THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Қара
бием қалт етті,
Қабырғасы
жалт етті.
/Шалғы/.
Алдын
ойпар,
Жанын
жайпар.
/Шалғы/.
Жалғанда
бір нәрсе бар боз құнандай,
Өзінің
ұзындығы оқ жыландай.
Жапырып
шөпті бұзып кетеді екен,
Өзінен
кейінгіге жол қылғандай.
/Шалғы/.
Жаһанда
бір айдаһар иір тілді,
Серуендеп
сахараға серуен құрды.
Нақақтан
өз басына пайдасы жоқ,
Алдына
бет келгеннің бәрін қырды.
/Шалғы/.
Ұзын-ұзын
із кетті,
Ұзын
бойлы қыз кетті,
Қабырғасы
қалт етті,
Омыртқасы
жалт етті.
/Шалғының
шөп шабуы/.
Өзі
бүкір,
Бүтін
қырды таусады,
Қырдан
қайтып,
Үйде
бір жыл жатады.
/Орақ/.
Көк
өгізім көл жапырып бара жатыр.
/Орақ/.
Тісі
көп, аузы жоқ.
/Ара/.
Басы
жоқ, екі беті, тісі бар,
Қақ бөлер бөренені күші бар.
/Ара/.
Елу
аяқты,
Екі
қолды.
Салады
елу аяқпен
Жалғыз
жолды.
/Ара/.
Алпыс
тісті айдаһар,
Ешқайда
қадам баспайды,
Қозғамасаң
жатады,
Ештеңеден
саспайды.
Ағаштан
тамақ жейді екен,
Жұтпай
шайнап тастайды.
/Отын
кесетін ара/.
Бас
аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе
денесі дір-дір еткен.
Өзіне
қандай жуан кез келсе де,
Күшімен
қақ айырып бөліп кеткен.
/Темір
ара/.
Қаңылтыр
қара мейіз, мыстан шеге,
Келбеті
бұл жұмбақтың келер неге?
/Темір
ара/.
Тізіле
өскен тісі бар,
Көп
істеген ісі бар.
/Қол
ара/.
Жетпіс
аяқ бауырында,
Екі
қолы жауырында,
Тындырады
істі ол,
Жеңілін
де, ауырын да.
/Ағаш
кесетін үлкен ара/.
Бір
итім бар қабаған,
Маңдайына
темір жамаған.
/Шапашот/.
Тоғайға
барса ауылға қараған,
Ауылға
қайтса тоғайға қараған.
/Балта/.
Жансыз
жарады,
Жанды
ұрады.
/Балта/.
Кішкене
ғана келіншек,
Төбесінде
түйіншек.
/Шеге/.
Тістегені
түспейді,
Отқа
салсаң піспейді.
/Қысқаш,
кемпірауыз/.
Ыстықты
да ұстайды,
Суықты
да ұстайды,
Егер
бұйрық болмаса,
Еш
нәрсені қыспайды.
/Қысқаш,
кемпірауыз/.
Болғанда
жалпақ табан, жалғыз тісі,
Қолында
адамзаттың барлық күші,
Үстінен
бірер қабат жүріп кетсе,
Нәрсенің
астындағы кірер түсі.
/Сүргі/.
Үй
артында бүкір терек,
Күресуге
кісі керек.
/Тез/.
Тәует
бауыр,
Бота
тірсек.
/Тез/.
Үй
артында жауыр бұқа.
/Тез/.
Қу
тізе қу ағашқа құндақтаймын,
Аузымда
сегіз тісім жылмақтаймын,
Бірін
мініп, біреуін қыстап алып,
Үстінде
анда-мында ырғақтаймын.
/Талқы/.
Базардан
сатып алған боз арғымақ,
Белінде
тартпасы бар будақ-будақ,
Басын
артып, шылауын тартып қалсаң,
Кетеді
жануарым зулап-зулап.
/Шарық/.
Екі
адам аға-іні, ағайынды,
Бірі
үлкен, бірі кіші бар айыбы,
Дос-жаран
ағасы ұстап, інісі ұрып,
Қанын
шашты, айтбады қояйын да.
/Төс,
балға, қызған темір/.
Бір
қарыс қана бойы бар,
Әр
нәрсеге айналса,
Аламын
деген ойы бар.
Тізіліп
тұрған тісі бар,
Бір
ағаш бар мұртында,
Тістің
бәрі сыртында.
/Егеу/.
Керегенің
басында кетпен құйрық,
Кесіп
алса таусылмас кепкен құйрық.
/Қайрақ/.
Жалғыз
тіс, екі қолы, қос құлағы,
Бар
екен барлығының ынтымағы,
Иесі
ашуланып айдаса оны,
Бұрқырап
бөтен жерден жол салады.
/Бұрғы/.
Бар
екен бір айдаһар аузын ашқан,
Көргенде
адам пенде заһар шашқан.
Кетеді
ашуланса таудай болып,
Қайнатып
қара тасты ашу басқан.
/Көрік/.
Өзінің
жалғыз аузы бар,
Лебімен
от шайнайды,
Гүрілдеп
демін алғанда
Алтын
ұшқын ойнайды.
Ағаштан
күйген ас жейді,
Адамның
қолы тигенде
Еңсеріле
дем алып,
Кезек-кезек
үрпейді.
/Көрік/.
Ұзын-ұзын
қос таяқ,
Өрмелейміз
ұстап ап,
Келте-келте
көп таяқ.
/Саты/.
Аждаһа
дию көрдім аузын ашқан,
Келгенде
жем жерінде қарсыласқан,
Мінеді
ағаш атқа темір қамшы,
Көр
қазір қатты жүрсе тозаң шашқан.
/Диірмен/.
Қараңғы
үйде қабан күркірейді.
/Диірмен/.
Сырты
бүтін,
Іші
түтін.
/Диірмен/.
Шаңы
жоқтан шаң шығады.
/Диірмен/.
Арқасында
аузы бар,
Тұмсығында
құйрығы бар.
/Диірмен/.
Күйсеп
жатқан тас көрдім.
/Диірмен/.
Бір
нәрсе керегесіз дөп-дөңгелек,
Қозғалса
жүгіреді зыр дөңгелеп.
Аузына
керек асын салып қойсақ,
Шығарат
мына жақтан екі бөліп.
/Диірмен/.
Бір
нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір
тарау ортасында байлағаны.
Өзінің
жұтатұғын көмейі жоқ,
Қалады
жерге түсіп шайнағаны.
/Диірмен/.
Елу
аяқты,
Екі
шолда,
Салады
елу аяқпен жалғыз жолды.
/Қол
диірмен/.
Бір
нәрсе асты-үстілі алты қақпақ,
Бар
пенде ырызығын онан таппақ,
Бұлт
алып айналасы күркіресе,
Қар
жауып арасынан болады аппақ.
/Жел
диірмен/.
Қайнап
жатқан тас көрдім,
Тұзсыз
піскен ас көрдім.
/Диірмен
мен ұн/.
Дария
күркірейді көбік атып,
Әркім-ақ
іздеп барар жүгін артып,
Дарияның
әрі-бері өткелі жоқ,
Біреуі
келген емес тірі қайтып.
/Диірмен,
бидай/.
Бір
топ қой бір көпірден өтіп жатыр,
Астында
бір қобдиға кетіп жатыр,
Өзгеріп
заңдары да басқаланып,
Будалап
әрбір жоққа жетіп жатыр.
/Диірменге
түскен бидай/.
Есік,
Ортасы
тесік.
/Құдық/.
Өзі
тоқ,
Көлеңкесі
жоқ.
/Құдық/.
Өзі
бар,
Көлеңкесі
жоқ.
/Құдық/.
Дүниеден
бір құжыра көресің бе,
Жалғыз
көзі көрінер төбесінде?
Өзіне
барған мақұлық құр қайтпайды,
Жаны
жоқ қимылдауға денесінде.
/Құдық,
су алу/.
Салбыратып
салдым,
Тамшылатып
алдым.
/Қауға/.
Ашықса
құлайды,
Тойынса
жылайды.
/Қауға/.
Ұзын
құйрық сауысқан,
Бір
көлдің суын тауысқан.
/Қауға/.
Құс
бар өзі жансыз, бауы аспанда,
Кетеді
айқайласып тау асқанда,
Қасымда
аңдып тұрған бір адам бар,
Кетеді
іліп алып жанасқанда.
/Қауға/.
Құдыққа
мың қойым түсіп кетті,
Манақбай-санақбайымен
түсіп кетті.
/Қауға/.
Су
тамнан суырып алдым.
/Қауға/.
Бір
нәрсе басы төмен, бауы аспанда,
Құс
келер бір адамға тау асқанда,
Бір
адам қарсы алдыңда уәзір боп тұр,
Кетеді
іліп алып жанасқанда.
/Қауға/.
Қырық
кез оқ,
Қарағай
садақ,
Қырық
дуадақ,
Бір
арықтан су ішеді.
/Шығыр/.
Үй
артында бүкір терек,
Күресуге
кісі керек.
/Иінағаш/.
Бір
құс бар басы төмен бауы аспанда
Көзінен
жас ағады тау асқанда.
Өзінің
аңдып тұрған бір жауы бар,
Кетеді
іліп-алып жанасқанда.
/Қауға
шелек/.
Боз
атым кетті қамшылап,
Тұра
алмас оған жан шыдап.
Кіреді
де шығады,
Басынан
суы тамшылап.
/Қауға
шелек/.
Болғанда
басы біреу, көпті тісі,
Сабақтап
есіп қойған өткір ұшы.
Ертеден
шөп жесе де бір тоймайды,
Томпайып
көрер көзге шықпайды іші.
/Орақ/.
Бір
бұтақ,
Бір
бұтақта
Төрт
бұтақ.
/Айыр/.
Төрт
мүйіз, бір құйрықты,
Тындырады
бұйрықты,
Көктен
бөрік киеді,
Көктен
таулар үйеді.
/Айыр/.
Бір
дәу жалғыз тұрып қарғылдайды,
Қызметін
екі жендет бар қылады.
Ысқырып
қызыл жалын шыға келсе,
Келдекпен
бір-ақ ұрып дал қылады.
/Күрек/.
Жұмылмайтын
жұдырық,
Бүгілмейтін
білек.
/Күрек/.
Алғашқы
темір саптаған,
Жұқартып
ептеп баптаған.
Керек
қылар диқаншы,
Нағыз
керек кезінде,
Сат
десең де сатпаған.
/Кетпен/.
Ойдым-ойдым,
ойдым жер,
Ойдым
жердің шөбін жер.
Жабағылы
көк қойды,
Жалбыратып
қасқыр жер.
/Қырықтық/.
Ұзыны
ұзын жатқан,
Балалары
түзу жатқан.
/Мәтке/.
Тұтам
ағаш тау жайлаған.
/Мұрындық/.
Отырған
жері ой-шұңқыр,
Басқан
жері бай-шұңқыр.
Алдымда
қылқан,
Артымда
қылқан.
/Ер,
үзеңгі, аттың жалы, құйрығы/.
Екі
темір, бес ілгек,
Ортасында
селкілдек.
/Жүген/.
Бір
нәрсе бес буынды, тиегі бар,
Темірден
салбыраған иегі бар,
Болғанда
бірі қолда, бірі белде,
Адамға
әрқашанда керегі бар.
/Жүген/.
Балдыр-балдыр
басынан алыпты,
Тәңірберген
тамағынан алыпты,
Құдайберген
құйрығынан алыпты,
Ең
мықтысы белінен алыпты.
/Жүген,
сағылдырық, құйысқан, тартпа/.
Алдында
екі аяғы,
Артында
бір аяғы.
/Шідер/.
Жәндікке
барып жабысар,
Асаумен
де алысар.
Бағыт
сілтеп адамға
Көмекші
болып алысар.
/Жүген,
ноқта/
Бір
нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ,
Қолы
бар, белі нәзік, кеудесі жоқ.
Тамаша
ұстағанын жібермейді,
Әркімнен
қуаты артып, көңліне тоқ.
/Шідер/.
Аттан
биік, иттен аласа.
/Ер-тоқым/.
Отырса
аттан биік,
Тұрғанда
аласа.
Ойлап
көріңіз,
Бұл
не деген тамаша?
/Ер-тоқым/.
Ұзын
еді кестім,
Қысқа
еді керттім,
О
қылдым, бұ қылдым,
Көтіңе
үлгі қылдым.
/Ер/.
Ұзын
еді кестім,
Жуан
еді жондым.
Құдай
мұндай қылар ма,
Отыруға
ыңғайлы болар ма?
/Ер/.
Таппақ,
табыспақ,
Тай
үстіне жабыспақ.
/Құйысқан/.
Отырғаным
оба жер,
Басқаным
бақыр шанақ.
/Үзеңгі/.
Кішкене
ғана тостаған
Лақтырып
мені тастаған.
/Үзеңгі/.
Тептім,
терекке шықтым.
/Үзеңгі/.
Аяғыңнан
алады,
Көтеріп
жерден салады.
/Үзеңгі/.
Білесің
ғой жарты айды,
Міне
осындай төрт айды.
Екі
он екі шеге геп,
Қойды
тасқа шегелеп.
/Таға/.
Жүгіріп
келе жатып,
Шақшам
түсті.
/Таға/.
Бір
күмбездің ішінде мың күмбез.
/Таға/.
Бір
нәрсе бес буынды тиегі бар.
Темірден
салбыраған иегі бар,
Болғанда
бірі қолда, бірі белде
Адамға,
атқа да керегі бар.
/Жүген/.
Бір
нәрсе бес бөгенді, тиегі бар,
Темірден
салбыраған иегі бар.
Болғанда
бірі қолда, бірі белде
Адамға
әрқашанда керегі бар.
/Жүген/.
Бір
қыздың жүз жиырма түймесі бар,
Бес
аспап дөңгелексіз күймесі бар.
Құдайдың
құдіретін қарап тұрсаң,
Астында
төсек, үстінде көрпесі бар.
/Күмістелген
ер-тоқым/.
Жансыздан
алты жігіт дос болыпты,
Бөгдеден
біреу келіп еш болыпты.
Мұрнын
тесіп өткізіп тұйық бұйда,
Жетектеген
адамдар хош болыпты.
/Қамшы/.
Желе-желе,
желе келе,
Қамқа
тонын піше келе,
Қандан
суын іше келе.
/Қамшы/.
Мәулім-мәулім
бастан,
Орта
мәулім төстен,
Құлама
ет құйрық ұстайды,
Ең
жаманы бақай ұстайды.
/Аттың
жүгені, айылы, құйысқаны және тұсауы/.
Бауырым
баштар,
Ала
бауыр тоштар.
Құламет
құйрық ұстар,
Пайғамбар
паш еткізер.
/Аттың
саймандары/.
Бір
нәрсе иілмейді күйеу дейін,
Болады
қанша жанға сүйеу дейін.
Бармақтай
басқан ізі сол хайуанның,
Басады
аттап-аттап түйе дейін.
/Таяқ/.
Басқан
жері бармақтай,
Аттаған
жері атандай.
/Таяқ/.
Бойы
түйедей,
Қзі
түймедей.
/Таяқ/.
Барады
да барады,
Теңгедей
жерді алады.
/Таяқ/.
Пышақ
емес, біз емес, кетпен емес,
Шот
емес, темір емес, сабы бар.
Саптағанның
жаны бар,
Тұтамнан
асқан сабында,
Жалғыз-ақ
бау табылар.
/Бұйда/.
Қолы
төрт, аяғы екеу, белі бір кез,
Ешнәрсе
оған тура келмейді кез.
Қолына
түскен жанды жібермейді,
Оншама
кетпейді де, жүгіріп тез.
/Шідер/.
Албыр-жалбыр
бір тамыр.
/Көген/.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ