THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Бір
байдың енші алыпты бір баласы,
Алғаны
алпыс тоғыз ірі қарасы.
Төрт
жерден түлікке желі қағып,
Үш
жерден орнатылған мұнарасы.
/Түйе,
алпыс тоғыз-күйісі, төрт желі-аяқтары, үш мұнара екі өркеші, басы/.
Болғанда
қоян ерін, шыққан құлақ,
Тұлыбы
шоқайғандай жатыр сұлап.
Жүруге
қызметкер дайындалса,
Жалшыдай
күні біткен кетер жылап.
/Түйе/.
Таптым-таптым,
тап жорға,
Табаны
жалпақ боз жорға.
/Түйе/.
Маң-маң
басып келеді,
Тапырақтап
желеді.
Мойны
ұзын, үсті тау,
Ертеден
елге бел еді.
/Түйе/.
Маң-маң
басқан, маң басқан,
Шудаларын
шаң басқан.
Екі
өркешін қом басқан,
Алабота,
теріскен,
Мұрындығы
келіскен,
``Шөк!``-
дегенде, ``бық!`` -деген,
Шешіп
үйін жүктеген,
Бұл
не деген жануар?
/Түйе/.
Кезікті
бір жануар,
Үстінде
екі тауы бар.
Мойны
ұзын, көзі үлкен,
Бұл
не,өзің тауып ал?
/Түйе/.
Даусы
қоңыр, үні мұң,
Тесіп
қойған мұрынын.
/Түйе/.
Үш
тың-тың,
Екі
жылтың,
Төрт
тап-тап,
Қап-қара
сатпақ,
Бір
былғаныш.
/Түйе/.
Ұзын-ұзын
ұлпаны,
Ішіндегі
жұлпаны.
/Түйе,
бота/.
Дүниеде
ақас бар бек жайлаған,
Жанына
адам барса ойбайлаған.
Ақастың
адам білер мінезі бар,
Мінгесіп
екі бала той тойлаған.
/Түйе
және оның өркеші/.
Бір
тақыт бар дүниеде әркім білер,
Ол
тақыт қымбат емес, әркім мінер.
Мінерінде
төмендеп келеді екен,
Мінгеннен
соң жоғары көтерілер.
/Түйе,
оған мінген адам/.
Екі
ауылдың баласы еңбектеп келеді,
Төрт
ауылдың баласы төбелесіп келеді,
Бір
ауылдың баласы шөпшек теріп келеді.
/Жайылымнан
қайтқан түйенің өркеші, аяғы, ауызы/.
Екеуі
қарауыл қарап тұр
Төртеуі
ұйықтап жатыр,
Біреуі
қамыр басып тұр.
/Түйе/.
Екі
кісі қарауыл қарайды,
Бір
кісі шөпшек тереді.
/Түйенің
өркеші, ерні/.
Дүбір-дүбір
төртеу,
Есенгелді
екеу.
Жағалбайлы
жалғыз,
Оның
таңы қарбыз.
/Түйенің
аяғы, екі құлағы, құйыршығы/.
Төрт
кісі төсек сал дейді,
Екі
кісі қарауыл қарайды,
Үлкен
әйел есік аш дейді,
Кіші
әйел төмпештейді.
/Түйе,
төрт аяғы, екі өркеші, түйенің құмалақ тастағаны/.
Төсек
астында төрт күлше.
/Түйенің
төрт табаны/.
Таудан
тас домалайды,
Тас
бұршақтай сабалайды.
/Түйенің
құмалағы/.
Жоғарыдан
көп тас домалайды,
Кезектесіп
бірін-бірі қуалайды.
/Түйенің
құмалағы/.
Бір
тауығым бар,
Жұмыртқасы
көп,
Көп
те болса жарылмайды.
/Түйенің
құмалағы/.
Шашылды
маржан,
Бағасы
арзан.
/Құмалақ/.
Апан-апан,
Ескі
шапан.
Иір
қобыз,
Жарық
жұлдыз.
/Түйенің
шудасы, мойны,көздері/.
Апан-апан,
Жаман
шапан,
Төрт
түйреуіш,
Бір
былғауыш.
/Түйенің
шудасы,аяғы, құйыршығы/.
Иір
қобыз,
Екі
тұтқыш,
Бір
қыл жуғыш.
/Түйенің
мойыны, екі өркеші, құйрығы/.
Төрт
лаулау,
Екі
дің-дің,
Бір
шібжің.
/Түйенің
аяғы, екі өркеші, құйыршығы/.
Мамам
маң басып барады,
Күлшесі
қалып барады.
/Түйенің
ізі/.
Екі
төлдің атынан
Бір
төлдің аты шығады.
/Тайлақ/.
Түбірлі
төртеу,
Түймемен
бесеу,
Ерубай
екеу,
Мамық
жалғыз.
/Жылқы/.
Қоян
жақты, тақыр жонды,
Төрт
тұяқ, екі аяқты, екі қолды.
Салпы
ерін, өзі жүйрік,
Кең
омырау, жуан құйрық.
/Ат/.
Төрт
түп тұт мәуітімен кесіледі,
Үстіне
мінген адам есіреді.
Құрдасым,
тапқын мұны ойлы көзбен,
Ойласаң
тереңірек шешіледі.
/Ат/.
Отырдым
мұнан барып оймауылға,
Ілінді
екі аяғым байлаулыға.
Қолыма
екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім
қайда барсам айдауыма.
/Мінген
ат/.
Екеуі
елеңдеп келеді,
Төртеуі
төбелесіп келеді.
/Аттың
екі құлағы мен төрт аяғы/.
Ана
таумен мына тау соғысып келеді.
/Аттың
төрт тұяғы/.
Кішкене
ғана тостаған,
Көтеріп
қана тастаған.
/Аттың
тұяғы/.
Тасқа
тисе кетілмейді,
Суға
тисе ерімейді.
/Аттың
тұяғы/.
Үлкен
келін есік ашты,
Кіші
келін домалай қашты.
/Түйенің
құйрығы мен құмалағы/.
Төлебайдың
баласы төбелесіп келеді,
Егізбайдың
өгей ұлы ерегесіп келеді.
Екеуі
қарауыл қарайды,
Біреуі
шөпшек тереді.
/Түйенің
аяғы, өркеші, аузы/.
Ермекбайдың
екі ұлы ерегесіп келеді,
Төлебайдың
төрт ұлы төбелесіп келеді,
Жағалбайдың
жалғызы жағаласып келеді.
/Түйенің
екі өркеші, құйрығы,аяғы/.
Мен
көрдім тұтам ақас тау жайлаған,
Тауына
тиіп кетсең ойбайлаған.
Үстіне
қара орман артып алып,
Барса
да қандай жерге той-тойлаған.
/Жүк
артқан түйе/.
Жануар
бар жапан дала түзде өскен,
Арқасына
екі бала мінгескен.
/Қос
өркешті түйе/.
Тамға
таяқ сүйедім.
/Түйенің
құйрығы/.
Тауға
таяқ қыстырдым.
/Түйенің
мұрындығы/.
Алыстан
қарасам бір қара,
Қасына
келсем мың қара.
/Жылқының
құйрығы/.
Алды
қияқ, арты шалғай.
/Аттың
жалы/.
Ұштым,ұжмаққа
шықтым,
Тептім,
терекке шықтым.
/Атқа
міну/.
Қарасам,
қайдан келдің,
Малы
қара сайдан келдің.
/Аттың
тезегі/.
Жездем
желіп бара жатыр,
Жез
қалпағын түсіріп барады.
/Аттың
тезегі/.
Шауып
келе жатып шақшам түсті.
/Аттың
тезегі/.
Шиге
қамшы байладым.
/Белбеуге
байланған ат/.
Алты
аяқты,
Екі
қарынды,
Екі
басты,
Екі
қолды,
Төрт
көз, төрт құлақты,
Екі
мойын, бір құйрықты.
/Ат
мінген адам/.
Алдымда
бар нар қамыс,
Артымда
бар нар қамыс.
Отырған
жерім ой темір,
Басқан
жерім бай темір,
Он
қолымда-тең қайыс.
/Ат,
үзеңгі, қамшы, атқа мініп отырған адам/.
Тау
астында төрт бала,
Кезек-кезек
ойнаған.
Төрт
баланың қолына
Төрт
айды әкеп байлаған.
/Аттың
төрт аяғы, төрт тұяғы/.
Керіп
қойған немене,
Көкектеген
немене?
Малып
қойған немене,
Бал
татыған немене?
/Желідегі
құлын, піспек, сабадағы қымыз/.
Кекендеткен
несі екен,
Келіп
салған несі екен?
Сорпылдатқан
несі екен,
Сорқылдатқан
несі екен,
Суырып
алған несі екен,
Суы
тамған несі екен?
/Желідегі
биені емген құлын/.
Андыру
мен мәндіру,
Тігісі
жоқ қондыру.
/Ала
мал/.
Үлгісіз
піштім,
Жіпсіз
тіктім.
/Ала
мал/.
Жамаулары
болса да білінбейді,
Жансызға
ондай нәрсе ілінбейді.
/Ала
мал/.
Тоғай-тоғай
топтаған,
Тоғай
ішін боқтаған.
Біреуі
өлсе,
Бәрі
жиылып жоқтаған.
/Сиыр/.
Төртеу
келеді,
Төртеу
асылып тұрады,
Екеу
жол көрсетеді,
Екеу
иттен сақтайды,
Енді
біреу артында асылып тұрады.
/Сиыр/.
Екі
айнасы бар,
Екі
найзасы бар,
Төрт
жаптырмағы бар,
Бір
шыбыртқысы бар.
/Сиыр/.
Дауысы
- азанда,
Жақсылығы
- қазанда.
/Бұзаулы
сиырдың мөңірегені/.
Екі
отауға бір көсеу.
/Сиырдың
танауы мен тілі/.
Екі
ошаққа бір көсеу.
/Сиырдың
танауы мен тілі/.
Қисық
ағашқа қар жұқпас.
/Сиырдың
мүйізі/.
Бүкір
ағашқа қар жұқпас.
/Сиырдың
мүйізі/.
Ел
жатса да енекем жатпайды.
/Сиырдың
мүйізі/.
Ел
жатса да екі батыр жатпайды.
/Сиырдың
мүйізі/.
Қисық
шағаға су жұқпас.
/Сиырдың
мүйізі/.
Тырс-тырс
тамады,
Бір
шұңқырға ағады.
/Сиырдың
желіні/.
Жол
үстінде жылтыр жібек.
/Сиырдың
сілекейі/.
Төсек
астында төрт бауырсақ .
/Сиырдың
желіні/.
Төрт
туысқан бір шұңқырға құяды.
/Сиырдың
емшегі/.
Түйір-түйір
төртеу,
Түймеменен
бесеу.
Жалғыз
тайы жалғыз,
Темір
қазық екеу
/Сиырдың
төрт емшегі, кіндігі, құйрығы, екі мүйізі/.
Арқасы
бар, аунамайды,
Аузы
бар, күйсемейді.
/Сиыр
мен ат/.
Кішкентай
ғана бойы бар,
Айналдырып
киген тоны бар.
/Қой/.
Төрт
тағанды бойы бар,
Момындық
дұрыс ойы бар.
Кербезденіп
жүрмейді,
Айналдырған
тоны бар.
/Қой/.
Екен,
екен, екен жұмбақ,
Екі
етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға
барған жұмбақ,
Қақтың
суын ішкен жұмбақ.
/Қой/.
Баурындағы
бұлағын ел ішеді.
Шабылады
жотасынан пішені.
/Саулық
қой/.
Азанда
кетер ләйлекен,
Кеште
келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі
жібектен,
Түймесі
бар ілгектен.
/Қой,
ешкі/.
Шапаным
да, тоным да,
Арқаның
жүр жонында.
Атам
соның соңында,
Таяғы
бар қолында.
/Қой,
қойшы/.
Ауылдан
ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп
жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа,
Сол
жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады
қуанышпен бір уақытта.
/Жайылған
қой, қозы/.
Ерте
кетіп, кеш келе,
Тері
тонды жануар.
Моншақ
төгіп кетеді,
Жылтыраған
суы бар.
/Қойдың
құмалағы/.
Ашылмаған
сандықта,
Пішілмеген
құндыз бар.
/Қозы/.
Байшағырдың
түбінде балалап жатқан дуадақ.
/Қоздаған
қой/.
Абылқайым
айтқан жұмбақ,
Айналысып
жатқан жұмбақ.
/Ішек-қарын/.
Тоғай
іші толған жұмбақ,
Ақын
жігіт айтқан жұмбақ,
Шешен
қатын шешкен жұмбақ.
/Қойдың
ішек-қарны және оны аршу/.
Абылай
айтқан жұмбақ,
Тоғай
толған жұмбақ,
Біреуін
бірі өлтірді,
Ақылды
кісі шешкен жұмбақ.
/Мал
сойған адам/.
Төрт
аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін
өз алдында пиғылы бар.
Халінше
сайманы ғой керек заты,
Көтерген
екі дана құрығы бар.
Беретін
жақынына жаны ашып,
Ашытқан
бір аяқтай қымызы бар.
/Ешкі,
төрт аяғы, екі мүйізі, сүті/.
Қайырып
басын тастаған,
Қайқайып
қойды бастаған.
/Ешкі/.
Асты
пышақ, үсті істік,
Өзіне
лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп
түскен.
/Ешкі/.
Төрт
аяғы бар,
Басында
екі таяғы бар,
Иегінде
екі сақалы бар.
/Ешкі/.
Сақалы
бар,
Санасы
жоқ.
/Ешкі/.
Бір
шал бар ауылымызда барпылдаған,
Басында
екі найза жарқылдаған.
Іш
майын құмырадан аңқытып ап,
Кімді
көрсе, артынан жалпылдаған.
Өзі
кәрі болғанменен сылқым сері,
Ақ
сокна белбеуі салпылдаған.
/Теке/.
Айтайын
айт дегенде, ая батыр,
Болғанда
асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай
қара тастың дәл түбінде,
Бір
түрлі адам таппас зәһәр жатыр.
/Малдың
өті/.
Жол,
жол, жол жатыр,
Жол
айнала қол жатыр.
Тамақ
қолдың ішінде,
Айдаһар
жегір хан жатыр.
/Малдың
өті/.
Алтынын
алып,
Әбдіресін
лақтырдым.
/Жілік/.
Он
екі қысырағым бар:
Екеуі
- жуан буаз,
Екеуі
- күмән буаз,
Екеуі
- анық буаз.
Екеуі
- танық буаз,
Екеуі - жіңішке қысыр,
Екеуі
- ат қысыр.
/Екі
ортан жілік, екі тоқпан жілік, екі асықты жілік, екі қары жілік, екі жанбас,
екі жауырын/.
Он
екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес
ешкі, бір жарым қоян.
/Малдың
бала көтеретін уақыты/.
Түрлі-түрлі
түр кілем,
Түр
аласы бір кілем.
/Малдың
шуы/.
Түйеде
жоқ, ешкіде бар,
Доңызда
жоқ, қоңызда бар.
/Мүйіз/.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ