КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылы 8 қарашада «Латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби жобалары» атты Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтарының біріккен семинар кеңесі өтті.

Семинар кеңес – қоғам мүшелері мен жекелеген авторлар тарапынан ұсынылған әліпби жобаларын ғалымдар мен сарапшылар талқысына салуды мақсат етті. Қазақ жазуының орфографиялық принциптеріне сүйене отырып ұсынылған жобалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараланып,қорытынды жасалды.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, Тіл саясаты комитетінің төрағасы, «Нұр-Отан» халықтық партиясының «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелері, қоғам қайраткерлері,Сенат депутатты және Орфографиялық, Әдістемелік жұмыс тобының мүшелері мен сарапшы ғалымдар, сондай-ақ талқыланатын әліпби жобаларының авторлары қатысты.

Семинар барысында «Bailatyn», «Kazak Grammar», «Q.Vanov», «J.Temirgali» әліпби жобалары Орфографиялық, Әдістемелік жұмыс топтары талқылады.

Талқылауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Қазақ ұлттықпедогогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унверситеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемелекеттік университеті, Назарбаев Университеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ғалымдары мен ITмамандар өз пікірін білдірді.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 925 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2121 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2859 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2624 0




28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 207129 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 191935 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 123945 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика