THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға,
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.
/Көбелек/.
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл
бақшам гүлге толады.
/Көбелек/.
Шидім,
шидім, шидім құс,
Ши
басына қонған құс.
Қарқаралы
қара құс,
Хан
басына қонған құс.
/Шыбын/.
Иісшіл
- ит емес,
Ұшады
-құс емес.
/Шыбын/.
Бар
жұмысы ермегі.
Талмай
қанат қағады.
Еңбекті
қош көрмейді,
Жат
ыдысты бағады.
/Шыбын/.
Қыс
кезінде ұйықтап жатар,
Жаз
мезгілі думан ашар.
/Шыбын/.
Қарабай
аттан жығылды,
Халық
соған жиылды.
/Түкірікке
жиылған шыбын/.
Аспанда
ақ сары құс шу салады,
Жабысып
тақыр жерден су алады.
Адамнан
су алған тым өзгеше
Дуылдатып
денеңе у салады.
/Безгек
масасы/.
Өзім
үшін сені ұрам,
Сен
үшін өзімді ұрам,
Сен
үшін өзімді ұрсам-
Ағады
менің қаным,
Жарылады
сенің қарның.
/Маса/.
Бір
құс бар ұшып жүріп ән салады,
Әркімге
қонақ болып бір барады.
Барлығы
мақұлықтың ығыр болып,
Дауысын
естігендер зар қағады.
/Маса/.
Аспанда
қыран сары кісі алады,
Болғанда
кешке жақын ән салады.
Құдайдың
құдіретіне қарап тұрсаң,
Түтікпен
тақыр жерден су алады.
/Маса/.
Бір
ғажап төрт аяқты, құс қанатты,
Көреді
күндік жерден адамзатты.
Қолында
қылдан нәзік күрзісі бар,
Япырай,
тиген жері тастан қатты.
/Маса/.
Ат
басты,
Арқар
мүйізді,
Бөрі
кеуделі,
Бөкен
санды,
Қос
қанатты,
Құмырсқа
ізді,
Бота
тірсекті.
/Шегіртке/.
Тайқы
маңдайлы,
Сиыр
мұрынды,
Балық
сыртты,
Жылан
бауырлы,
Есек
сауырлы.
/Шегіртке/.
Ит
басты,
Қошқар
мүйізді,
Борсық
кеуделі,
Бөкен
санды.
/Шегіртке/.
Айдар
ауызды,
Қоян
құлақты.
Бөкен
санды,
Қылыш
құйрықты.
/Шегіртке/.
Жаз
бойы әндеткен,
Күз
болған соң сән кеткен.
/Шегіртке/.
Бір
мақұлық бар қазық аяқ,
Қарғып-қарғып
түседі тазыдай-ақ.
/Шегіртке/.
Бар
еді бір жұмбағым жүрген сайда,
Қолында
қылышы жоқ, екі найза.
Қарынды
екі найза болғанменен
Қылыш
пен ай балтадай болмақ қайда.
/Бұзаубас/.
Біз
жаздық аулым қонған текшесіне,
Етіктің
жез қақтырдым өкшесіне.
Айуанда
төрт аяқты бір нәрсе бар,
Бөренесін
байлаған бөксесіне.
/Инелік/.
Ана
таудың басында ұйыған қатық,
Ол
қатықты көрмейді дәмін тартып,
Дәмін
татқан қалады сеспей қатып.
/Қара
құрт/.
Бір
мақұлық айдалада қорған салған,
Азапты
ажалдымен соған барған.
Мен
емес бұл жұмысты айтып жүрген,
Бұрынғы
азамат ер содан қалған.
/Қара
құрт/.
Ғажайып
бір нәрсе бар қатқан тері,
Өзінің
қалың тоғай жатқан жері.
Бір
күні аштан өлмей, тоқтан өлер,
Жігіттің
мұны табар кемеңгері.
/Түйе
кене/.
Қарайып
ұшты қарғадай,
Бармаған
жері қалмады-ай.
Жерге
түсті, ін қазды,
Аяғымен
тырмалай.
/Қоңыз/.
Ұшқанда
өлең айтады,
Қонғанда
жер қазады.
Мұны
да ойлап көріңіз,
Шешуін
кім табады?
/Қоңыз/.
Әуеде
ұшып жүрген аэроплан емес, құс емес,
Арқасына
байлағаны ірімшік емес, құрт емес.
Бауырға
барып ін қазады,
Қасқыр
емес, түлкі емес.
/Қоңыз/,
Қарайып
ұшқанменен қарға емес,
Ін
қазғанменен түлкі емес.
Арқасындағы
боқшасы,
Жинағанмен
мүлкі емес.
/Қара
қоңыз/.
Бір
нәрсе алды биік, арты аласа,
Доп
илер кешке дейін бір тамаша.
Мылтығын
атайын деп оңтайланар,
Өзіне
айтқан сыйы ұнамаса.
/Сасық
қоңыз/.
Көрдің
бе бір нәрсе тұр дөп-дөңгелек,
Аз
тұрса сол жерінде болады көк.
Жерінде
бір күн тұрған үш күн тұрса,
Өзіндей
кетеді екен үш есе боп.
/Кене/.
Кішкене
ғана түйме тас,
Атан
түйе тарта алмас.
/Кене/.
Аспаннан
ұшып түсті жатқан тері,
Қалың
тоғай ну жыныс жатқан жері.
/Кене/.
Ұзын-ұзын
ұзардай,
Ұзыннан
аққан сулардай.
Ағаш
атқа мінгізіп,
Ұзартып
қойған мұнардай.
/Өрмекші/.
Бір
нәрсе өзі молда, өзі жорға,
Құрады
жібек ауды оң мен солға.
Тартқанда
машинасын оң мен солға,
Табады
қаражатын сонда зорға.
/Өрмекші/.
Дүниеде
бір кемпір бар тіпті кәрі,
Жіп
төгіп, өрмек құрып, тоқыр шәлі.
Алады
айламенен ала бүркіт,
Табыңдар
немене екен мұның мәні.
/Өрмекші/.
Шидиген
ұзын сирағы,
Тастай
керең құлағы.
Сөйтіп
жүріп көп жерге
Аспалы
торлар құрады.
/Өрмекші/.
Еңбекші
үй ішінде мекендеген,
Сым
арқан дүниеге жетер деген.
Қарқара
қара құсша түрін жайып,
Дүниеден
уайымсыз өтем деген.
/Өрмекші/.
Арқасы
домалақ,
Аяғы
ұзын.
/Өрмекші/.
Екі
басы жұдырықтай,
Ортасы
қылдырықтай.
/Құмырсқа/.
Қатар-қатар
қара нар,
Аспанменен
бара бар,
Алды
биік, арты жар.
/Құмырсқа/.
Бір
шаһар дөп-дөңгелек үлкен үйдей,
Ішінде
кәрі-жасы бәрі бірдей.
Кәрісін
де жасын да әрқашан айырмасын,
Таң
қалған қандай дерек мұны білмей.
/Құмырсқа/.
Аттанған
бір шаһарға қырық мың қосын,
Қолында
өзі жаяу, несі болсын.
Қолында
еш нәрсесі болмаса да,
Өзіне
тауып алар несібесін.
/Құмырсқа/.
Белең-белең,
белең ат,
Белі
нәзік күрең ат.
Тауға
мінсе таймас ат,
Талау
тисе өлмес ат.
/Құмырсқа/.
Бейнетқор
көпшілікте көрдім халық,
Күнінде
бір отырмас дамыл алып,
Өзінен
ауыр жүкті көтереді,
Үйінде
жатып жейді рахаттанып.
/Құмырсқа/.
Бір
балуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен
үлкен затты көтерер ол.
Мейлі
қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап
аса берер бәрінен де ол.
/Құмырсқа/.
Айдалада
бір базар.
/Құмырсқаның
илеуі/.
Бір
елеуіш жаным бар,
Көтере
алсаң бәрін ал.
/Құмырсқаның
илеуі/.
Тыру-тыру
тырналар,
Тауға
қарай жорғалар.
/Ара/.
Алпыс
тісті айдаһар,
Ешқайда
қадам баспайды.
Қозғамасаң
жатады,
Ештеңеден
саспайды.
Ағаштан
тамақ жейді екен,
Жұтпай
шайнап тастайды.
/Ара/.
Бір
нәрсе өзі нәзік тым-ақ сергек,
Қорқады
бала-шаға, әйел, еркек,
Өзінің
қаны адал, еті арам,
Мылтықсыз,
я қылышсыз ұстайды ептеп.
/Ара/.
Біреуге
найза түйрейді,
Өзі
де содан күйрейді.
/Ара/.
Биік-биік
тау болар,
Қаршығалар
ұялар,
Еті
арам болса да, сорпасы адал,
Ол
не болар, балалар?
/Араның
балы/.
Шатыраш-шатыраш
тау болар,
Көгершіндер
ұялар,
Сорпасы
адал болса да, еті арам,
Ол
не болар?
/Араның
балы/.
Бір
ұяда жүз бөлек үй.
/Араның
ұясы/.
Көк
төбеде көп болды,
Топырақ
жалап тоймайды,
Несібесі
неден жоқ болды.
Жетеу
еді бедері,
Он
төрт еді аяғы,
Балалықтан
айтып жүрген
Жұмбақ
еді баяғы.
/Есек
құрт/.
Домалақ
таудың басында
Тоқты
қошқар ойнайды.
/Бит/.
Кішкене
ғана бойы бар,
Адам
жейтін ойы бар.
/Бит,
бүрге/.
Бір
мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын,
Тікпесе
өзі етік, сақтар бізін.
Тағы
да іске ыңғайлы қайшысы бар,
Іс
тігіп көрген де емес еш қызығын.
/Шаян/.
Бір
мақұлық келе жатыр маң-маң басып,
Құтылмас
көзге түссе жолдан қашып.
Бұл
жерде оны табар еш адам жоқ,
Таппаса
үлкен молда кітап ашып.
/Бит/.
Жапырақ
жеп сілекей шығарады,
Сілекей
жасын шығарады.
/Жібек
құрты/.
Бекінген
бір тау теке тұшалау үйге,
Құдайым
оны салды мұндай күйге.
Күн
шықса жатады салқын үйде,
Күн
жауғанда кетеді жапан түзге.
/Ұлу/.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ