THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» атты конференция өтеді
Авторы: MTDI
14/11/2019 09:42 0 7442 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық конференция өткізеді.
Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында көрсетілген мемлекеттік тіл саястын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында өткізіледі.
Конференция барысында жаңа әліпби мен емле ережелеріне қатысты ғылыми-теориялық және әдістемелік мәселелер, латын әліпбиін меңгертудің тиімді әдістемесі, жаңа емле ережелеріндегі өзекті мәселелер, әліпби ауыстырған түркі тілдері емлесінің қалыптасу, жетілу жолдарын саралау туралы талқыланады.
Конференцияда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры Нұргелді Уәли «Жаңа орфографиялық ереженің лингводидактикалық негіздері», Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Таңат Аяпова «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің әдістемелік бағыттары», Ұлттық аударма бюросының редакторы Есей Жеңісұлы "Жаңа әліпби: баспасөзде қолдану ерекшеліктері", А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Айнұр Сейітбекова «Кірме сөздердің әзербайжан емлесіндегі жазылымы», Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Жазира Ағабекова «Шет тілінен енген жалқы есімдердің игерілуі (Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан)» және т.б. тақырыптарында баяндама жасайды.
Конференцияның секциялық отырысында Ескендір Тасболат, Манас Сапарбаев, Абзал Мырзаш, Нұрлан Түлтебаевтар ұсынған әліпби жобалары авторлардың тікелей қатысуымен ғалымдар тарапынан талқыланып, сараланады.
Аталған іс-шараға елімізге белгілі ғалымдар, сондай-ақ латын графикалы қазақ тілі әліпбиіне қызығушылық танытушы барлық тіл жанашырлары шақырылады.
Нәтижесінде конференцияға ұсынылған материалдар негізінде жинақ шығарылады.
Байланыс телефоны: 8(7172) 27-71-33
8 747 853 3467
8 701 897 50 47
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ