КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпараттық хат

Авторы: MTDI

03/03/2018 13:47   0   6565   0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қадірлі әріптестер!

Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың 80 жылдығына орай  2018 жылдың  29 наурызында  университетте  «Ұлы Даланың  тілдік және рухани кеңістігі: өткені мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялар):

·         Қазіргі тілдік ахуал және Қазақстан мен әлемдегі тіл саясаты.

·         Тарихи-мәдени даму үдерісіндегі ұлттық тіл.

·         Латын графикасына көшу: қиындықтары мен шешу жолдары.

·         Оқу орындарында мемлекеттік тілде кәсіби білім берудің өзекті мәселелері.

·         Әлемдік рухани құндылықтар - мәдениетаралық ықпалдастықтың негізгі көзі.

·         Жаһандану жағдайындағы қазақ, орыс, әлем әдебиетінің мәселелері.

·         Қыздар университеті - маман даярлаудағы іргелі классикалық ұстанымдар мен жаңа білім беру технологиясын үйлестіруші.

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын және түркі тілдерінде жүргізіледі. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, республиканың жоғары және орта оқу орындарында еңбек ететін ғалымның шәкірттері қатысады деп күтілуде.

Тіркеу 2018 жылы наурыздың 29 күні сағ. 9.00-де Қазақ  мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жүргізіледі. Басталуы сағ.10.00-де.

Конференция материалдары мақалалар жинағы түрінде жарық көреді. Барлық мақалалар 20 наурызға дейін қабылданады. Мақала соңында  қазақ немесе орыс және ағылшын тілдерінде аннотация беріледі. Іріктеуден өткен мақалалар жинақ түрінде баспадан шығарылады. Басылым жұмыстарына 4.000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасы белгіленген.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5 беттен аспауы тиіс, редакторы – WORD, кегль 14. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет, файлдық форматы - RTF. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Мақала тақырыбы ортаға кіші әріппен, жартылай жуан шрифтпен (кегль 14) жазылады; төменірек оң жақта автордың аты-жөні, жартылай жуан шрифтпен (кегль 14), ғылыми атағы пен дәрежесі, астына курсивпен жұмыс орны, қала, мемлекет, көрсетіледі (кегль 12). Парақ параметрлері: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ – 30 мм, оң жақ – 15 мм. Жоларалығы – 1,0 интервал.  

Мақалалар мына мекен-жайда қабылданады:

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, 222-кабинет, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі  кафедрасы.

Жауапты қабылдаушылар: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,  Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі  кафедрасы, Отарбекова Жәмила Керімбайқызы, ұялы тел.: 8 707 728 98 55. Абдирасилова Гүлмира Қалыбайқызы, ұялы тел.:  8 701 329 75 63. Кафедраның эл. поштасы  e-mail: ktbk777@mail.ru.

 Реквизиттері: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

                                 («Конференция. С.М.Исаев» деген белгімен)


РГП на ПХВ «КазГосЖенПУ», 050000 г.Алматы, ул. Айтеке би, 99

БИН 990240005438

ИИК KZ61826A1KZTD2025263 AO ATФ Банк

БИК ALMNKZKA

KБЕ 16

г.Алматы, ул.Айтеке би, 99. тел/факс 8 (727) 3859320

 Конференцияға қатысушының мәліметі:

 

Аты-жөні (толығымен)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Ғылыми атағы, дәрежесі

 

Секция

 

Мақаланың тақырыбы

 

Мекен-жайы (мемлекет, қала)

 

Оқу орны, кафедрасы

 

e-mail

 

Телефон

 

Қысқаша аннотация (2-5 сөйлем)

 

Қонақ үй (керек болса)

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 925 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2121 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2859 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2624 0




28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 207129 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 191935 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 123945 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика