THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Қабат-қабат
қаптама.
Ақылың
болса аттама.
/Кітап/.
Жаны
жоқ болса да,
Ақылды
адам ісін істейді.
/Кітап/.
Бір
нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді
тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда
әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды
тыңдай берсең кіргізеді.
/Кітап/.
Бір
су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде
бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың
міне соған тамашалап,
Сол
судың кете алмайды дәмін татқан.
/Кітап/.
Сандығым
бар өзгеше,
Қолыма
алып жүремін.
Ішін
ашып ақтарып,
Өмір
сырын білемін.
/Кітап/.
Ұзын-ұзын
ұсқауын,
Ұзынына
кім жетер?
Шұбар
ала күйкентай,
Шұбарына
кім жетер?
/Кітап/.
Жүзі
бар сәнді сұлу ондап, мыңдап,
Сыры
бар неше алуан тұрсаң тыңдап.
Жүрмейтін
жері де жоқ әлемде оның
Қадірі
мейлінше зор, ол неткен зат?
Ізінен
іздегендер жол табады,
Олжаны
аздап емес мол табады.
/Кітап/.
Тілі
бар да үні жоқ,
Өзін
адам түсінген.
Жүрегі
бар, қаны жоқ,
Сөйлей
туған ішінен.
/Кітап/.
Қойған
жерінде жатады,
Қолыңа
алсаң, өзіңе тіл қатады.
/Кітап/.
Көлемі
шағын, көп қыры ,
Қолдан
қолға өтеді,
Өмірдің
талай мол сыны
Ішіне
сиып кетеді.
/Кітап/.
Бір
қойым бар қаны жоқ,
Қанатының
жаны жоқ.
Адамменен
сөйлесер,
Ақылы
бар, жаны жоқ.
/Кітап/.
Өзі
саңырау,
һәм
айтады,
һәм
үйретеді.
/Кітап/.
Адамсыз
кетеді,
Айтса
тарих тұрады,
Тағдырда
жазған.
/Кітап/.
Бір
қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп,
талай адам қамалаған.
Қобдидың
ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса
табылар еді не қалаған.
/Білім,
кітап/.
Жапанда
бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар
мезгілінде баурын жазып.
Ішінде
толып жатқан қазынасы бар,
Қорек
қып пайданалар тамам халық.
/Кітап,
оқу/.
Ұзын-ұзын,ұзын
жол,
Ұшына
жеткен бар ма екен?
Түбі
терең қара су,
Түбіне
жеткен бар ма екен?
Түбіне
жетіп бұл судың
Қанып
ішкен бар ма екен?
/Оқу/
Дүниеде
бір дария беті қайтқан,
Бетінде
бетегесі шығып жатқан.
Қараса
сол құдыққа көз жетпейді,
Құр
қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
/Оқу,білім/
Сай
бойында сары алтын.
/Білім/
Ауыр-ақ,бірақ
түсер салмағы жоқ,
Артқанның
арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап
бірін қоймай көтергеннің
Аяғы
ешуақытта талғаны жоқ.
/Білім/
Теңіздей
түбі терең ,
Сүңгіген
жетер әрең.
/Білім/
Бір
басты,екі тілді бір мақұлық,
Жүреді
айдалада ырғатылып,
Менсініп
ешбір жанмен тілдеспейді,
Өзінің
сөйлеспесе досты барып.
Жиһанда
қанша ділмар болсаң-дағы
Тұрасың
сөйлесе алмай болып ғарып,
Онымен
тілдесе алсаң сөз шығарып,
Кісіге
пайдасы көп, залалы жоқ,
Дос
болсаң бар мұқтажың бітер анық.
/Қалам/.
Қаралаяқ
ат міндім қаздаңдатып,
Су
ішпесе жүрмейді қырсау тартып,
Бір
аяғын шалшыққа малып алып,
Тар
көшеге салдым табандатып.
/Қалам/.
Жаны
жоқ қаршыға қолға қонар,
Жем
алып қиын жерден аузы толар,
Мен
өзім қаршығамнан баһра алдым,
Шешуі
осы сөздің қиын болар.
/Қалам/.
Ат
міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде
жол салады табандатып.
/Қалам/.
Астында
төсегі бар салған тағы,
Адамша
сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,
Теңізден
салған жолы сайрап жатыр,
Мүдірмей
ойлап тапшы мұны-дағы.
/Қалам/.
Бір
ат бар бесеу ара,өзі жорға,
Саламын
жорғалатып жолдан-жолға.
Найзамен
қар үстіне суды құйып,
Ғажайып
бір іс қылдым осы жолда.
/Қалам/.
Бір
құс бар тап-тамаша тұмсығы ұзын,
Есептеп
келеді өзі жердің жүзін.
Салғанда
жалтыр мұзда жорғалайды,
Кейбіреу
білмейді оның басқан ізін.
/Қалам/.
Жирен
тұлпар желгенде
Тұяғынан
тер тамар.
Аққан
тері әшекей,
Қар
үстіне жол салар.
/Қалам/.
Өзі
арық,
Басы
жарық,
Жүрген
жері көп әріп.
/Қалам/.
Басын
қырқамын,
Тілін
жарамын,
Су
беремін,
Сонан
соң өзі сөйлейді.
/Қауырсын
қалам/.
Қара-дүр
қасы,
Жарық-дүр
басы,
Тұқаң-тұқаң
еткенде,
Келеді
көздің жасы.
/Дәуіт,қаламсап/.
Атыңнан
айналайын Әбдіхалық,
Дымдыға
дымсыз кірер басы жарық.
/Дәуіт,қаламсап/.
Жаны
жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп
өзің жүресің.
Сол
ізді қайта зерттеп кеп,
Көп
нәрсені білесің.
/Қалам,жазу/.
Ұзын
тұмсық сауысқан,
Бір
көлдің суын тауысқан.
/Қалам
мен сия/.
Бір
бөлек көріп жүрмін жайма базар,
Өн
бойы бір азамат қағаз жазар.
Қасында
құдығы бар тастан соққан,
Суарып
қолда сайман пайдаланар.
/Дәуіт/.
Жапанда
бір құдық бар суы тәтті,
Қшінде
бір бәйтерек бек айбатты.
Жаралған
десең болар, қандай шебер,
Адамзат
не бол десе,сол болыпты.
/Қалам,дәуіт/.
Бір
нәрсе құмырсқа бел,сүйрік тұмсық,
Екі
бүйірі шығыңқы, көзі қисық.
Жансызда
жалықпайтын соны көрдім,
Жорғалап
қызмет етер құстай ұшып.
/Қаламұш/.
Секіріп
жүріп сырғиды,
Тетігі
бірақ адамда,
Ақылмен,
бимен жылжиды.
/Қаламұш/.
Екі
басты айдаһар,
Қара
суды ішеді,
Қайта
құсып ақ жерге,
Өрнектері
түседі,
Онсыз
жаңа іс болмас,
Адамның
қылар ісі еді.
/Қаламсап/.
Бір
жорға бар шабысты,
Ақ
қағазға жабысты.
Жорғаласа
тайпалап,
Келтірер
көп табысты.
/Қарындаш/.
Бір
нәрсе ала шұбар,қара тұмсық,
Қарасаң
басқан ізі қисық-қисық.
Өзі
жансыз, жандының күшіменен
Борайды
ат үстінде желдей есіп.
/Қарындаш/.
Өзгені
бақытты етем деп,
Өзі
қажалып кетеді.
/Қарындаш/.
Тамға
таяқ сүйедім,
Отыз
екі сыр-сырлап.
/Сауыт
қалам/.
Бір
құс бар екі тілді сайрап тұрған,
Үстінде
мәуесі бар жайнап тұрған.
Ішетін
суы да көп, ішу де көп,
Құдығы
тасбұлақтан қайнап тұрған.
/Қалам,сия/.
Бір
құс бар дарияда тұмсығы ұзын,
Жаны
жоқ жанды малдан жүрер бұрын.
Бұл
жұмбақ талай жерде айтылып жүр,
Еш
адам шеше алмайды бұдан бұрын.
/Қалам/.
Үшкір
ғана бір нәрсе айыр басты,
Құдықтан
көзге сулап төкті жасты.
Кеппейтін
мәңгі бақи жастың ізі,
Дүниенің
бәріменен араласты.
/Қалам/.
Үш
адам мініп алып жалғыз жорға,
Үшеуі
тәуекел деп түсті жолға.
Ізінен
жорғасының тәлім қалып,
Кетіпті
жаппай тарап қолдан-қолға.
/Қарындаш/.
Бір
ыдыс әркімдерге болған аян,
Бір
жерде сабыр етіп, қылмас баян.
Әркімнің
қолында жүр оның суы,
Ол
судан ақыл табар барлық адам.
/Сия/.
Дүниеде
бір құдық бар қайнап жатқан,
Ішінен
су шығады мың сан батпан,
Сол
құдық сондай-ақ көп болса-дағы,
Бетіне
бетегесі шығып жатқан.
/Сия/.
Ағартуға
жоқ,
Қарайтуға
әйдік-ақ.
/Сия/.
Зерек
бала қолданса,
Көңлі
тояр.
Жалқау
бала қолданса,
Қол-аяғын
бояр.
/Сия/.
Он
қойым өміріме болады азық,
Инемен
суарамын құдық қазып,
Жатсам
да, тұрсам-дағы өз қасымда,
Өзімнен
көрген емес кейін қалып.
/Он
саусақ, сия/.
Бір
кісі он әскермен жүреді ылғи,
Әскері
мұздан бөрік киеді ылғи.
Кісі
отырып, әскері қызмет қып,
Еңбегі
иесіне тиеді ылғи.
/Он
саусақ, сия/.
Бес
жігіт сапар шегіп шықты жолға,
Мінгені
бесеуінің жалғыз жорға.
/Бес
саусақ, қалам/.
Бес
жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып
ақ тақырдан із кескен.
/Бес
саусақ пен қалам/.
Үш
батыр қолдарына алды найза,
Су
ішіп бір құдықтан етер пайда,
Бірінсіз
бірі жұмыс ете алмайды,
Тарайды
еңбектері талай жайға.
/Қалам
ұстаған үш саусақ/.
Бес
үйрек суда жүрер саныменен,
Қаршығам
төңкерілер айнаменен.
Жұмбақты
табар болсаң,ойланбай тап,
Бір
аққу жолдас болған бәріменен.
/Бес
саусақ, қалам, қағаз/.
Бес
кісі тәуекел деп түсті жолға,
Сенгені
бесеуінің жалғыз жорға.
Басқаны
сол жорғаның бітті болды,
Кетеді
қамшыласа оң мен солға.
/Қол
мен қалам/.
Бір
құс бар бұлбұл деген ұзын мұрын,
Сөйлесе
келтіреді сөздің нұрын,
Үстіне
көкше мұздың жорғалаған,
Құс
жоқта сөйлейтұғын одан бұрын.
/Қағаз/.
Ата
тегі ағаштан болды,
Ақылын
тауып, әсем жанды.
Теңіз
беті шимайланды,
Бірақ
ойым симай қалды.
/Қағаз,
дәптер/.
Бір
жанды бір жансызға мінгеседі,
Жүгіріп
әр жерлерден із кеседі,
Тоқтамай
жолдан жолды іздеп жүріп,
Ойлаған
бір орынға кездеседі.
/Қағаз,
жазу/.
Ақ
тақырда қара дән,
Қолмен
сеуіп, сөзбен көр.
/Жазу/.
Ақ
тақырда қара тұқым себілген,
О
тұқымнан білім дәні егілген.
/Жазу/.
Ақ
жерде қара тары,
Кім
шашса сол орады.
/Жазу/.
Бір
нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің
кіндігінен айналып жүр.
Өзіне
назар салып қарасаңыз,
Келбеті
жер жүзінің көрініп тұр.
/Глобус/.
Жер
көрдім қаласы бар,
Үйлері
жоқ мекендейтін.
Көп
көрдім, өзен көрдім,
Сулары
жоқ тереңдейтін.
/Карта/.
Бір
сирағы біз,
Бір
сирағы салады із.
/Циркуль/.
Болғанда
айналасы, түсі қара,
Ілулі
көпшілікке тұрған жаңа.
Бірде
бар, бірде жоқ боп құбылып тұр,
Ақылым
жете алмай жүр буған жаңа.
/Карта,
тақта/.
Болғанда
айналасы, түсі қара,
Ілулі
көпшілікке тұрған жаңа.
Бірде
бар, бірде жоқ боп құбылып тұр,
Туа
салып анадан соны қуған.
/29
әріп/.
Бір
атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде
бұлардың ешкімнің жоқ таласы.
Бірігіп
жүр іс қылар, өзің ойлап қарашы.
/29
әріп/.
Жансызға
жиырма тоғыз болдым таныс,
Тамаша
бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз
тұрып, жандының себебімен,
Аяғын
басады екен шәлкем шалыс.
/29
әріп/.
Бір
сайдан жиырма тоғыз бұлақ ағар,
Адамдар
ойы терең, билеп табар.
Құяды
оннан асса көлге барып,
Аяғы
көз жетпейтін дария болар.
/29
әріп/
Алыстан
үйде отырып, алдым хабар,
Формалап
әрбір жерді бояу жағар,
Айлықпен
анда-санда барған деп,
Тоқтамастан
тана тағар.
/Хат/.
Аяғы
жоқ жүреді,
Аузы
жоқ сөйлейді.
/Хат/.
Бір
мақұлық бар тілі жоқ,
Сөйлегенде міні жоқ.
/Хат/.
Әкеміз
Ормамбет хан, біз немере,
Ойласаң
ойға түсер әрбір неме.
Адамға
тілсіз, жайсыз сөйлеседі,
Қолы
жоқ, аяғы жоқ ол немене?
/Хат/.
Келеді
сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша
қызығы көп түспес қолдан.
Қызығын
оқысаңыз тамашалап,
Қаласаң
хабарласып барлық жайдан.
/Газет/.
Үйіне
мәңгі қайтпайтын,
Қонақтар
түнде келеді.
Іздесе
адам таппайтын,
Жаңалық
айтып беретін.
/Газет-журнал/.
Бір
патша, екі уәзір бек байланды,
Әрқашан
он батырды жауға алдайды.
Қүдыққа
жіпсіз салып бір адамды,
Бесеуі
шығаруға ондайланды.
/Қол,
екі көз, он саусақ, қалам, дәуіт/.
Ақ
жерде қара тары,
Кім
шашса сол орады.
/Хат
таныған адам/.
Сенде
бар, менде бар,
Адамда
жоқ,
Жанда
бар, ханда бар,
Ғаламда
жоқ,
Тиде
бар, сыйда бар,
Харамда
жоқ,
Шамға
бардым, үшеуін көрдім,
Мысырға
бардым, біреуі де жоқ.
Жалғаннан
біреу, екеу, үшеу,
Төртеуін
бір жерден көрген адам да жоқ.
/Араб
әріптерінің асты-үстіне қойылатын
ноқаттары/.
Білімнен
мол сый-асы,
Балғындардың
ұясы.
/Мектеп/
Ақыл-ойдың
шырағы,
Зәулім
көктей шынары.
Биігіне
бойлаған,
Қанбайды
адам құмары.
/Білім/
Білімнің
жол басшысы,
Шәкірттің
қолбасшысы.
/Мұғалім/
Шәкіртке
жанашыр,
Мейірман
кім, жаны асыл?
/Ұстаз/
Білімнің
дәнін тереді,
Балаға
тәлім береді.
/Ұстаз/
Ұшымен
қазық,
Тор
көзді жазық.
Үстіне
өттім,
Асыл
сөз жазып.
/Дәптер/
Кішкене
құдықтан,
Найза
ұшты шыбығым,
Су
ішіп құныққан.
/Сиясауыт/
Қабы
сояу.
Діні
— бояу.
/Қарындаш/
Қысқа
таяқ діңі бар,
Шиырлаған
ізінде,
Сайрап
тұрар тілі бар.
/Қарындаш/
Ойларыңды
аңсаған,
Асыл
сөзді ақ алаңға,
Түсіруден
шаршаған,
Мен
емеспін әмәнда.
/Қалам/
Тіл
жоқ өзінде,
Сөзі
бар ізінде.
/Қаламсап/
Бар
ойыңды жиямын,
Ақ
қағазға құямын.
/Сия/
Сағат
сайын қағылады,
Тек
мектептен табылады.
/Қоңырау/
Күміс
алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған
үні бар.
Шақыратын
білімге,
Сағаты
бар, күні бар.
/Қоңырау/
Денесі
бар шыбықтан,
Темір
тұмсық құдықтан,
Сусын
алып ішеді,
Ойы
із боп түседі.
/Қаламсап/
Бөлінгенді
табыстырып,
Біріктірсе
қабыстырып.
Жымдастырған
жігін де,
Байқамайсың
түгін де.
/Желім/
Жұқа
тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың
өлшемі.
/Сызғыш/
Елдері
мен қаласы,
Ойпаты
мен даласы.
Теп-тегіс
тақтай-ды,
Өзені
де ақпайды,
Тоғайы
мен тауы бар,
Бұл
не, өзің тауып ал.
/Карта/
Қаласы
бар, елі жоқ,
Даласы
бар, шөбі жоқ.
Мұхиты
бар, суы жоқ,
Орманы
бар, нуы жоқ.
Шыңдары
да теп-тегіс,
Құмдары
да теп-тегіс,
Кең
жазықтан әр түсті,
Шығыс
пенен батысты —
Бар
Әлемді табасың,
Өзің
таң боп қаласың!
/Географиялық
карта/
Бір
санға өсірді,
Өзі
қалып орнында,
Бізді
алға көшірді.
/Класс/
Доп
сынды келбеті,
Онда
бар түп-түгел,
Әлемнің
әлпеті.
/Глобус/
Оқу-білім
аспабы,
Қоймасының
бас қабы.
Бөлмесі
де бірнешеу,
Тиегі
бар ашпалы.
/Сөмке/
Көкқұтанша
ақ айдында,
Бір
аяқпен тұрады.
Тұмсығымен
ол мұнда,
Шыр
айналып шығады.
/Циркуль/
Бірін-бірі
қоштаған,
Бір
үйден көрдім,
Қырық
екі дос-жаран.
/42
әріп/
Қырық
екі жауынгер,
Сапын
түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер
Қауымды
ел,
Сырын
терең ұғады.
/Алфавит/
Білім
менен тәлім,
Парақты
ашқанда
Беттерінен
мәлім.
/Күнделік/
Оқушыға
күнде еріп.
Жүретін
не?
/Күнделік/
Кепкен
жарғақ,
Шеңберге
керілген,
Соқсаң
сарнап,
Үн
шығады төгілген.
/Барабан/
Былғанышты
жақтырмайды,
Ол
бар жерде дақ тұрмайды.
Бірақ
тағы өз үстінен,
Таза
бір жер таптырмайды.
/Сорғыш/
Әңгіме,
аңыз, ертегі,
Нотасы
мен әні бар.
Суретін
де көр тегі,
Қандай
журнал бәрі бар?
/«Балдырған»/
Үстінде
есігі,
Өзі
орындық, әрі үстел,
Оқушылар
бесігі.
/Парта/
Ілулі
тұр кең алаң,
Керегімді
мен одан.
Жазып
алам көшіріп,
Сүртем
сосын өшіріп.
/Тақта/
Оқуыма
төреші,
Тоқуыма
төреші,
Парақтасам
байқалар,
Білімімнің
өресі,
Онда
және жазылған,
Кестем
де бар келесі.
/Күнделік/
Иір-иір
құбыр,
Әрлесең
Бұлбұл.
/Керней/
Төрт
қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы
ізі аппақ.
/Бор/
Кең
алаң — тақырдан,
Шиырлап
қайтады,
Ақ
қант қатырған.
/Бор/
Сансыз
ойлар бетінде,
Сайрап
жатыр бар тілде.
Қажетпін
мен әр күнде,
Өшпейді
бір әрпім де.
/Қағаз/
Қабат-қабат
қатталған,
Асыл
сөзбен апталған.
Парағы
бар сөйлейтін,
Ол
қазына өлмейтін.
/Кітап/
Бар
білімнің бастауы,
Бар
ғылымның бастауы.
Жас
балаға нұр шашқан,
Қандай
кітап тіл ашқан?
/Әліппе/
Шәкірт
кездегі,
Білімнің
безбені.
/Баға/
Басында
аздың ақылы,
Селқостардың
жақыны.
/Бірлік/
Жалқаумен
бір жүретін,
Құдды
қармақ ілетін.
Жоламайды
зерекке,
Сабақтарын
білетін.
/Екілік/
Жалғас
жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде
қақпасы.
Көрсең
де оны дос сендер,
Жақсы,
жаман ортасы.
/Үштік/
Жақсыменен
тең көрген,
Ата-ана
да жөн көрген.
Орындықпынтөңкерген.
/Төрттік/
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ