КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Байқаудың мақсаты жас мамандарға қолдау көрсете отырып, тіл мәдениетін көтеруге ықпал ету, мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Жалпы талаптарға сәйкес байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 21-30 жас аралығындағы жиырмаға жуық мемлекеттік қызметшілер қатысты. Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы Б.Қалымбет, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Ермекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Шет тілдер кафедрасы меңгерушісінің м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Р.Озғамбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Орынханова байқаудың қазылар алқасының құрамында талапкерлердің біліктілігін бағалап, әділ бағасын беруге атсалысты.

Алматы қаласының алты ауданынан жиналған үміткерлер үш кезең бойынша конкурс межесінен өтулері керек болды. Әр жауапқа үш минут уақыт берілді. Бірінші кезең - «Тұсаукесер». Мұнда қатысушылар жеребе барысында алған нөмірлеріне сәйкес тапсырылған сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді. Екінші, «Өнертанымда»  өз таңдауы бойынша ағылшын тілінде ән айтып, көркемсөз оқып, өнерлерін көрсетті. Ал «Елтанымда» қатысушылардан белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тарапынан қойылған сұрақтарға орыс тілінде жауап беру талап етілді.

Озық шыққан жеңімпаздар қатарында Бостандық ауданы атынан шыққан Абзалбек Әділхан байқаудың бас жүлдесіне ие болса, І орынды Әуезов ауданынан Кенебай Толғанай, ІІ орынды Медеу ауданынан Ахметов Айдос, ІІІ орынды Наурызбай ауданынан Қарабалаев Қайрат еншіледі. Кестелі ой аталымында Еңсебай Гүлназ, өнерлі өрен аталымында Күмісбаева Гүлбазар жеңімпаз деп танылды. Ерекше жауаптары мен өнерлері үшін Сәкенов Әлішер мен Жылқайдаров Айдар ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқау барысында қатысушыларға алдын ала әзірленген аудио және бейне материалдарды қолдануына мүмкіндік берілді.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 925 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2123 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2859 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2625 0




28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 207129 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 191937 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 123947 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика