұрапаққа ұлағат» атты әдеби-поэзиялық кештің мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныса отырып, қызметкерлердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру болатын. Аталған іс-шара бастан-аяқ мемлекеттік тілде өткізілді.
Жиналған көрермендерге ерекше серпін берген мәдени шараны Оспанбетова Меруерт пен Харитонов Александр жүргізді. Содан кейін қатысушылар арасынан Попов Георгий ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» , Мураткалиева Айдана «Ғылым таппай мақтанба», Мухаметрахимова Жанара «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ары қарай кеш «Абай мен Тоғжанның кездесу» көрінісімен жалғасын тапты. Актерлік шеберлігін көрсетуде Абайдың рөлін - Оксикбай Марат, Тоғжанның рөлін - Мухаметрахимова Жанар алып шықты. Аталған көрініс барысында ақынның «Көзімнің қарасы» әні орындалды.
Шара барысында Абай атамыздың ғұмырнамасы слайд арқылы көрсетілді. Сонымен қатар Нургалиева Ульяна ақынның «Бұлбұл мен есек» мысалын оқыды. Және Алуа деген кішкентай қыз ақынның «Сегіз аяқ» өлеңін мәнеріне келтіріп оқып шықса, оны әуеніне салып Бекетанова Назерке орындады.
Кеш соңында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары Дынбаев.А сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға алғысын айтты. Сондай-ақ, кешті дайындаған Мемлекеттік тіл дамыту институтының мұғалімі Айтжанова Әселге ерекше алғыс білдірді.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 728 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 724 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1104 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1554 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика