КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2026 жылғы 11 ақпанда Халықаралық қазақ тілі академиясы, Мемлекеттік тілді дамыту институты және Халықаралық түріктану орталығының ұйымдастыруымен «Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан БАҚ өкілдері дөңгелек үстелдің өту барысы бойынша бірнеше ақпарат жариялады:

1.Ана тілі газеті

https://anatili.kazgazeta.kz/news/64989 

2. Мәдениет порталы

https://madeniportal.kz/video1/turki-elderinde-memlekettik-tildi-oqytu-zuiesi-taqyrybynda-xalyqaralyq-gylymi-adistemelik-dongelek-ustel-otti 

3. Zamandas.kz

https://zamandas.kz/til-mamandary-t-rki-elderini-birinshi-synyptarynan-shet-tilderin-o-ytudy-alyp-tastau-kerek/

4. ALTYALASH KZ

https://altyalash.kz/2026/02/12/t-rki-elderinde-memlekettik-tildi-o-ytu-zh-jesi-atty-haly-araly-ylymi-distemelik-d-gelek-stel-tti/

5. ALTYALASH KZ Фейсбук парақшасы

https://www.facebook.com/share/p/1Bp8gWZ8rL/

6. Мемлекеттік тілді дамыту институты. Фейсбук парақшасы.

https://www.facebook.com/share/p/1Dt7ia2k7V/

7. Академия арнасы. Ютуб канал

https://youtu.be/BJfmor6DtoM?si=FN9YR3Lw8K5yKz4t 

8.  Мемлекеттік тілді дамыту институты. ИНСТАГРАМ парақшасы.

https://www.instagram.com/reel/DUp4YqyCDaS/?igsh=aTlhNXQ4YmQwbTBo

«Түркі елдерінде мемлекеттік тілді оқыту жүйесі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел нәтижесінде арнайы қарар қабылданып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызына, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Зүлфия Төребековаға, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Абдрахманова Назира Кабдоллаевнаға, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасы Тлешов Ербол Ердембекұлына, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлына жолданды:

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері  түркі елдерінің жалпы орта мектептегі оқыту мен білім беру жүйесін бірлескен ортақ ғылыми-әдістемелік зерттеулер форматында ұйымдастыру бойынша гранттық және тапсырыс арқылы тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуді жоспарларына енгізген жөн.

2. Бала бастауышта тек функционалдық, яғни өміріне қажетті пәндерді ғана оқуы керек. Бізде екінші сыныптан бастап тіл және әдебиет пәндері жеке-жеке пән болғанымен, бірінші сыныпта олар «Әліппе» және «Ана тілі» деп кіріктіріп оқытылады. Бұл дұрыс емес. Сауат ашатын әліппе пәнінің жалғасы – қазақ тілі болуы шарт. Болашақта түзілетін бағдарламаларда осы олқылықты қалпына келтіруіміз керек.

3. Дамыған елдерде, мәселен, Жапонияда бастауышта оқитын пәндер саны санаулы (сегіз), ал бізде оннан асады, артық пәндер көп. Бастауыш мектеп функционалды пәндерге – сөйлеу мен жазуға, айналасын тануға, есепке және еңбекке үйрететін пәндерге басымдық бергені дұрыс. Осыған байланысты бастауыш мектептегі жаратылыстану, дүниетану сынды пәндерді бір пәнге біріктіріп, кіріктіріп жіберу пайдалы болмақ.

4. Жаңартылған бағдарламадағы басты кемшілік: мақсат жеткіліксіз қойылған. Мақсат былай жіктелуі керек:

1) Дұрыс, шебер сөйлеуге үйрету (барлық стильде ауызша мəтін тудыру дағдысын жетілдіру);

2) Сауатты жазуға үйрету (барлық стильдің жанрларында жазбаша мəтін тудыру дағдысын қалыптастыру);

3) Қазақ тіл білімінің метатілін орта мектеп деңгейіне сай меңгерту (орта мектепке сай лингвистикалық білім беру, тіл бірліктерін тану, талдау, мəтінтану, мазмұнын, құрылымын, стилі мен жанрын ажырата білу);

4)Ұлттық дүниетанымын қалыптастыру (тіл арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіру, аялық білімді меңгерту, əлемді қазақ тілі арқылы тану).

5. Жаңартылған бағдарламаның өзегі болып отырған лексикалық тақырыптардың берілуінде жүйе қате. Біздіңше, лексикалық тақырыптар:

– Грамматикалық тақырыптармен байланысты мəтіндер болу керек;

– Тілдің анықтамасына (200 анықтама) қатысты болу керек;

– Семантикалық категориямен байланысты болу керек;

– Публицистикалық жəне ғылыми стильдегі мəтіндерде грамматикалық тақырыптардың өзі түсіндірілуі керек;

– Əлемнің қазақ тіліндегі бейнесін көрсететін мəтіндер болуы керек.

6.  Жаңартылған білім бағдарламасында ортақ кемшілік – оқу мақсаттарын топтастыруда тыңдалым мен айтылымның бірігіп тұруы. Бұл – қате. Дұрысында мəтін тану (оқылым-тыңдалым) мен мəтін тудыру (айтылым-жазылым) жеке, біріктірілмей берілуі тиіс.

7. Грамматикалық тақырыптар жаңартылған бағдарламада жүйесіз, шашыраңқы, ең бастысы лексикалық тақырыппен байланыссыз берілген. Жаңартылған бағдарламалардың мақсат-міндетінде орта мектепке сай лингвистикалық білім беру көзделмеген. Оқу мақсаттарында қай тақырып қайсысынан кейін меңгерілуі керектігі нақты көрсетілмеген. Грамматикалық материалдарды бағдарламаға берудің жүйесі алдымен жасалуы керек. Бұл – пәннің білім мазмұны.

8.  Мəтін тудыру (жазбаша, ауызша) жүйесі реттелмеген. Жайдан күрделіге қарай шиыршық əдісін сақтай отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру оқу мақсатында нақтыланбаған. Бес стильдің барлық жанрында сөйлеу дағдысын қалыптастыруға жүйелі түрде көңіл бөлінбей, жаңартылған бағдарламада тек эссе жазу дағдысы қайталана берген. Мəтін тудыру дағдысы қалыптасу үшін қай стильдің қай жанрын қай сыныптан бастап үйретудің ғылыми-əдістемелік негізі жасалуы керек.

9. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметін түбегейлі қайта қарау керек деген ойдамыз.

10.  Орта мектептегі қазақ тілі пəні жалпы республикадағы мемлекеттік тілді оқыту жүйесінде негізгі орында. Өйткені оған мыңнан аса сағат бөлінген. Болашақта мемлекеттік тілді дамытатын, оның стилін жетілдіріп, жанрларын жаныйтын осы қазақ орта мектебін бітіретіндер. Сондықтан оны мектеп қабырғасында білудің деңгейлік талаптары нақты белгіленуі керек. Мектепте сыныптан сыныпқа аттау емтихандарын тапсыру жəне мектеп бітірген кездегі жаппай тестілеу нəтижесінің шектік деңгейі заң (ереже) жүзінде талап етілуі керек.

11.    Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сатылық және деңгейлік жүйесі бар. Екі жүйенің арасында оқу бағдарламасы, оқытудың ұйымдастырылуы, оқу құралдары, ең бастысы, тілді білуді бағалау тәртібінде байланыс жоқ. Білім беру жүйесінде қазақ тілін түрлі сатыларда пән ретінде оқытудың емтихандарын жалпы мемлекеттік тілді білу деңгейлерін (КАЗТЕСТ жүйесінің) бағалау тәртібіне байланыстыру қажет. 



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 282872 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 269485 0


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 253037 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 153910 7

05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 150679 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика