КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

                КӨҢІЛ АЙТУ

 

        Мемлекеттік тілді дамыту институты белгілі түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық Түріктану орталығының президенті Ерден Задаұлы Қажыбекке өмірлік серігі Ғалия Олжабайқызының дүние салуына байланысты қайғыра көңіл айтады.

        Ғалия Олжабайқызы – ұстамды мінезімен, адамгершілік болмысымен, жоғары мәдениетімен ел-жұртының, ұрпағының құрметіне бөленген асыл жан еді. Ол Ерекеңнің ғылым жолындағы жетістіктеріне демеу болып, отбасының берекесін келтіріп, екі перзент тәрбиелеп, парасатты жар, мейірімді ана, айналасына ізетті жан бола білді. Асыл жанның өмірден өтуі – Қажыбековтер әулеті үшін ғана емес, Ерекеңді танитын барша тілші қауым үшін орны толмас ауыр қаза.

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын.

Рухы пейіште шалқысын.

Отбасы мен туған-туыстарына Алла тағала сабыр берсін.

Ереке, мықты болыңыз, қайғыңызға ортақпыз.

 

 

Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұжымы


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















ТЕКСТ

Яндекс.Метрика