THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы 2018 жылы 30 мамыр күні Алматы қаласы,
«Оқушылар сарайы», ғимаратында
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында үш
тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл
шебер» қалалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: үш тілді қазақ,
орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді
анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау.
Байқау төрт
кезеңнен тұрады.
«Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде
жауап беру (3 мин);
«Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс
тілінде жауап беру (3 мин);
«Елтаным» – қазақ елі, оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру
(3 мин).
«Өнертаным» – өз таңдауы бойынша ән айту, көркемсөз оқу, билеу және т.б. өнер көрсету
(3 мин).
Байқауға орталық мемлекеттік органдардың 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік
қызметшілері қатыса алды.
Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:
Бас жүлде – Боданова Алмагүл
І орын – Аханова Жанар
ІІ орын – Ибадулла Әйгерім
ІІІ орын – Есмағамбетова Жұлдыз
Байқау
шарттары бойынша «Кестелі сөз» және «Кемел ой» деген екі номинация белгіленген
болатын. Оны Жылқыайдаров Айдар мен Жапбар Ләйла иеленді. Ал, Саулан Қазына пен
Әнуарбек Ерсін ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Боданова
Алмагүл Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының
намысын қорғайтын болады.
Олимпиадаға
құрметті қонақ және көрермен ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері,
ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың
жетекшілері мен БАҚ тілшілері және студент жастар мен оқушылар қатысты.
Ұйымдастыру комитеті
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ