КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Мәскеуде өткен «Суздаль-2014» анимациялық кинолар фестивалінде Қазақстаннан шыққан мультфильмдерге жылы лебіздер, мақтаулар айтылды. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.

«Елімізде өндірілген анимациялық фильмдерді, әсіресе, Ресей мультипликаторлары жоғары бағалады. Аталмыш жиынға қатысушылар еліміздің тарапынан ұсынылған «Байқоңыр», «Тимур және айдаһар», «Көксерек», «Жібек жолы» атты анимациялық фильмдерді қызыға тамашалады», — делінген басылымда.

Қазақстан анимациялық кинолар қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев: «Біздің мультфильмдерімізді көргеннен кейін ресейлік әріптесім – Михаил Тумел. Мен сіздердің еңбектеріңізді көріп отырып кеңестік анимациялық фильмдерді тамашалағандай болдым деген пікірін білдірді. Ал бұл біздің жұмысымызға берілген үлкен баға. Өйткені, КСРО кезінде шыққан мультфильмдер өте жақсы болатын. Михаил Тумельдің пікірін «Ку-Кин-Дза-Дза» мультфильмінің режиссеры, «Ника» сыйлығының иегері, Татьяна Ильина да қостады», – деді.

Ғали Мырзашевтың айтуынша, фестивалға қатысушыларға «Көксеректің» түпнұсқадан ауытқымай берілгені әрі ұшқыр қиялдың шеберлікпен өрілгені ұнапты. Ал «Тимур және айдаһар» картинасындағы ойнақы әзіл фестивалға жиналғандарды күлкіге көміпті.

«Союзмультфильм» жайғасқан жаңа ғимаратты көріп, таңқалып қайтқан Ғали Мырзашевтың сөзіне сүйене сөйлесек, «Қазақмультфильмін» заман талабына сай жабдықтаудың тетіктері қарастырылып жатыр екен.

Елімізде бір жылда барлығын қосқанда 50-70 минутты құрайтын анимациялық фильмдер шығарылады. Маманның айтуынша, бұл өте аз. Қазақстан Анимациялық кинолар қауымдастығының президенті отандық мультфильмдерді көрерменге театрлар арқылы ұсынудың мүмкіндіктері жоқ екеніне де қынжылыс білдірді.

Қазір отандық анимациялық фильмдерді «Балапан» телеарнасы арқылы көрсету бағытында жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, Ғали Мырзашев депутаттармен кездесіп, олардан «Қазақмультфильмге» заңдық тұрғыда қолдау көрсетулерін өтінбек.

Дереккөз: «Экспрес К»

Егемен Қазақстан

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 728 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 724 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1104 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1554 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика