КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аманжолов Алтай Сәрсенұлы — 1934 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1957 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін түркі филологиясы мамандығы бойынша, 1963 жылы ММУ аспирантурасын бітірген. Түркі филологиясы мен тіл білімі бойынша 200-ге жуық еңбегі жарияланды, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 7 монография, ағылшын және түрік тілдерінде бірнеше басылымдары шетелдерде басылып шықты, филология факультетінің қазақ бөлімдеріне арналған 3 оқу құралы бар. Орта мектептің сегізінші сыныбына арналған қазақ тілінің жаңа оқулығы (бірлесіп жазылған) дайындалды. Еңбек ардагері медалімен (1988 ж.), Құрмет орденімен (1999 ж.), Экономикалық ынтымақтастық ұйымының халықаралық сыйлығымен марапатталған (Тегеран, 2000 ж.).

Өмірбаяны

Алтай Аманжолұлы - Ұлан ауданының шыққан атақты қазақ тілі танушы тюрколог Сәрсен Аманжоловтың ұлы, 1934 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы (1903-1958) филология ғылымының докторы, профессор, қазақ және түрік тілінің атақты маманы болған.1952 жылы Алматы қаласының №33 орыс орта мектебінің алтын белгімен бітіргеннен кейін филология факультетінің шығыстану бөліміне түседі. А.Аманжолов жылы Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің (ММУ-нің шығыс тілдері институттың) түрік филология мамандығы бойынша бітіріп, осы жерге аспирантураға түседі. 1963 жылы Ежелгі түрік жазбаларының ескерткіштеріндегі баяндауыштың басқаруы тақырыбы бойынша кандидатық диссертация қорғады. 1957-1960 жылдары және 1964 жылы Қазақстан ССР-нің ғылыми академиясында кіші ғылыми қызметші болып жұмыс істеді. 1966 жылдың маусымында Қазақстан ССР-нің жоғары және орта арнаулы білім Министрлігі Қазақстандық мемлекеттік әйелдер институтының қазақ тілі кафедрасына жіберіледі. Осы институтта аға оқутышысы, доцент, профессор,кафедра меңгерушісі болып 1979 жылға дейін қызмет атқарады. А.Аманжолов – Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінің профессоры, 1979-1995 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 1995 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры. А.Аманжолов ірі тілші, түрік тілдерінің салыстармалы тарихи грамматикасының, ежелгі түрік жазбасы тарихының маңайындағы білгір маман. Түрік филологиясы және тіл білімі бойынша екі жүзден астам еңбектері жарияланған. Соның ішінде, 5 монография орыс және қазақ тілінде, бірнеше еңбектері шетелде ағылшын және түрік тілінде жарияланған. Негізгі еңбектер: Ежелгі түрік жазбаларының ескерткіштеріндегі баяндауыштың басқаруы. 1969 жылы Ежелгі түрік жазбаларының ескерткіштеріндегі баяндауыштың басқаруыатты монографиясын мамандар өте жоғары бағалаған. А.Аманжоловтың 1975 жылы қорғаған "Ежелгі түрік жазбаларының зерттеулері мен материалдары" атты докторлық диссертациясы іргелі ғылыми еңбек, көп жылғы ізденесінің нәтижесі. 1980 жылы Лениградтық мемлекеттік университетінде жалпы тіл білімі мамандығы бойынша ФПК-сын бітіреді. Қытай мемлекетінің Пекин университетінде ғылыми сынақтан өтеді. 1988 жылы Пекинде басылып шыққан "Бабалар сөзі" атты кітабы (қазақ тілінде) ежелгі түрік жазбасын зерттеуге арналған. 1993-1994 оқу жылдарында ғылыми іс сапарымен Түркияға Трабзон қаласындағы Черномор техникалық университетінде қазіргі қазақ тілі және түрік тілінің салыстырмалы грамматикасы бойынша дәріс оқиды. 1994 жылы Трабзон қаласында түрік және қазақ тілінде Жалпы асыл мұраатты кітабы басылып шықты. Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама оқыған, 17 филология ғылымының кандидаттарын дайындаған. 1978 жылынан бастап профессор, 1990 жылынан бастап Қазақстанның мәдени және тарихи ескерткештерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі, 1995 жылдан бастап ғылыми академиясының нақты мүшесі (академик). 1988 жылы Еңбек ардагері медалімен, 1999 жылы Құрмет орденімен, 2000 жылы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық премиясымен марапатталған.

Өзекті мақалалары

1. Ақыртастағы құпия жазу

2. Керей Тұғырыл ханның ордасына қазба жұмыстары жүргізілді

3. Асылымызды ардақтайық

4. Еліңе қызмет ету - бақыт

5. Древняя алфавитная письменность тюркского мира

Сұхбаттары

1. Алаңдатқан арманым еді...

Ол туралы

1. Алтай Аманжолов

2. Көне түркі жазуын сөйлетуші ғалым (Алтай Сарсенұлы Аманжолов 75 жаста)

3. Қазақтың біртуар ғалымы Алтай Аманжолов дүниеден озды

4. Умер величайший тюрколог современности Алтай Аманжолов

Еңбектері

1. Қазанама // Президент және Халық, - 2012, - 12 =қазан (№24), - 6=б.

2. Комсомол жұмысын қайта құру мәселелері: Жетекші материалдар жинағы / Ауд.: Б.Әліманов, А.Аманжолов. Қызылорда, «Қазақстан» баспасы, 1935, - 84=б.

3. Көне түркі жазуын сөйлетуші ғалым// Алаш, - 2009, - №2, - 138-139=б.

4. Қазақстан ғылымы: энциклопедия. 2-том. Қ-Я / бас, ред. Б.Жақып; редакция мүш.: Ґ.Айтбаев, Н.Айтхожина, А.Аманжолов ж.б. Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 2010, - 544 бет

5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Әдебиет және лингвистика (5000-нан астам термин) Сөздік / авт. О.Айтбайұлы, А.Аманжолов ж.б. Жалпы ред.басқ. А.Құсайынов. Алматы, «Рауан», 2000, - 282 бет

6. Сәрсен Аманжолов және қазақ фольклоры: Зерттеулер, фольклор материалдары / Жауап. ред. әрі құраст. А.Аманжолов, Алматы, «Ғылым», 2004, - 336 бет

7. Сәрсен Аманжоловтың басылған еңбектерініѕ тізімі / Құраст. А.Аманжолов// Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, - 2009, - № 1, - 18=б.

8. Шығыс филологиясының мәселелері / Редколл.: А.Дербисалиев, А.Керимов, А.Аманжолов ж.б. Алматы, 1985, - 136 бет

9. Алаңдатқан арманым еді!.. [Түркі тілі, филология ғылымының докторы, профессормен сұхбат /Әңг. Ә.Қайран] // Қазақ әдебиеті, - 1994, - 21=қазан (N42), - 6=б.

10. Анам қазақша мақалдап сөйлейтін: ғалымның өмірі мен шығармашылығы жөніндегі сыры// Парасат, - 2005, - N 7, - 25-27=б.

11. Древняя алфавитная письменность тюркского мира// Простор, - 2013, - № 2, -167-182=б.

12. Еліңе қызмет ету – бақыт: Автор өзінің өмір белестерінен сыр шертеді// Тәрбие құралы, - 2005, - N 2, - 71-74=б.

13. Енисей ойма жазулары// Қазақ тілі: энциклопедия. Алматы, 1998, - 306-307=б.

14. Жоғары тіл мәдениеті мен білім өрісінің көрсеткіші [Моңғолиядағы Қазақстан тарихына байланысты көне түрік жазба ескерткіштері жайлы]// Ана тілі, - 1997, - 28=тамыз (N 35), - 7=б.

15. Ислам діні мен Тәңіршілдікті бір-біріне қарсы қойып ешкім абырой таппайды / Әңг.М.Әділхан// Алаш айнасы, - 2010, - 18=мамыр (№ 79), - 6=б.

16. К штыку приравняв перо// Казахстанская правда, - 2011, - 21=июня, - 12=б.

17. Карантиндік қызмет – мемлекеттік мәселе: [Қазақстан Респ. Өсімдіктер карантині жөніндегі мем. бас инспекциясының бастығымен аталмыш мекеменің қызметі жайлы сұхбат / Әңг. М.Тоқтағазы] // Егемен Қазақстан, -1998, - 4=қыркүйек

18. Көне жазба ескерткіштерінің құпиясы әлі көп!: Түрколог, профессормен сұхбат /Әңг.М.Тоқашбаев// Қазақстан – ZAMAN, - 2005, - 11=наурыз (N 10), - 8-9=б.

19. Көне жазу сырлары// Қазақ әдебиеті, - 1964, - 7=тамыз

20. Көне жазуларымызға көз тіксек...// Қазақ тарихы, - 1993, - N 1, - 18-22=б.

21. Қазақстан жеріндегі көне жазулар //Жұлдыз, - 1966, - N 7, - 155-160=б.

22. Қосөзен өркениетінен – Қорқыт аңыздарына дейін// Ана тілі, - 2009, - 7=мамыр (№ 18), - 4=б.

23. Осыдан екі жарым мың жыл бұрынғы сақ заманына жататын ескерткіштер бар /Әңг. Д.Анаш// Алматы ақшамы, - 2010, - 17=маусым (№ 75), - 17=б.

24. Өмірдің ұмытылмас белестері// Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, - 2009, - № 4, - 17-20 =б.

25. Өшпес өмір үні. "Қорқыт жыры" дастаны туралы// Жас қазақ, - 1992, - 9=сәуір

26. Семейде 467 сынақ өткізіліпті// Сақшы, - 2011, - 13=қазан (№ 38), - 12=б.

27. Слагаемые победы// Простор, - 2011, - № 8, - 135=б.

28. Слово о тюркских рунах// SHAHAR – Культура, - 2004, - N 3, - 204-211=б.

29. Тіл ғылымының құнды мұрасы ["Санат" басп. жарыққа шыққан С.Аманжоловтың "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" атты кітабы туралы]// Ана тілі, - 1999, - 11=ақпан (N 6), - 13=б.

30. Түркі қағанатының бөрілі байрағы [Көне түркі дәуіріндегі байрақтар туралы]// Заман-Қазақстан, - 1998, - 10=шілде (N 29), - 10=б.

31. Түркі филологиясы және жазу тарихы / Бас ред. Е.Арын; құраст. А.Құдабаев. Павлодар, С.Торайєыров атын. ПМУ, - 2008, - 112 бет.

32. Үлкен ғылыми мекемелердің жұмысы атқарылуда// Алаш, - 2009, - № 3, - 3=б.

33. Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігі=Казахско-русский словарь лигвистической терминологии. Алматы, - 1997, - 86 бет

34. Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігі=Казахско-русский словарь лингвистической терминологии. Өңд., толық. 2-рет басылуы. Алматы, «Қазақ университеті», 1999, - 74 бет

35. Түркі филологиясы және жазу тарихы (оқу құралы) Алматы, «Санат», 1996, - 128 бет

36. Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына// Қаз МУ хабаршысы (Филология сериясы), - 1998, - N 25, - 5=б.

37. Об отсутсвующем наследнике// Юридическая газета, - 2013, - 16=мая, - 3=б.

38. Көне ру таңбаларының мәні// Қазақ тілі мен әдебиеті, - 1998, - N 5-6,- 70-75=б.

39. Возвращение знамени [История тюркского знамени]// DІDAR- Kazakstan, - 1998, - N 2, - 58=б.

40. Графика таласских, енисейских и орхонских надписей// Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: 3. Алматы, - 1971,- 24-33=б.

41. Две рунические надписи с Сыр-Дарьи // Вестник АН КазССР, - 1969,- N 1,- 72-74=б. Ученые записки Хакасского научно-исследовательского института языка, литературы и истории,- 1974,- вып. ХІХ,- 137-140=б.

42. Древнетюркские письмена еврапейского ареала// Вестник КазГНУ (Сер. Филолог),- 2002,- N 5,- 3-5=б.

43. Еще раз об Иртышской рунической надписи// Вестник АН КазССР,- 1967,- N9,- 66-70=б.

44. Илийские рунические рукописи// Вопросы языкознания, - 1969,- N 3, - 147-151=б.

45. Интерпретация некоторых рунических знаков// Ученые записки Тувинского научно-исследовательского института языка, литературы и истории, вып.ХYІ. Тува, 1973,- 163-168=б.

46. К истории тюркского рунического альфавита// Қазақ тілі және әдебиет мәселелері, вып.Y. Алматы, 1974,- 98-100=б.

47. Киелі Меркідегі руникалық жазбалар// Орталық Азия және Қазақстан: Түркі өркениетінің бастауы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері, 25-26=мамыр,- Тараз, 2006,- 1=т, 3-5=б.

48. Мәдени мұрамыздың терең тамырлары // Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі=Роль тюркского мира в диалоге цивилизаций: материалы междунар. науч.-симпозиума (28-29 апреля 2009г.)/ ред. З.Башбаева,- Алматы, 2009,- 28-30=б.

49. Насущные вопросы изучения Орхон-Енисейских надписей// Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер=Древнетюркская цивилизация: памятники письменности. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конф. Материалдары. Астана, 2001 жыл, 18-19=мамыр=Материалы междунар. науч.-теорет. конф.,посвящ. 10-летию независимости РК, г. Астана, 18-19=мая, 2001г.- Алматы, 2001,- 72-74=б.

50. Насущные вопросы изучения Орхоно-Енисейских надписей// Казахстан: ХХІ век,- 2001,- N 3,- 39=б.

51. Незабываемые страницы жизни: профессора филолог. наук// Вестн. КазНУ (Сер. Филологическая), - 2004,- N 6,- 4-9=б.

52. Памятники древнетюркской письменности и их отношение к современным тюркским языкам// Материалы Первой Всесоюзной конференции востоковедов в Ташкенте: 4-11 июня 1957 г. Ташкент, 1958, - 828=б.

53. Руническая надпись на бронзовом кольце (р.Или)// Вестник АН КазССР, - 1971,- N 1,- 64-66=б.

54. Руноподобная надпись из сакского захоронения близ Алма-Аты// Вестник АН КазССР,- 1971,- N 12,- 64-66=б.

55. Солнечный символ тюркской цивилизации// Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі=Роль историко-культурного наследия в диалоге цивилизаций. Материалы Междунар. науч.-теоретич. конф. (10 июня, 2009 г.). Алматы,2009,- 59-60=б.

56. Сын за отца. Беседа с проф.-тюркологом о своем отце - историч. личности С.Аманжолове / Беседовала Г.Рахметова// Известия,- 2003,- 15 марта,- 8=б.

57. Типы уступительных конструкций в турецком и казахском языках: Материалы междунар. науч.-практ. конф. "Культурные и исторические процессы в странах Востока переходного периода". Алматы, 17-18 май 1999г.// Вестник КазГУ (Сер. востоковедения),- 1999,- N 9,- 5-9=б.

58. Түрік тілі. Алматы, 1983, - 105=бет

59. Түркі руникасының тараған аймақтары// Көне түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. "Байырғы түрік өркениеті жазба ескерткіштер" атты халықар. ғыл.-теор. конференцияєа арн. тақырыптық көрме/ Құраст.: Б.Терлікбаева; Орталық ғылыми кітапхана. Алматы, 2001,- 41-43=б.

60. Тысячелетние и бесчисленнодневные...: [Древние рисунки, надписи] // DІDAR- Kazakstan,- 1999,- N 2,- 32=б.

61. Тюркская руническая графика. Алматы, КазГУ, 1985, - 47=б.

62. Тюркская руническая графика (Методическая разработка). Алматы, КазГУ, 1980,- 56=б.

63. Turkce-kazakca deyimler sozlugu=Тїрiкше-қазақша фразеологиялық сөздiк. Алматы, РҚ Ғылым Академиясы, 1999.- 46=б.

64. Глагольное управление в языке древне тюркских памятников. М., «Наука», 1969, - 103=б.

65. История и теория древнетюркского письма / КазНУ им Аль-Фараби. Алматы, «Мектеп», 2003,- 368=б.

66. Казахско-русский словарь терминологии / Каз. гос. нац. ун-т им.Аль-Фараби. Алматы, Қазақ университеті, 1999, - 75=б.

67. Түркі филологиясы және жазу тарихы (Оқу құралы). Алматы, «Санат», 1996,- 128 бет

68. English-Kazakh verbal phraseological dictionary=Ағылшынша-қазақша етістікті фразеологизмдер сөздігі. Алматы, «Қазақ университеті», - 2003, - 52=б.

69. Кенесарының жеңілу себебі. С.Сейфуллиннің қолжазбасынан алынған дерек // Сәрсен Аманжолов және қазақ фольклоры: зерттеулер, фольклор материалдары/ Жауапты ред. әрі құраст. А.Аманжолов. - Алматы, 2004,- 204-206=б.

70. Қазақ тілі теориясының негіздері=Основы теории казахского языка (оқу құралы) / Құраст. А.Аманжолов, Алматы, «Ғылым», 2002,- 368=бет

71. Қазақстанда тілдік ахуалдың ушығуы /Орысшадан ауд.: А.Аманжолов, Ә.Салықбай// Қазақ әдебиеті мемлекеттік тіл,- 2009, - № 1,- 13-14=б.

72. Сәрсен Аманжолов және қазақ фольклоры: зерттеулер, фольклор материалдары / Жауапты ред. әрі құраст. А.Аманжолов, - Алматы, 2004, - 207-211=б.

73. Шежіре-аңыз. Қазақ шежіресіне қосымша // Сәрсен Аманжолов және қазақ фольклоры: зерттеулер, фольклор материалдары/ Жауапты ред. әрі құраст. А.Аманжолов. Алматы, 2004,- 195-200=б.

74. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған байқау оқулығы / С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова. Алматы, «Рауан», 2000, - 200=б.

75. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова. Алматы, «Мектеп», 2004, - 208=бет

76. Қазақ тілі. Синтаксис. Орта мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / С.Аманжолов, А.Әбілкаев, А.Аманжолов. Өңделіп, толықтырылған жиырмасыншы басылымы. Алматы, «Рауан», 1993,- 158 бет

77. К этимологии этнонима терминов turk в орхонских надписях TURK // Алаш, - 2011,- № 2, - 61-44=б.

78. Опыт политико-воспитательной работы в действующей армии / Отв. ред. и сост. А.Аманжолов. Усть-Каменогорск, «Рекламный Дайджест», 2010,- 120=б.

79. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептіѕ 8-сыныбына арналған оқулық / Сарсен Аманжолов, Алтай Аманжолов, Гульбану Қосымова.- 3-бас., Өңд., толықт. Алматы, «Мектеп», 2012, - 208=бет


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 325 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 643 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1038 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1180 0











31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49687 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47428 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 45038 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика