КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 2023 жылғы 12 желтоқсан күні «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарда жаһандық ғылыми-технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып, қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың жолдарын жетілдіру мәселесі талқыланды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Шерубай Құрманбайұлы ұлттық ғылым тілін дамытудың негіздеріне жан-жақты тоқталса, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова ұлттық тілдегі ғылыми сананы дамытудың маңызы жөнінде айта келіп, өз ұсыныстарымен бөлісті.

«Тіл-Альянс» клубының өкілі, философия ғылымдарының кандидаты Қанағат Жүкешев  әдеби нормалар мен стандарттарды дүниежүзілік тенденция тұрғысынан талдаса, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Нартай Әшім цифрлық кеңістікте қазақ тіліндегі ғылым тілін қалыптастыру мүмкіндіктері жайында сөз сөйледі.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Нұрзия Әбдікәрім ғылыми мәтінді автоматтандырудың өзекті мәселелері мен ерекшеліктері туралы сөз қозғады.

Өз кезегінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Шапағат Жалмаханов ғылым тілін қалыптастырудағы терминжасам жұмысын жүйелендірудің маңыздылығына тоқталды. Нархоз Университетінің аға оқытушысы Анар Сатыбаева қазіргі академиялық ортаның тілдік әлеуетіне әлеуметтанулық талдау жасау мәселесіне баса назар аударды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов ғылыми-әдістемелік семинар жұмысын қорытындылай келе, ғылым тілін жетілдіру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар семинарға жоғары оқу орындарының өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 942 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2134 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2864 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 207149 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 192007 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 124020 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика