КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

«ҚАЛА ЗАЛЫМ ПАТША ӘУЛИЕСІНІҢ АТЫМЕН АТАЛМАУЫ КЕРЕК» (1924 жыл).

 Петропавл қаласының тарихи атауын қайтару мәселесі соңғы жылдары жиі айтыла бастады. Дегенмен тәуелсіз елдің танымына жат бұл атаулар тас кенеше жабысып қалар емес. 1924 жылы Қызылжарда жарық көрген «Бостандық туы» (бүгінде газет «Солтүстік Қазақстан» деп аталады) газетінде де шаһардың атауын ауыстыру мәселесі көтерілген екен. Басылымның оқырмандары бірнеше санында аталмыш тақырып жөнінде өз пікірлерін білдірген. Бүгін Орталық мемлекеттік мұрағатта сақталған газеттегі екі шағын мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Төте жазудан кириллицаға аударған аталмыш мұрағат қызметкері Абай Мырзағали.

 

«Қызылжар туралы»

 «Бостандық туы» газеті шығып тұратын қаланың аты қазақша Қызылжар, орысша Петропаул (Петропавл) деп аталады. Қазақ елінің сар даласына қол салған патша үкіметі Ақмола аймағына аяқ басқанда еркін сүйген қазақ баласының жауынгершілігіне қарсы тұру үшін мұнан жүз жыл бұрын Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Қызылжар қалаларын салғызған. Әрбір қалаға әулиелердің аттарын қоюға әдет қылған орыс Қызылжарға Петр һәм Паул деген екі әулиесінің атынан құрап Петропаул деп ат қосқан. Ақ патшалардың желкесін қиып Кеңес үкіметі орныққанына 7 жыл толғанда, һәм қазақ халқы өз алдына автономиялы ел болып Кеңестер үкіметінің бір қанаты болып отырғанда, қазақ даласының шиманды жерінің қақ ортасынан ойып алып салынып отырған Қызылжар қаласын залым патшаның әулиесінің атымен Петропаул атанбай Қызылжар атансын деген пікір туралы бір-екі жерде айтыс болғанда, Петропаулдың аты «Первыймайский, Октябрьский, Трудовский, Интернациональный» деген аттарды ұсынғандар да болды.

Газет арқылы ел ішіне ұран салып, Петропаулдың атын Қызылжарға өзгертуге шақырамын. Менің бұл пікірімді мақұлдап, яки басқа бір атты лайықтап жазушылар болса, «Бостандық туының» беті ашық!

 

«Петропаулдың Қызылжар деп аталуы тіпті қолайлы»

 «Бостандық туының» 13-нші санында Бегеш ұлы Әбдрахман жолдас Петропаул аты жойылып, Қызылжар аталсын деген мақаласын оқыдық. Мақаладағы пікірлер көңілге жылы тиеді. Өйткені Кеңес хүкіметінің тұтынған бағытында көрініп отыр. Николайдың әулиелерінің қойған аттарын қалдырып табиғат ағымына, пікір ойдың құйылысына қолайлы аттарды қойып жатқандығы белгілі. Табиғат еркесі қазақ баласының бұрынғыдан бері сүйіп қойған аты «Қызылжар» қазақ пен ноғай арасында көпшілік жағын алып қарағанда да «Петропаул» деген Николайдың әулиесінің атын білмегендіктен, бұрынғы сүйкімді аты «Қызылжар» деген сөзді айтысқандарын естисің. Ақмола Губернесіне қараған дала һәм шеткі қалалардың адамдарының дені Петропаул орнына қайда барасың деп сұралса, Қызылжар дегенше Алтұн жар десейші Қызылжар да дүниеліктің бәрі де күн-күн көбейіп арзандап жатқан көрінеді дейді. Тексеріп қарағанда қыр елінің адамдары Петропаул деген атты жексұрын көретіні сезіледі. Біздердің де қаусап жатқан Николайдың әулиесінің атын көкке көтеріп тастамай жүруіміз қолайсыз, сондықтан петропаул аты қалсын, «Қызылжар» атымен аталсын. Қызыл деген сөздің бір өзі де ұран бағытына қабысады.

Abai.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 728 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 724 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1104 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1554 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика