КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту  және ономастика бөлімі Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Мен қазақша сөйлеймін» атты қалалық акциясын  өткізді.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді қала тұрғындары арасында насихаттау, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін арттыру, нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.

Акция 21-25 қазан аралығында Алматы қаласының ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық орындарында жүргізілді. Атап айтсақ, «Mega Alma-Ata» сауда және ойын-сауық орталығында,  Достық даңғылында, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында, Жібек жолы даңғылында (Арбат) және Абай даңғылының бойында ұйымдастырылды. Акцияға барлығы 200-ге тарта өзге этнос өкілі қатысты.

Қатысушыларға ҚР маңызды даталар, Қазақстан тарихы, көрнекті тұлғалар, мақал-мәтелдер, әндер, күйлер, ақын-жазушылардың шығармашылығы және т.б. туралы сұрақтар қойылды. Қала тұрғындары мен қонақтары  акция кезінде белсенділік танытып, қазақтың халық әндерін шырқап, ұлттық билерін де билеп берді.  Акцияға қатысқан ең жас қатысушы 9 жаста болса, ең үлкен қатысушы 60 жаста болды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды және қазақ тілін жетік меңгергендер арасында күн сайын бір ірі сыйлық ойнатылды. Басты жүлде бірінші күні Абай Құнанбаевтың өлеңін оқып берген жас қатысушыға берілсе, үшінші күні екі сыйлық  қазақтың халық әнін орындап берген екі қатысушыға берілді, ал төртінші күні ҚР мемлекеттік Гимнін шырқаған қатысушыға берілсе, бесінші күні «Атамекен» әнін орындап берген өзге этнос өкіліне табысталды.



Акция нәтижесінде қазақ тілін меңгерген өзге этнос өкілдеріне қолдау көрсетілді және мемлекеттік тілді меңгеру қала тұрғындары арасында насихатталды. Жобаны ұйымдастырушылар Алматы қаласындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысты.

 



Возможно, это изображение 3 человека, люди учатся и текст


Орындаушы: Мәдина Исенбай (87754651834).


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 928 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2126 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2859 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2627 0




28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 207129 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 191940 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 123950 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика