КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Жүрген ортамыз, араласқан таныстарымыздың ішінде қазақ бола тұра, өз тілінде сөйлей алмайтындар (немесе сөйлегісі келмейтіндер) баршылық. Сондықтан бекер табалай бермей, мәселенің түпкі тамырынан қарап, төтесінен сұрауға ниеттендік. Сұрадық та. Орыс тілді қандастарымызға дәл жазбамыздың атауындағыдай сұрақ қойылды. Елуден астам жауап берушілердің айтқандарын бір арнаға тоғыстырып, көп кездескен үш жауапты арнайы алдық.

 

Сонымен: «Сіз қазақ тілін неге үйренбейсіз?»

 

1-жауап: «Қазақ тілі бүгінгі заманның сұранысына сай жауап бермейді. Олай болса мен не үшін күш кетіріп,уақытымды босқа өткізу керекпін?» 

Бұл жауап өзін-өзі ақтап алу сияқты көрінеді. Бұл тілде өзі сөйлемесе де, ертеректе оның әкесі, атасы, бабасы сөйлегені рас. Әр азаматтың халық алдында парызы болса, туған тілінде сөйлеу сол бір парыздың бірі деп санаймын. Ал заманға сай өзектілікті сылтау етіп, өзінің безбүректілігін, жалқаулығын ғана көрсетеді.

 

2-жауап: «Бүгінгі күні қазақ тілін үйрететін тиімді әдіс жоқ».

Бұдан артық қисынсыз сылтауды естімепсіз. Біз тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілі қазақ тілі емес пе? Қазақ тілінде сайрап тұрған теледидар мен радио бар, тіпті керек десеңіз қарапайым халықтың өзі қазақша сөйлемей ме? Тілді үйреніп «Абай жолы» дәрежесіндегі роман жаз деген ешкім де жоқ. Қарым-қатынас жасай алсаң, ойлап тұрғанынды жеткізе алсаң болғаны.

«Тиімді әдіс болмай тұр» дегені «бір ұйықтап тұрып бәрін де үйреніп кетсем екен ғой» деген қиялы арманға ұқсайды. Яғни, «дайын асқа тік қасық».

Қазақ тілі өзге халықтарының тілінен еш өзгешілігі жоқ. Ағылшын, неміс тілдерін үйреніп кетуге болатындай, шыныменен тырысып, қара терге түсуден қорықпай еркін меңгеріп алуға болады.

 

3-жауап: «Қазақ тілін үйрену маған не береді? Жалақым өсе ме? Жұмысым өрлей ме?».

Енді қалғаны саудаласу ғана еді. Ұлттық деңгейде, тіпті керек десеңіз жер бетінен қазақ деген халықтың жойылып кетуі тұрған кезде (артық сөз емес, ондай қауіп шынымен де бар) жеке басының қамын ойлап, өзінің ғана пайдасына қарайтын адамдарға жанын ашығаннан басқа ештеңе айта алмайды екенсің.

Осылайша қазақ тілі өзінің негізгі қолданушыларына керек емес екен. Бұл топтың өкілдері өзінің ата мұрасы, ұлттық сипаты болып табылатын тіліне, ұлттық мұрасына деген немқұрайлық деп білеміз. Бұдан бір ғана қорытынды шығаруға болады – әр адам өз ұлттық тілінде сөйлеу үшін қазақи санасезімінді қалыптастыру керек.

Айтып отырған барлығы ішкі тәуелсіздікке байланысты. Ішкі тәуелсіздік дегеніміз еркіндік. Ешкімге, ештеңеге қарамай өз елінде, өз жерінде еркін өмір сүру. Құлдық санадан арылып, өзінің кім екеніңді, кім болғаныңды және кім болатыныңды ойлану.

namys.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика