КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Техаста қазақ эмигранттары салған қазақ мектебінде болып қайтқан журналист Адиля Түгел мектеп қабырғасында алған әсерлерімен бөлісті.

Тамыздың соңғы жексенбісінде Техастағы қазақ мектебінің ашылуында болып қайтқан журналист ондағы қарапайым қазақтарды көріп таң қалған.

“Мектепке жеткенде киіз үйді емес, кәдімгі америкалық стильдегі екі қабатты жекежайды көрдік. Есігін ашып, көптеген үлкен-кіші аяқ-киімдерді көргенде, үйіме топырлап қонақтар келгендегі cәт есіме түсіп кетті. “Ұстай алмайсың, ұстай алмайсың” деп жүгіріп жүрген қазақ балаларының дауысы құлағыма жеткенде, тап бір қазақ жерінде жүргендей сезімде болдым” , – дейді журналист.

Журналистің алдынан Меруерт есімді әйел шығып, мектепті Моңғолиядан келген бірнеше қазақ отбасылары ашқандарын айтып берген.

Мектептің жұмыс істеп жатқанына үш жыл болған екен. Онда оқитындардың дені ата-аналарымен Техасқа уақытша көшіп келген оқушылар.

“Әр жексенбі сайын балалар қазақ тілін, әдебиетін оқып, домбыра мен ұлттық билерді үйренгенше ата-аналары шай ішіп, күтіп отырады. Мектеп ақша табуды көздейді деп айта алмайсың. Ақысы бар-жоғы семестріне 100 доллар. Оның ішіне кітаптар, жекежайды жалдау, оқыту да кіреді. Мұнда қызмет ететіндердің дені өз дәстүрін өзге елде сақтауға үлесін қосуға әзір еріктілер”, – дейді автор.

Мектеп басшылығының айтуынша, олар Қазақстан елшілігінен кітаптар сыйға тарту сияқты азын-аулақ көмек сұраған. Алайда жауап сол беті қайтпаған.

“Мұндағы қазақтар үшін отан географиялық емес, рухани деңгейдегі ұғым. Олар ата-бабадан қалған дәстүрлерді сақтап, ана тілінде сөйлегенді құрмет тұтады”, – дейді Адиля.

Мақала авторы болашақта бұл жексенбілік мектепке америкалықтар да ағылып, жұмысы жандана түсетініне тілекші екенін жазған.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика