КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Қолданбалы лексикография: қазақ топонимдерінің этимологиялық сөздігін түзу және оны цифрландыру» және «Посткеңестік елдердегі лингвистикалық тәуелсіздік және ондағы тілдік отарсыздандыру тәжірибелерін Қазақстанның тіл саясатына қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері» жобалары гранттық негізде жүзеге асырылып жатыр. Осы зерттеулер аясында институт ғалымдары – атқарушы директор, ф.ғ.к. Бижомарт Қапалбек, социолингвист-ғалым, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аман Абасилов, және ономаст-ғалым, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бердібек Бияров Әзірбайжан Республикасына ғылыми іссапармен барып қайтты.

Іссапардың негізгі мақсаты – посткеңестік елдердегі мемлекеттік тілдің оқытылуын, ономастикалық зерттеулер мен социолингвистикалық тәжірибелерді зерделеу, ғылыми әріптестік орнату, қазақ топонимдерінің этимологиясын зерттеуде қолданылатын әдістерді Әзірбайжан ғылыми мектебінің тәжірибесімен ұштастыру, сондай-ақ тіл саясаты мен тілдік отарсыздандыру мәселелерін салыстырмалы тұрғыда талдау.

Іссапар барысында ғалымдар Әзірбайжан Ғылым академиясының Тіл білімі институтында болып, институт директоры Надир Балогланұлы Маммадлимен кездесті. Сонымен қатар Қоғамдық даму және маркетинг бөлімінің жетекшісі Севинч Әлиевамен кездесу өткізіп, ғылыми жобалар шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды.

Әзірбайжанға сапар барысында ғалымдар Хазар университетінің негізін қалаушы, Директорлар және Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, профессор Хамлет Исаханлымен кездесіп, сөйлесті. Сондай-ақ университеттің филология факультетінің студенттеріне арнап ашық дәрістер оқыды. Аман Абасилов әлеуметтік лингвистиканың негізгі бағыттары, тілдің қоғамдық қызметі, тілдік ахуалға әсер ететін әлеуметтік факторлар туралы мазмұнды дәріс ұсынды. Ол тіл мен қоғам байланысының заманауи зерттеу тәсілдерін таныстырып, посткеңестік кеңістіктегі тілдік саясат мәселелерін мысал ретінде талдады. Бердібек Бияров «Топоним этимологиясын талдаудағы экстралингвистикалық әдіс» тақырыбында дәріс оқып, топонимдерді зерттеуде тарихи, географиялық және этнографиялық деректерді кешенді қарастырудың ғылыми маңызын түсіндірді. Ол «Сөздер мен заттар» мектебінің қағидаларын негізге ала отырып, жер-су атауларының табиғатын тануда тілдік және тілден тыс факторлардың өзара байланысын көрсетті. Студенттер дәрістерге белсенді қатысып, ғылыми тақырыптарға қызығушылық танытып, екі ғалыммен пікір алмасуға мүмкіндік алды.




Бижомарт Қапалбек Әзірбайжандағы тіл оқыту жүйесінің ерекшеліктеріне назар аударып, Әзірбайжан тілінің білім беру үдерісінде қалай оқытылатыны жөнінде мәселелер бойынша Баку физика-математика лицейінің директоры, доцент Елчин Мамедовпен кездесті. Атап айтқанда, Әзірбайжан тілін оқытуда тілдің ана тілі ретінде және екінші тіл ретінде меңгерілу жолдары, оқу бағдарламаларының құрылымы, әдістемелік ұстанымдары мен бағалау жүйесі талданды. Сонымен қатар Әзірбайжанда Қазақстандағыдай Т1, Т2 үлгісіндегі жіктеудің қолданылу-қолданылмау мәселесі, тілдік ортаға бейімделген оқыту тәсілдері және мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін күшейтуге бағытталған тәжірибелер сараланды.

Іссапар барысында ғалымдар өз салалары бойынша Әзірбайжан Республикасының жетекші мамандарымен кездесіп, сұхбаттасты. Атап айтқанда, Аман Абасилов Социолингвистика бөлімінің басшысы Майл Виннатоғлымен, ал Бердібек Бияров Әзірбайжандағы ономаст-ғалым Элчин Исмаиловпен кәсіби пікір алмасып, ортақ ғылыми тақырыптарды талдады. Ғалымдар кездесу барысында түркі әлеміндегі тілдік интеграция, ономастикалық қорды жаңғырту, цифрландыру арқылы топонимологиялық деректерді жүйелеу, сондай-ақ тілдің қоғамдық мәртебесін нығайту жолдарына қатысты ұсыныстар әзірледі.

Өзара пікір алмасу ғылым мен білім саласында жаңа ынтымақтастық бағыттарын айқындап, қазақстандық зерттеушілерге түркітану кеңістігіндегі жаңа тәжірибелерді игеруге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар іссапар аясында ғалымдар 1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық І Түркітанушылар съезі өткен тарихи орынға арнайы барып, тағзым етті. Бұл съезд түркі халықтарының тіл, әліпби, емле және терминология мәселелерін ғылыми тұрғыда талқылаған маңызды тарихи оқиға ретінде белгілі. Ғалымдар осы жерде филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясының Президиумының қоғаммен байланыс, баспасөз және ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағахүсейін Шүкүровпен кездесіп, түркі дүниесінің ғылыми бірлігі мен рухани сабақтастығы туралы ой бөлісіп, сол кезеңдегі лингвистикалық шешімдердің бүгінгі тіл саясаты үшін маңызын атап өтті. Аталған тарихи орынға бару іссапардың мазмұнын тереңдетіп, зерттеулерге символдық әрі тағылымдық мән қосты.

Осылайша, Әзірбайжанға жасалған ғылыми іссапар өз мақсатына толық жетті. Ғалымдар практикалық тәжірибемен алмасып, ономастика, социолингвистика және тіл саясаты салаларында жаңа ғылыми байланыстар орнатып, зерттеу жобалары үшін маңызды материалдар жинады.

Әзірбайжанға жасалған бұл ғылыми іссапар Мемлекеттік тілді дамыту институты жүзеге асырып отырған екі маңызды жоба бойынша халықаралық тәжірибе жинауға, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және түркітану кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты. Сапар барысында ғалымдар Әзірбайжанның жетекші ғылыми мекемелерімен пікір алмасып, ономастика мен социолингвистика салаларында меморандумға отырды.

Сапардың қойылған мақсаттарына толық жетіп, болашақта ғылыми қауымдастық арасында өзара тәжірибе алмасуына жаңа мүмкіндіктері туындады.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 273172 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 262145 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 248428 0










19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 147056 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 143370 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика