THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Сәрiнжiповке салсаңыз,
ағылшын тiлiн бiрiншi сыныптан оқытып, қазақ тiлiн қысқартып тастамақ
Меруерт
ХУСАИНОВА
Биыл бiлiм
саласына 1,5 триллион теңге бөлiнбек. Осы туралы сөз еткен президент
қазақстандық мектептердiң қазiргi жағдайына да тоқталды. Президент төменде не
болып жатқанынан хабарсыз емес екен. “Шығыс Қазақстан облысында апатты
жағдайдағы 52 мектеп бар, сөйте тұра, 2013 жылы бюджеттен тыс қаржы көздерi есебiнен
1,5 миллиард теңгеге өңiрде бокс және күрес сарайы салынған. Оңтүстiк Қазақстан
облысында апатты жағдайдағы 48 мектеп бар, бiрақ бюджеттен тыс қаржы көздерi
мен жергiлiктi бюджет есебiнен 2012-13 жылдары 500 миллион теңге салтанат
залына бөлiнiптi. Қызылорда облысында апатты жағдайдағы 25 мектеп бар, бiрақ
өткен жылы мұз айдыны құрылысына 1,3 миллиард теңге жұмсалған. Бұл нысандардың
барлығы да халыққа қажет, бiрақ алдымен апатты жағдайдағы мектептердi қалпына
келтiрiп, үш ауысымда оқытуды жою сияқты ең қажеттiлерiн анықтап алған жөн”,–
дедi Н.Назарбаев. Әр облыстағы бiлiм ошақтарының аянышты жағдайынан хабардар
президенттiң әрiге бармағанын қалай түсiнуге болады? Мәселен, Шығыс Қазақстан
облысындағы 52 мектептiң апатты жағдайда екенi бұған дейiн де талай рет
айтылып, жазылды. Соған қарамастан, облыстың атқамiнерлерi сарайлар салуға күш
жұмсаған. Оқушыға жағдай жасаудың орнына жылтыраққа әуес әкiмқараның бұл
әдетiне кiм тыйым салуға тиiс едi? Әрине, президент. Бiздегi кез келген
шенеунiктi ықтыратын да, құрдай жорғалататын да жалғыз президент емес пе?!
Соған қарамастан, пәлен жылдан берi көбеймесе, азаймаған бiлiм саласындағы
проблемаларға президенттiң көңiл аудармауының мәнi түсiнiксiз. Бұрынғы министр
Бақытжан Жұмағұловтың тұсында былығы молайған бiлiм саласын А.Сәрiнжiповтiң
реттеуiне күмән басым. Себебi, президенттiң қабылдауынан шыға салып-ақ, бiлiм
және ғылым министрi ескi жараның аузына тұз құйғандай еттi.
Түсiнiксiз реформадан жалықпайтын ведомство 2015 жылдан бастап iске асырылатын 12 жылдық бiлiм берудiң стандартын жасап, мәжiлiске алып келдi. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң “жаңалығы” мәжiлiсшiлердiң қарсылығын оятып, түсiнiспеушiлiк тудырды деп хабарлайды “КТК” арнасы. Бұдан былай 1-сыныптан бастап ағылшын тiлi мiндеттi пән ретiнде оқытылмақ. Дәл қазiргi кезде шетел тiлi мектептерде тәжiрибе жүзiнде оқытыла бастағаны мәлiм. Осыған байланысты вице-министр Есенғазы Иманғалиев: “Жаңа стандарт оқушыларды өз бетiнше iзденуге, қоғамда еркiн қарым-қатынас жасауға үйретедi. Бұл бағдарлама арқылы болашақта үш тiлдi ұрпақ тәрбиелеп шығаруға мүмкiндiк бередi”, – дегендi алға тартты. Бұрынғы бiлiм саласының мамандары, қазiргi мәжiлiсшiлер ағылшын тiлiн 3-сыныптан бастап оқытудың кеш емесiн айтып, қазiргi жаңа бағдарламаға қарсылықтарын бiлдiрдi.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ