THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасын Тілдерді
дамыту және ономастика бөлімі «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауын
жариялады. Байқау қазақ тілі мұғалімдері мен оқытушыларының кәсіби шеберлігін
арттыруға, әдістемелік тәжірибесін жетілдіруге бағытталған маңызды шаралардың
бірі. Байқаудың басты мақсаты – қазақ тілін оқытудың заманауи талаптарына сай
білікті мамандардың еңбегін бағалау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу және
оқыту үдерісіндегі озық тәжірибелерді кеңінен насихаттау.
Байқау аясында қатысушылар өздерінің әдістемелік
ізденістері мен шығармашылық жетістіктерін ортаға салып, тәжірибе алмасуға
мүмкіндік алады. Сондай-ақ байқау оқытушыларды кәсіби тұрғыда дамуға
ынталандырып қана қоймай, олардың авторлық бағдарламаларын, оқу-әдістемелік
құралдарын таныстыруға және таратуға жол ашады. Үздік деп танылған жұмыстар
кейін ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарық көріп, өзге әріптестеріне үлгі
ретінде ұсынылады.
Байқауға барлық білім беру деңгейлері бойынша қазақ
тілінің оқытушылары мен мұғалімдері қатыса алады. Атап айтқанда, мектепке
дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілер мен тіл мамандарынан бастап, жоғары оқу
орындарының оқытушыларына дейін қатысу мүмкіндігі берілген. Сонымен қатар
техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, колледждерде қызмет ететін
қазақ тілі оқытушылары да осы байқаудың қатысушысы бола алады.
Қазылар алқасының құрамына өз саласында тәжірибесі
мол, білікті мамандар кірді. Атап айтқанда, филология ғылымдарының докторы,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Ермекова Тыныштық,
Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, педагог-шебер Шатемірқызы Ақмарал, «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Ибраева Жанар және Алматы
қаласы Ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің
басшысы Қалымбет Бақыт, Мемлекеттік тілді дамыту институтының әдіскері
Қамбарова Бекзат.
Байқау үш бөлімнен тұрады. 1, 2-кезең аясында
жұмыстарды қабылдау 30 қыркүйекте аяқталды. Байқаудың алғашқы кезеңінде
қатысушылар қазақ тілі пәнінен бір тақырыпты өз қалауынша таңдай отырып, қысқа
видеоролик, reels, инфографика, анимация, сторителлинг, lifehack, mini-sketch
немесе өзге де тың, креативті форматта ұсынды. Бұл материалдар TikTok және
Instagram желілерінде #ҚТҮОАлматы2025 хэштегімен жарық көрді. Бұл бөлім
оқытушының заманауи технологияны қаншалықты еркін меңгергенін, білім беру
үдерісін креативті тұрғыда ұйымдастыра алатынын көрсететін кезең болды.
Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар өздері әзірлеген қазақ тілін оқытуға
арналған оқу құралы, авторлық нұсқаулық, жұмыс дәптері сияқты т.б әдістемелік
өнімдерін ұсынды.
Осы екі кезеңнің нәтижесінде 44 қатысушының ішінен
үшінші кезеңге жолдама алатын үздік 10 қатысушы іріктеліп алынды. Бұл кезеңге
өткендер байқаудың ең мықты қатысушылары ретінде танылып отыр.
15 қазан күні өтетін үшінші, әрі шешуші кезеңде
қатысушыларға арнайы педагогикалық ситуациялар мен кейс-сұрақтар ұсынылады. Бұл
кезеңде оқытушының мәселені шешу шеберлігі, педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешім
қабылдай алу қабілеті, кәсіби рефлексиясы мен құндылықтық бағдарлары
бағаланатын болады. Қатысушылар бұл кезеңде өздерінің білімдерін, ой-өрісін
және шығармашылық қабілеттерін тағы бір мәрте дәлелдеуі тиіс. Байқаудың бұл
бөлімі тартысты әрі қызықты өтеді деген сенімдеміз.
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ