КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Қай дәуірде, қай кезеңде  болмасын ақпараттық саясат сол елдің басты назарда ұстайтын мәселесінің бірі екенін айтпаса да түсінікті. Оның үстіне бүгінгі уақыт нағыз ақпарат тасқынының шарықтап тұрған мезгілі. Еліміз өз алдына дербестігін алғанына 20 жылдан асқанымен жатжұрттық ақпараттық экспансиядан құтыла алмай отырғанымыз да жасырын емес. Дәл осындай қысылтаяң кезеңде жарық көріп жатқан қазақтілді газет-журналдардың да жағдайы мәз емес. Оның себебін түсіндіру үшін талай мақала жазуға болады. Бір өкініштісі  әлгі әупірімдеп тұрған басылымдардың өзі ашылуынан жабылуы тез болады. Соңғы жиырма жылдың ішінде талай қазақтілді басылымның жабылып қалғанын ел біледі. Енді соңғы кезде қазақ газеттері қағаз нұсқадан ғаламторлық нұсқаға көшеді деген сөз гулеп тұр. Егер қазақ газеттері ғаламторланып кетсе оны қабылдауға аудитория қаншалықты даяр? Бұл жайында осы сала мамандары сөйлесін. 

Амангелді Сейітхан, журналист: 

Электронды газет нұсқасы ешқашан рухани ләззатқа бөлей алмайды

– Бірде Елбасымыз былай деді: «Шүкір, қазір біздің жас ұрпақ компьютердің құлағында ойнайды.  Бәрі көп уақытын компьютердің алдында жұмсайды. Әлі де кітап оқитындар да табылады, көп емес жүз шақты. 10-20 жыл өткен соң, әлгі жүз шақтылар компьютер құлағында ойнайтын миллиондарды басқаратын болады». Былай қарасаңыз, кітаптың немесе газеттің электрондық нұсқасы компьютерде де бар. Демек, адам баласы қағаз нұсқадағы газеттен қалып қоятын болса,  өркениеттен адасады. Электронды нұсқа ешқашан рухани ләззатқа бөлей алмайды. Себебі, араңызда тұрған техника, жасап шығарылған түрлі бағдарламалар, тағысын тағы бөлшектер, соның бәрі сіздің  арғы әлемге еркін сүңгіп, малтып кетуіңізге кедергі келтіреді. Ал кітап –  басқа дүние, газет те сол сияқты. Газетті ұстап көресіз, оның жағымды иісі болуы мүмкін немесе сізге ой салатын суреті болуы мүмкін. Егер қоғамда қағаз нұсқадағы газеттерді жоятын  болсақ, ол біздің жұртқа жасаған үлкен қастандығымыз. Біздің ұлтты, қазақты, мемлекеттегі тұрғындарды  рухани кедейлендіру үшін жасап тапқан  амалымыз болмақ. 

Есенгүл Кәпқызы, «Түркістан» газетінің веб-редакторы: 

Батыс елдерінің өзі газеттің қағаз нұсқасынан бас тартқан жоқ

 – БАҚ саласы дамып,  халқы жаһанданып  кеткен батыс елдерінің өзі газеттің қағаз нұсқасынан бас тартқан жоқ. Америкадағы «New York Times» сияқты алпауыт газеттер  қағаз нұсқада  әлі де шығып жатыр. Соңғы кезде біздің мемлекет  ғаламторға жақсы көңіл бөле бастады.  Бірақ қазақ қоғамы оны толықтай игеріп кетуге әзір емес сияқты. Қазақ халқының 44 пайызы ауылда тұрса, соның 90 пайызы  қазақ тілінде сөйлейтін қазақтар. Сондықтан қазақ басылымдарының  негізгі оқырмандары ауылда тұратын қазақтар. 
Орталықтан шалғайдағы ауыл тұрғындары  компьютердің, интернеттің не екенін білмейді. 8 мыңға жуық мектептің 60-70 пайызы ауылда орналасқан. Дәл осындай күйде отырып қазақ қоғамы интернеттеніп бітті, қағаздағы нұсқаға көңіл аудармасақ та болады десек, қателесеміз! Біз қазір Ресей ақпаратының экспансиясында тұрмыз. Қазір Қазақстанда , нақты санын білмеймін, 2-4 мыңдай  газет бар. Соның 10 пайызы  ғана қазақ тілінде шығады. 495 газет қазақ тілінде тіркелген. Өзі 10 пайыз ғана болса, оны жауып тынатын болсақ не қалады? Бір кездері  «Нұр Астана» деген жақсы газет шығатын. Қазір сол газетті «aynaline.kz» сайтына айналдырып жіберді. Бұл сайтты екінің бірі біле бермейді. Өз оқырманын тауып барып сайтқа айналдырса бір жөн еді. Оны жұртқа таныстырмай жатып, газетті жауып тастады. Қазақ тілді газеттердің оқырманға таралуы керек деп ойлаймын. Сонымен қатар қазақ газеттерінің таралымын көбейту үшін ауылға бөлшек сауданы жеткізу қажет. 

Әмірхан Меңдеке, «Жас Алаш» газетінің бас редакторының орынбасары:

 Қазақ қоғамы электрондық нұсқадан қарауға дайын емес

– Бұл туралы ойланып көрмеппін. Бірақ, менің ойымша қағаз нұсқа қалу керек. Қай ғасырда болмасын, тіпті дамып кетсек те қағаз нұсқа ешқашан тоқтамауы тиіс. Қазақ қоғамы электрондық нұсқадан қарауға дайын емес. Себебі,  халықтың 5 пайызы ғана электрондық нұсқадан қарайды, ал қалған 95 пайызына газет керек қой. Газеттен оқыған мен интернеттен оқығанның айырмашылығы бар. Қанша дегенмен, қағаз нұсқа қолыңда болады. Асықпай отырып, қайта қарасаң да өз еркің. 

ХАЛЫҚ СӨЗІ

Л.Гумилеватындағы ЕҰУ-ніңстуденті


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 1425 0




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2328 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2365 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 2184 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика