THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы
қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту
және ономастика бөлімі Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23
қарашадағы № 4/617 «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын
дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Көркемсөз
оқу шеберлері» атты қалалық байқауын өткізді.
Байқаудың
мақсаты көпшілікке көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын
насихаттау.
Сондай-ақ
жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, қазақтың ұлттық мәдениеті мен
өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.
Көрермен
және құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, зиялы
қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың
жетекшілері мен БАҚ өкілдері, әдебиет сүйер қауым, студент жастар мен оқушылар
және т.б. қатысты.
Байқауға
Алматы қаласының әр ауданынан 15-30 жас аралығындағы 2 талапкерден қатысып, 3
кезең бойынша өнер көрсетті.
«Көркемсөз
оқу шеберлері» қалалық байқауының кезеңдері:
1-кезең:
прозалық шығармадан үзінді оқу;
2-кезең:
драмалық шығармадан үзінді оқу;
3-кезең:
поэзиялық шығарма (өлең) оқу.
Қазылар
алқасы құрамында белгілі әдебиетші ғалымдар, ақын-жазушылар мен өнер
қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың
өкілдері болады.
Байқаудың
нәтижесінде: 1 орынды Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының ұстазы Мажит
Нұртуған, 2 орынды №13 мектеп-гимназиясының ұстазы Досанов Рамазан және 3
орынды №206 мектеп-гимназиясынан Оңғарбай Фариза иеленді.
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ