КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шалабай Бердібай 1947 жылы қараша айының 2 күні Өзбекстан Республикасы Қарақалпақ АССР-нің Шоманай ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келді.

Әкесі Жұмағамбет Шалабайұлы, шешесі Рәзия Сатбергенқызы ұзақ жылдар бастауыш мектеп мұғалімдері болып қызмет істеген.

Ол ауданның Шоманай бөлімшесінде М.Горький атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген соң,1964 жылы Алматыда С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсті. 1969 жылы оқуды үздік аяқтап, университеттің аспирантурасына қалдырылады.

Еңбек жолын аспирантураны бітіргеннен кейін 1972 жылы А.С.Пушкин (қазіргі М.Өтемісұлы) атындағы Орал педагогикалық институтына арнайы жолдамамен жіберіліп, педагогика кафедрасында оқытушылық жұмыспен бастайды.

 Ол 1973 жылы филология ғылымының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор М.Балақаевтың жетекшілігімен «Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы синтаксистік құралдардың стилистикалық қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1975 жылы сол институттың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында 1988 жылға дейін доцент қызметінде жұмыс істейді. 1988 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына конкурстан өтіп, қазақ тіл білімі кафедрасында доцент қызметін жалғастырады.

1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі білімі кафедрасына жұмысқа келеді.

1997 жылы филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Р.Сыздықтың ғылыми кеңесшілігімен «Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғайды.

1999-2003 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. 2000 жылы Қазақстан Республикасы жоғары аттестациялық комитетінің бекітуімен профессор атағын алады.

2003-2007 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жалпы тіл білімі және қазақ тілінің тарихы кафедрасының меңгерушісі.

2007-2009 жылдары қолданбалы тіл білімі  және аударма теориясы кафедрасының профессоры.

2009-2010 жылдары әл-Фраби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақ филология кафедрасының меңгерушісі.

2010-2015 жылдары осы кафедраның профессоры.

2015 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің профессоры.

Б.Шалабай ғылым жолындағы ілкі қадамынан-ақ көркем әдебиет тілін дендеп зерттеуге көңіл қояды. Оның алғашқы ғылыми мақалалары «Көркем шығарма тілі  – даралық стиль құбылысы» («Қазақстан мектебі» журналы, 1973, № 3), «Әдеби тіл және көркем сөз табиғаты» (Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабарлары, тіл, әдебиет сериясы,1988, №3) көркем әдебиет тілінің өнер құбылысы ретіндегі өзіндік мәнін, ерекшелігін ашуға, сырын ұғынуға бағытталды. Бұл ізденістері одан әрі «Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту» (Алматы, «Мектеп» баспасы, 1982), «Көркем проза тілі» (Алматы, «Білім» баспасы, 1994) атты көлемді еңбектерінде жалғасты. Мұнда ғалым көркем әдебиет тілі басқа өнер құбылыстарымен бір қатардағы емес, олардан басқаша ендіктегі құбылыс екеніне, қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдің көркем шығарма құралына айналғанда өзгеше иірімге түсіп, жаңаша мәнге ие болатынына көңіл аударады. Оны анықтау үшін «автор бейнесі» ұғымына жүгіну қажеттігін негіздейді және көркем прозадағы авторлық баяндаудың түрліше қабаттардан тұратынын (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы, диалог),  соларды талдау арқылы көркем тілдің ерекше құбылыс ретіндегі өзіндік мәнін ашуға болатынын түсіндіреді. Бұл түсінікке автор орыс филология ғылымының ірі өкілі академик В.В.Виноградовтың ілімін басшылыққа ала отырып келді.

Көркем әдебиет тілін зерттеуді ғалым оны мектепте оқыту ісімен ұштастыра жүргізді. Сол бағытта мақалалар шығарып («Мектепте көркем шығарма тілін оқыту», «Қазақстан мектебі» журналы, 1978, №1), 1982 жылы Орал қаласында өткен Республикалық семинар-кеңесте баяндама жасады («Көркем шығарма тілі және оны мектепте оқыту мәселелері», «Қазақстан мұғалімі» газеті, 29 қазан, 1982).

Ғалым Б.Шалабай айналысқан тіл білімінің келесі ірі саласы – мәтін лингвистикасы. Ол қазақ тіл білімінде мәтінді теориялық тұрғыдан алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым. Оның 1975 жылы жарияланған «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық» атты мақаласы («Қазақ филологиясы». Жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушыларының қазақ әдебиеті және тіл мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жинағы. Екінші кітап. Абай атындағы ҚазПИ. 1975) қазақ тіл білімінде мәтінді арнайы тұрғыдан зерттеген тұңғыш еңбек. Онда ғалым қазақ тіл ғылымының алдыңғы буын өкілдері профессорлар Р.Сыздықова мен Т.Қордабаевтан кейін осы ұғымды енгізіп (Р.Сыздықова «шумақ», Т.Қордабаев «күрделі синтаксистік бірлік деп атайды), оны теориялық тұрғыдан жан-жақты талдайды, кейінгі зерттеулерге жол ашады.

Сексенінші жылдардың аяғына қарай Республиканың жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің оқу бағдарламаларына «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» курсы жеке пән болып енгізіле бастады. Соған орай Б.Шалабай осы курстың типтік оқу бағдарламасын жасап, оқу құралын шығарды, пәнді оқытуға байланысты бірнеше өзекті мақалалар жариялады («Көркем тексті лингвистикалық талдау курсын оқыту». «Қазақстан мектебі», 1987, №2; «Көркем тексті лингвистикалық талдау». Оқу құралы. Алматы, «Мектеп» баспасы, 1988 (Р.Сыздықовамен бірге); «Студенттерді көркем тексті талдауға үйретудің әдістері». Республика университеті жағдайында педагогикалық білім берудің проблемалары. Тезисы ХХI учебно-методической конференции профессорско-преподавательского состава КазПИ им.Абая. Алматы, 1991).

Көркем мәтін, жалпы мәтін талдау профессор Б.Шалабайдың ғылыми ізденістерінің өзегіне айналып отыр. Көп жылғы зерттеулердің нәтижесінде ол 1997 жылы «Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері» атты монография шығарып, сол жылы докторлық диссертация қорғады. Ғалым бұл іргелі еңбегінде өзіне дейінгі көркем проза тілін зерттеудің тәжірибелерін жинақтап, оларды қорыта отырып, бұл мәселені зерттеуге жаңаша ғылыми тұрғыдан келеді. Ол жоғарыда айтып өткен көркем шығармадағы автор бейнесі және көркем прозадағы баяндау қабаттары (түрлері) туралы мәселе еді.

Автор бейнесі көркем шығармадағы өзге бейнелермен бір қатардағы құбылыс емес, оларды жинақтап, бір жіпке тізіп көмкеріп тұратын, көркем шығарманың құрылымын біртұтас ететін ерекше құбылыс. Прозадағы автор баяндауы да құбылып тұрады: бірде автор өз атынан сөйлесе, бірде кейіпкер  атынан сөйлейді, бірде онымен бірігіп кетеді, кейде тіпті ойдан құрастырылған басқа бір бейнеге енеді. Мұның бәрінде де шығарманың біртұтастығы, бір бүтін құрылымы жойылмайды. Соған орай баяндау бірде әңгімелеу, бірде суреттеу, бірде ойталқы, бірде диалог (полилог) түрінде беріліп, көркем шығарма құрылымын күрделендіреді. Көркем шығарма құрылымындағы бұл баяндау түрлерін А.Байтұрсынұлы әуезелеу, әліптеу, пайымдау деп атап, оларға ең алғаш түсінік берген еді. Жоғарыдағы теориялық қағидаттарды ғалым қазақ көркем прозасының қалыптасу, даму тарихымен байланыстырып қарайды. Алғашқы проза үлгілері – ертегілерден  бастап, кейінгі дамыған прозаға дейінгі (Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ғ.Мүсірепов) олардың ерекшелігін, даму үрФдісін саралайды.

Профессор Б.Шалабай өзі және шәкірттерімен бірлікте (Ж.Бектұрғанова, М.Ахметова, Г.Әбікенова т.б.) мәтін туралы зерттеулерін одан әрі жалғастырып, көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шығарды. Оларда мәтіннің негізгі белгілері мен категориялары, бірліктері, түрлері, мәтін талдаудың аспектілері жан-жақты қарастырылады (Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері. «Тілтаным», 2012, №1; Мәтін және оның семантикалық- синтаксистік бірліктері. «Қазақ тілі тарихы мәселелері». Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы, 2004; Мәтінді зерттеудің ғылыми негіздері. «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2007, №10; Мәтін лингвистикасының даму бағыттары. «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет және аударма мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Сүлейман Демирел атындағы университет. 2009; Мәтіндегі ақпарат және оны берудің тәсілдері. «Қ.Есенов және қазақ грамматикасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық дөңгелек үстел материалдары. Алматы, 2012; т.б.). Ол көркем мәтінді зерттеу бойынша оннан аса ғылым кандидаттарын және бір ғылым докторын дайындап, өзіндік мектеп қалыптастырды.

 Профессор Б.Шалабай қазақ тілі синтаксисін және стилистикасын зерттеуге де зор үлесін қосып келеді. Бұл саладағы ондаған мақалалары мен екі оқу құралы соның дәлелі.

1982 жарияланған мақаласында (Құрмалас сөйлем құрылымына бірер сөз. «Қазақстан мектебі», 1982, №8) ғалым құрмалас сөйлемдерді классификациялауда жаңа принцип ұсынады. Ол құрмалас сөйлемдерді алдымен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлуді ұсынады: жай құрмалас сөйлемдер және көп құрамды құрмалас сөйлемдер. Жай құрмаластар салалас, сабақтаса болып жіктелсе, көп құрамдылар көп компонентті салаласқа, көп бағыныңқылы сабақтасқа және аралас құрмалас сөйлемге жіктеледі. Сөйлеу жүйесінің құрылымдық әрі функционалдық сипаттарына қарай бөлінетін бұл жіктеліс кейін ғалымдар тарапынан (Қ.Есенов, Б.Қапалбеков, Т.Ермекова т.б.) қолдау тауып, оқу әдебиеттеріне енді.

Профессор Б.Шалабай ұзақ жылдар (45 жыл) Қазақстан Республикасы Жоғары мектептер саласында жемісті еңбек етіп келеді. Шәкірттеріне қазіргі қазақ тілінің  синтаксисі, қазақ тілінің стилистикасы, көркем  мәтінге лингвистикалық талдау, сөз мәдениеті т.б. пәндерден дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізді. Сол пәндерден типтік оқу бағдарламаларын түзіп, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындады. Мысалы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисінен (2001, 2005, 2011), Қазақ тілінің стилистикасынан  (2003, 2005), Көркем мәтінге лингвистикалық талдаудан (2003) түзген типтік оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарының бакалавр бөлімдерінде пайдаланылады. Магистратура мен PhD докторантура бөлімдеріне дайындаған типтік және негізгі оқу бағдарламаларына «Функционалды грамматика» (2001), «Текст синтаксисі» (2001), «Қатысым синтаксисі» (2001), «Лингвистикалық зерттеудің методологиясы» (2003, 2005), «Инновациялық технологиялар және қазақ филологиясы». PhD филология мамандығы бойынша типтік бағдарлама (2010), «Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі». Негізгі оқу бағдарламасы. «5В020500 - филология» мамандығы үшін (2013), «Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары». Негізгі оқу бағдарламасы. «6М020500 - филология мамандығы үшін (2014), «Қазақ тілінің коммуникативтік синтаксисі». Негізгі оқу бағдарламасы. «5В011700» - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін (2014) жатады.

Ғалым бакалавр және магистратура бөлімдеріне арнап бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазды: «Қазақ тілінің стилистикасы» (2006), «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис» (2012), «Қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі» (2015) т.б. Олардың ішінде теориялық білімдермен қатар оқу үдерісін тиімді жүргізуге қолқабысын тигізетін практикалық сабақтарға қажет «Кестелі грамматика» (1996), «Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы» (1997), «Практикалық қазақ тілі» (1993), «Қазіргі қазақ тілі» курсы бойынша лабораториялық  жұмыстарды» (1991, 1992) жазуға қатысты.

Профессор Б.Шалабай алғашқылардың бірі болып тілді функционалды аспектіде зерттеуге атсалысты. Оның «Қатысым синтаксисі туралы» (1988), «Сөйлемді зерттеудің коммуникативтік аспектісі» (2000) атты мақалалары және «Қатысым синтаксисі» оқу құралы (1998) осы саладағы алғашқы бастамалары болса, кейін осы мәселеге көптеген еңбектер арнады, шетелдерде мақалалар жариялады (Функционалды лингвистика негіздері. «М.Әуезов оқулары - 2010» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті. Семей, 2010; Қазіргі тіл білімінің негізгі принциптері және "функционалдық" ұғым. "ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: Еуразия кеңістігінде даму динамикасы" ІІ халықаралық ғылыми-тәжірбелік конференция материалдары. Павлодар, 2011; Функционалдық аспектідегі сөйлем типологиясы. «Эпос тілін зерттеудің өзекті мәселелері». Көрнекті фольклортанушы ғалым, ф.ғ.д., проф. Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына 80 жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел материалдары. Алматы, 2011; Қазіргі қазақ тіл ғылымындағы жаңа бағыттар // Studies in Turkic Philology. Etited by Zhanq Qing and Muxtaz Abilkak. China Minzu Unibersity Press. – Пекин, 2010; Functional  Paradigmsyntax of  the Kazakhlanguage // World Applied Scinces Journal  25(11):1572-1577, 2013. ISSN 1818-4952 © IDOSI Publications, Doi: 10.5829/ iaosl.wasj. 2013.25.11.13433) т.б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Мемлекеттік тілді дамыту институында гранттық негізде қаржыландырған ғылыми жобаларға қатысып, жүргізілген ғылыми жұмыстардың  нәтижесінде «Қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі» (2015) атты оқу құралын жарыққа шығарып, «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар» (2016) атты монография-оқулығын жазуға қатысты.

 Ғлым қазақ тілі білімінің өзекті мәселелері бойынша шет елдерде: Украинада (Черкассы), Түркменстанда (Ашхабад), Қытайда (Пекин), Өзбекстанда (Нөкіс), Қырғызстанда (Бішкек) халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып баяндамалар жасады.

Профессор Б.Шалабай жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Пекинде Қытай Орталық Ұлттар университетінде 2 рет (2011, 2013), Бішкекте Қарасаев атындағы Қырғыз Ұлттық университетінде (2017) қазақ, қырғыз, түрік бөлімдерінің студенттеріне дәрістер оқыды.

Ол  2000-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті және 2009-2010 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы қазақ тілі мамандығы бойынша диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңестердің мүшесі болды.

Профессор Б.Шалабай ғылымдағы ізбасар шәкірттерін дайындауға да үлкен еңбек сіңірді. Оның ғылыми жетекшілігімен 34 ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы, 1 PhD докторы дайындалды. Олар қазір республиканың әр түрлі жоғары оқу орындарында жемісті еңбек етіп жүр.

Ф.ғ.д., прфессор Б.Шалабайдың ең үздік ғылыми мақалалары

 1 Б.Шалабай. Р.Сыздықкөркем сөз сырын зерттеуші ғалым. Алматы: «Тілтаным», 2004ж, №3.

 2 Б.Шалабай. Абайқазақ әдеби тілін байытқан тұлға // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, филология сериясы, 2006ж. №1. -46-48бб.

 3 Б.Шалабай. Іс қағаздар тілін бір жүйеге түсірукезек күттірмейтін мәселе // «Мемлекеттік тілде маман даярлау: жаңа мақсат, жаңа жүйе». Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция. – Алматы, 2006ж.

 4 Б.Шалабай. Концепт «Судьба» в отражании казахской ментальности // Актуальные проблемы менталингвистики. Сборник статьей V Международной научный конференции. Черкасский национальный университет им. Б.Хмельникого. г. Черкасск, 2007. стр. 42-45.

 5 Б.Шалабай.  Мәтінді зерттеудің ғылыми негіздері // «Қазақ тілі мен әдебиеті», №10, 2007ж. -87б. 6 Профессор М.Балақаев және сөздің кейбір қатысымдық сапалары туралы // Жинақта: «Қазақ тіл білімі және түркітану мәселелері». – Алматы, 2007. 35-38бб.

 7 Мактумкули и Абай: параллели в художественном мире и языке // Сборник: «Мактумкули и духовно-культурные ценности мира». Материалы международной научной конференции.- С. 402

 8 Б.Шалабай. Жырау – как отражение духовности и культуры казахского народа // Сборник: «Нациоанальный фольклор народов Центральной Азии и проблемы духовного обновления общества». Материалы международной научно-практической конференции. Нукус, 2008г.

 9 Б.Шалабай. Қазіргі қазақ білімінің негізгі ұстанымдары //  Studies in language and culture of central Asia nationalites. Edited by zhang Dinjini and Miao Dongxia. China Minzu University Press. Пекин, 2012. -528б.

 10 Б.ШалабайМәтіндегі ақпарат және оны берудің тәсілдері // «Қ.Есенов және қазақ грамматикасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық  дөңгелік үстел материалдары. – Алматы, 2012ж. -133б.

          Ол туралы:

 1.       «Оянған өлкені» зерттеген ғалым http://anatili.kazgazeta.kz/?p=45415

2.http://apgazeta.kz/2017/11/06/berdibaevskij-obraz-avtora-v-kazaxskoj-filologii/

Ф.ғ.д., прфессор Б.Шалабайдың ғылыми еңбектерінің тізімі

  1 Б.Шалабай. Ғ.Мүсіреповтың "Оянған өлке" романындағы кейбір синтаксистік құралдардың көркемдік-стилдік қызметі // Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері / аспиранттар мен ізденушілер жинағы. ІХ шығуы. 1972ж. - 7б.

 Б.Шалабай. Көркем шығарма тілі - даралық стиль құбылысы // Қазақстан мектебі, 1973ж. №3, -3б.

3 Б.Шалабай. Стилистические функций синтаксических средств в языке романа "Пробужденный край" Г.Мусирепова // Автореферат диссертаций... кан.фил.наук. - Алматы, 1973 ж.-32б.

 

4 Б.Шалабай. Әлемге кеткен аты бар (А.С.Пушкин туралы) // "Орал өңірі" газеті, маусым, 1974ж.

5 Б.Шалабай. Өнер өзегі - өмір// М.Әуезов атындағы қазақ драма теоатрының Оралдағы гастролі туралы - "Ана-Жер ана" спектаклін талдау // "Орал өңірі" газеті, маусым, 1975ж.

6 Б.Шалабай. Ана тілін жақсы білу- парыз (Жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарының қорытындысын талдау) // "Орал өңірі" газеті, маусым, 1975ж.

7 Б.Шалабай. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық. Қазақ филологиясы // Жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқутыушыларының қазақ әдебиеті және тіл мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жинағы/. Екінші кітап, 1975 ж. - 7б.

8 Б.Шалабай. Ғалым, ұстаз (М.Балақаев 70 жаста) // "Орал өңірі" газеті, маусым, 1974ж.

9 Б.Шалабай. Ғ. Мектепте көркем шығарма тілін оқыту // Қазақстан мектебі, 1978, №1. - 4б.

 10 Б.Шлабай. Мүсіреповтің "Оянған өлке" романындағы комикалық жасаудың кейбір тілдік тәсілдері туралы // Қазақ тілінің мәселелері (аспиранттар мен ізденушілер мақалаларының жинағы). - Алматы, 1980. -12 б.

11 Б.Шалабай. Құрмалас сөйлем құрылымына бірер сөз // Қазақстан мектебі, 1982, №8, -3б.

12 Б.Шалабай. Көркем әдебиет тілі және оны мектепте оқыту. -Алматы, "Мектеп"баспасы, 1982ж.

13 Б.Шалабай. Ұстаз жолы (фил.ғыл.канд., доцент Ғ.Әбухановтың 70 жылдығына орай жазылған) //" Орал өңірі" газеті, 25 ақпан, 1982 ж.

14 Б.Шалабай. Көркем сөздің зергері (Ғ.Мүсіреповтың 80 жылдығына орай жазылған)// "Орал өңірі" газеті, 19 наурыз, 1982 ж.

15 Б.Шалабай. Көркем шығармалардың тілі мен оны мектепте оқыту мәселелері (Республикалық семинар-кеңесте жасалған баяндамадан ) // "Қазақстан мұғалімі" газеті, 29 қазан, 1982ж.

16 Б.Шалабай. Ғалым мерейі (Р.Сыздықованың 60 жасқа толуына орай жазылған) //" Орал өңірі" газеті, 17 тамыз, 1984 ж.

17 Б.Шалабай. Ойланатын жайлар бар (ЖОО-да ана тілі мен әдебиетінің мамандарын даярлауға байланысты ой-пікірлер) // "Қазақстан мұғалімі" газеті, 25 шілде, 1986 ж.

18 Б.Шалабай. Мүдделілік және жауапкершілік (ЖОО-да қазақ тілі мен әдебиті мамандарын даярлау мәселесіне ұсыныс-пікірлер) // "Орал өңірі" газеті, 25 шілде, 1986ж.

19 Б.Шалабай."Көркем тексті лингвистикалық талдау" курсын оқыту // Қазақстан мектебі, 1987, №2. -4б.

20 Б.Шалабай. Көркем тексті лингвистикалық талдау. Оқу құралы // - Алматы: "Мектеп", 1988ж. - 8б. (Р.Сыздықовамен бірлікте)

21 Б.Шалабай. Әдеби тіл және көркем сөз табиғаты // Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабарлары, тіл, әдебиет сериясы, 1988, №3. -7б.

22 Б.Шалабай. Көркем сөздің алғашқы арналары туралы // Текст:проблемы изучения и обучения/сборник научных трудов/ - Алма-Ата, 1989г. -5б.

23 Б.Шалабай. С.Көбеевтің "Қалың мал" романының тілдік талдау// Қазақ тілінің совет дәуірінде дамуы / Жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушыларының, аспиранттарының ғылыми мақалалар жинағы/. Абай атын. ҚазПИ, - Алматы, 1988ж. -10б.

24 Б.Шалабай. Орыс аудиториясында қазақ тілін текст арқылы меңгеру // Актуальные проблемы национально-русского двуязычия в учебном процессе педвузов Казахстана. Тезисы межвузской научно-практической конференций.Часть 2. - Алма-Ата, 1989г. -4б.

25 Б.Шалабай. Көркем әдебиет тілінің бастау бұлағы жайлы бірер сөз // Тезис. Наука в учебном процессе. Сборник материалов научной конференций профессорско-преподавательского состава и аспирантов. - Алма-Ата, 1990. -2б.

26 Б.Шалабай. Өзің жайлы оқи жүр (филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Сыздықовтың "Нұрлы шақ" кітабы туралы пікір). Лениншіл жас, 14 ақпан, 1990ж.

27 Б.Шалабай. Студенттерді көркем тексті талдауға үйретудің әдістері // Республика университеті жағдайында педагогикалық білім берудің проблемалары. Тезисы ХХІ учебно-методический конференций профессорско-преподавательского состава КазПИ им.Абая, - Алматы, 1991ж. – 2б.

 28 Б.Шалабай. «Қазіргі қазақ тілі» курсы бойынша лабороториялық жұмыстар. Абай атындағы ҚазПИ,  - Алматы, 1991ж. -155б. (Авторлар бірлестігі)

29 Б.Шалабай. Көркем шығарма тілін талдаудың бір қыры //  «Жоғары оқу орындарында қазақ және орыс тілін өзге ұлттар арасында оқыту мәселесі» атты оқу-метадологиялық конференция материалдары. Абай атын.ҚазПИ, - Алматы, 1992ж. -5б.

30 Б.Шалабай. Ж.Аймауытов прозасының синтаксисі туралы бірер сөз // Қазақ тілі грамматикасы мен методологиясының мәселелері. Оқу-методикалық конференция материалдары. Абай атын. ҚазПИ, - Алматы, 1992ж. -5б.

31 Б.Шалабай. Қазіргі қазақ тілі (лабороториялық жұмыстар). - Алматы: «Ана тілі», 1992ж. -187б. (Авторлар бірлестігі)

32 Б.Шалабай. Көркем тексті талдаудың жолдары мен бағыт-бағдары // Көркем шығарма текстін талдаудың мәселелері. Ғылыми-теориялық конференция материалдары. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. - Алматы, 1993ж. -32-33бб.

33 Б.Шалабай. Текст лингвистикасы туралы // Қазақ тілі  мен әдебиеті, 1993,№1. -4б.

34 Б.Шалабай. Көркем шығарма текстін тілдік-стилистикалық талдаудың әдіс-тәсілдері // «Қазақ тілін үйренуге байланысты жетілдірілген әдістемелерді меңгеру» атты республикалық оқу-методикалық конференциясында ұсынылған баяндамалардың тезистері. Абай.атын. КазПИ, - Алматы, 1993ж.

35 Б.Шалабай. Көркем тексті лингвистикалық талдау курсының бағдарламасы. Университеттер мен педагогикалық институттардың филология факультетінің студенттеріне арналған. - Алматы,1993ж.

36 Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. - Алматы: «Ана тілі», 1993ж. -271б. (Авторлар бірлестігі)

37 Б.Шалабай. Көркем проза тілі. - Алматы: «Білім», 1994ж.-122б.

38 Б.Шалабай. Көркем шығарма тілін зерттеудің аспектілері // Қазіргі қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің мәселелері. Ғылыми мақалалар жинағы. Абай атындағы АлМУ, 1995ж.

39 Б.Шалабай. Кестелі грамматика.- Алматы: «Ана тілі», 1996ж. -207б. (Авторлар бірлестігі)

40 Б.Шалабай. Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы). - Алматы: «Ана тілі», 1997ж. -325б. (Авторлар бірлестігі)

41 Б.Шалабай. С.Аманжоловтың ғылыми синтаксис теориясы бойынша көзқарастары // Проф.С.Аманжоловтың ғылыми мұрасына арналған мақалалар жинағы. - Алматы, Абай атындағыы АлМУ, 1997ж.

42 Б.Шалабай. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. ҚазМемАгрУ «Агроуниверситет» баспасы. - Алматы, 1997ж. -129б.

43 Б.Шалабай. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері // Ф.ғ. докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1997ж. -44б.

44 Б.Шалабай. Көркем прозадағы автор бейнесі // «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» ғылыми мақалалар жинағы. Абай атын.АлМУ,- Алматы, 1998ж. -5б.

45 Б.Шалабай. Қатысым синтаксисі туралы // проф. Н.Оралбаева және қазақ тіл білімі мәселелері/ профессор Н.Оралбаеваның 70жылдығына арналған конференцияның материалдары/ Абай атындағы АлМУ, - Алматы, 1998ж.

46 Б.Шалабай. Лексикология жайында жаңа еңбек // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 1998ж, №3-4. -2б.

47 Б.Шалабай. Көркем әдебиет тілін зерттеудің теориялық мәселелері // «Қазіргі қазақ тілі: бүгінгі және болашағы»/ Материалы научно-теоретической конференций, посвященной 70-летию АГУ им.Абая. – Алматы, 1998г. – 6б.

48 Б.Шалабай. Қатысым синтаксисі. Оқу құралы // Абай атындағы АлМУ, Алматы, 1998ж. – 56б.

49 Б.Шалабай. Тілмен тілдескен тілші (Н.Оралбаеваның 70 жылдығына орай) // «Егемен Қазақстан» газеті, №93, 1998, 14 мамыр.

50 Б.Шалабай. Контекст // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998ж. -176-177бб.

51 Б.Шалабай. Көп бағыныңқылы сабақтас // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998ж. -182б.

 52 Б.Шалабай. Көп құрамды құрмалас сөйлем //Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998ж. -103б.

53 Б.Шалабай. Күрделі синтаксистік тұтастық //  Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998ж. -188-189бб.

54 Б.Шалабай. Қыстырынды тіркес // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -251б.

55 Б.Шалабай. Мәтін// Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -270б.

56 Б.Шалабай. Поэтикалық тіл // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -319б.

57 Б.Шалабай. Рема // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -325б.

58 Б.Шалабай. Мәтін линвистикасы// Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -270-271бб.

59 Б.Шалабай. Синтаксистік құрылым // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. – 348-349бб.

60  Б.Шалабай. Синтаксистік мағына // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -349б.

62 Б.Шалабай. Синхрония// Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. - 349б.

63 Б.Шалабай. Сөздердің орын тәртібі // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -353-354бб.

64 Б.Шалабай. Сөйлемнің актуальды мүшеленуі // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. - 367б.

65 Б.Шалабай. Тема // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. -386-387бб.

66 Б.Шалабай. Тіл // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. - 413-414бб.

67 Б.Шалабай. Тіл біліміндегі логикалық бағыт // Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. - 417б.

68 Б.Шалабай. Тіл білімінің зерттеу әдістері// Қазақ тілі энциклопедиясы, 1998. – 417-418 бб.

69 Б.Шалабай. А.Байтұрсынұлы сөз өнері ғылымының негізін салушы // А.Байтұрсыновтың 125 жылдығына арналған республикалық-ғылыми әдістемелік конференцияның материалдары. Абай атындағы АлМУ, 1999ж. -3б.

70 Б.Шалабай. Көркем әдебиет стилистикасы. Оқу құралы // -Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999ж. – 303б.

71 Б.Шалабай. Ахмет Байтұрсынұлының сөз өнері туралы ілімі және көркем прозадағы баяндау түрлері // Ұлттық рухтың ұлы тіні / Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: «Ғылым», 1999ж. -13б.

72 Б.Шалабай. Қ.Жұбанов – Абай поэзиясын лингвопоэтикалық тұрғыдан тұңғыш зерттеуші // «Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі». Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 1999ж. -5б.

73 Б.Шалабай. Қ.Жұбановтың синтаксиске қатысты еңбектері // Қазақ тілі жүйесі және лингводидактика мәселелері. Қ.Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына арналады. – Алматы, 1999ж. – 2б.

74 Б.Шалабай. Ұстаздыққа арналған ғұмыр (ПрофессорҒ.Қалиевтің 70 жылдығына орай) // Қазақстан жоғары мектебі, 1999ж. №5. – 3б.

75 Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. –Алматы: «Раритет». 2000ж.- 136б. (В.Салачаевпен бірге)

76 Б.Шалабай. Қазақ тілі курсының бағдарламасы // ЖОО студенттерінің орыс топтарына арналған. 2000ж.

77 Б.Шалабай. Сөйлемді зерттеудің коммуникативтік аспектісі //  Тіл деңгейлері және олардың өзара қатысы. Ғылыми мақалалар динағы. – Алматы: «Ғылым». 2000ж. -8б.

78 Б.Шалабай.  Профессор М.Балақаев және көркем әдебиет тілі мәселелері // ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ғылыми терминологиялық орталық, №1, 2000ж.

79 Б.Шалабай.  Қазақ тілінен өзге ұлт аудиториясына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарын жинақтаудың үлгісі // Ізденістер, нәтижелер. Ғылыми журнал. – Алматы, №6,  2000ж.

80 Б.Шалабай. Бір құрамды делініп жүрген сөйлемдердің табиғаты туралы // Қазақ тілінің теориясы және әдістемесі мәселелері. Ғылыми еңбектер жинағы. Абай атындағы АлМУ, 2000ж.

81 Б.Шалабай. Орыс аудиториясында мемлекеттік тілді оқытудың тиімді жолдары // Ш.Сарыбаевтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық ғылыми-теориялық конференция: Мемлкеттік тіл және рухани мәдениет. 2000ж.

82 Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі кафедрасына 10жыл // Вестник АГУ6 2001ж.

83 Б.Шалабай. Қазақ тілі синтаксисі // ЖОО студенттеріне арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы. 2001ж.

84 Б.Шалабай. Функционалды грамматика // ЖОО магистарнттарына арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2001ж.

 

85 Б.Шалабай. Текст синтаксисі // ЖОО магистарнттарына арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2001ж.

86 Б.Шалабай. Қатысым синтаксисі // ЖОО магистарнттарына арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2001ж.

87 Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі // Типтік оқу бағдарламасы. Астана, 2002ж.

88 Б.Шалабай. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдағы топтастырушылық рөлі және оны өзге тілді ортада оқытудың өзекті мәселелері // Абай атын. АлМУ Хабаршысы. Филология сериясы, 2002ж. №1. -3б.

89 Б.Шалабай. Ғ. Мүсірепов тілінің шеберлігі туралы // Абай атын. АлМУ Хабаршысы. Филология сериясы, 2002ж. №1. -3б.

90 Б.Шалабай. Текст прагматикасы туралы. Жинақ: «Филология ғылымы және академик М.Қаратаев». Ғылыми-практикалық конференция материалдары.  – Алматы, 2002ж.

91 Б.Шалабай. Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері. «Тілтаным», 2002, №1. -7б.

92 Б.Шалабай. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. Оқулық. «Алматы»: «Ғылым», 2003ж. – 12б. (Р.Сыздық, А.Әділовамен бірлікте)

93 Б.Шалабай. Қазақ грамматикасы. Астана, «Елорда», 2003ж. (Авторлар ұжымы)

94 Б.Шалабай. Қазақ стилистикасы ғылымының алдында тұрған міндеттер// «Қазақ филология ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференцияның материалдары. АлМУ, Алматы, 2003ж. -73-75бб.

95 Б.Шалабай. Қазақ тілінің стилистикасы. Типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2003ж.

96 Б.Шалабай. Көркем мәтінге лингвистикалық талдау. Типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2003ж.

97 Б.Шалабай. Лингвистикалық зерттеудің методологиясы // Магистратураға арналған  типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2003ж.

98 Б.Шалабай. Стилистиканы дамыта оқыту технологиясы. Оқу құралы. –Алматы, 2004ж. -98б. (Н.Құрманованы және Ж.Бектұрғановамен бірлікте)

99 Б.Шалабай. Профессор Ғ.Қалиев зерттеулерінің қазақ тіл біліміндегі орны // «Қазақ тілі тарихы мәселелері». Профессор Ғ.Қалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 2004ж. -1-4бб.

100 Б.Шалабай. Р.Сыздық зерттеулеріндегі көркем әдебиет стилистикалы туралы // «Академик Р.Сыздық және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері . Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 2004ж.

101 Б.Шалабай. Көркем мәтінді зерттеудің өзекті мәселелері // Мәдениаралық қатысым және қазақ, орыс филологиясының өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. ҚазМемҚызПИ, І том. – Алматы, 2004ж.

102 Б.Шалабай. Мәтін және оның семантикалық-синтаксистік бірліктері // Қазақ тілі тарихы мәселелері. Ғылыми мақалалар жиинағы. – Алматы, 2004ж. -102-107бб.

103 Б.Шалабай. Р.Сыздық – көркем сөз сырын зерттеуші ғалым // Тілтаным, 2004ж., №3. -4б.

104 Б.Шалабай. Қазақ тілі синтаксисінің өзекті мәселелері // «Мемлкеттік тілдің мәртебесін рттыру- әрбір азаматтың парызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Орал, 2006ж. - 45-50бб.

105 Б.Шалабай. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Типтік оқу бағдарламасы.– Алматы, 2005ж. (А.Аблақов, Қ.Есенов бірге)

106 Б.Шалабай. Лингвистикалық зерттеудің методологиясы. Типтік оқу бағдарламасы. Магистратураға арналған. – Алматы. 2005ж.

107 Б.Шалабай. Типтік оқу бағдарламалары. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 2005ж.

108 Б.Шалабай. Стилистика және оның зерттеу пәні // Қостанай әлеуметтік техникалық университетінің Ғылыми Хабаршысы, №8, 2005ж. – 9-12бб.

109 Б.Шалабай. Абай – қазақ әдеби тілін байытқан тұлға // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, филология сериясы, 2006ж., №1. - 46-48бб.

 110 Б.Шалабай. Іс-қағаздар тілін бір жүйеге түсіру кезек күттірмейтін мәселе // Мемлекеттік тілде маман даярлау: жаңа мақсат, жаңа жүйе. Республикалық ғылыми-әдістемелік клнференция. – Алматы, 2006ж. - 10-13бб.

111 Б.Шалабай. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы, Республикалық оқу баспа орталығы, 2006ж. – 302б.

112 Б.Шалабай. Концепт «судьба» в отражений казахской ментальности. Актуальные проблемы менталингвистики. Сб. Статей V Международной научной конференций. Черкасский национальный университет им. Б.Хмельницкого. Г.Черкасск, 2007. С. 42-45

113 Б.Шалабай. Қашқарлық Махмуд – тұңғыш түркі ілімпазы. «Қашқарлық Махмуд және түркі әлемінің тілі,әдебиеті, мәдениеті және тарихы» атты халықаралық конференция материалдары // Бімкек, 2007, 26 сәуір

114 Б.Шалабай. Мәтінді зерттеудің ғылыми негіздері // Қазақ тілі мен әдебиеті, №10, 2007ж.

115 Б.Шалабай. Мәтіннің композициялық ұйымдасуы // «Қазақстан мен Түркияның ортақ мәдени құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 2007, -23б.

116 Б.Шалабай. Қазақ тілі мәдениетінің сапалық деңгейін көтеру мәселелері // «Әлемдік рухани құндылықта және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері», ІІ том. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы, 2007ж., -325б.

117 Б.Шалабай. Шешен сөзінің дайындық кезеңдері мен құрылымы // Сүлеймен Демирел атындағы Университет хабаршысы, 2007, №1. – 66б.

118 Б.Шалабай. Қазақ тілі (құқық қорғау органдары мен халықаралық қатынастар факультетінің жалғастырушы деңгейіне арналған оқу құралы). – Алматы, 2007ж. – 262б. (Ф.Ш.Оразбаева, С.Қоянбекова бірлікте).

119 Б.Шалабай. Қолданымдық грамматика туралы // Жинақ: Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері. – Алматы, 2007ж. - 54-73бб.

120 Б.Шалабай. Проф. М.Балақаев және сөздің кейбір қатысымдық сапалары туралы // Жинақ: Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы, 2007ж.

121 Б.Шалабай. Қазақ тілінің синтаксисі. Оқу құралы. Орал, 2007ж. -112б.

122 Б.Шалабай. Қазақ тілі стилистикасының өзекті мәселелері // Сүлеймен Демирел атындағы Университет хабаршысы, 2008,№2.

123 Б.Шалабай. Мактумкули и Абай: параллели в художественном мире и языке // Сборник: «Мактумкули и духовно-культурные ценности мира». Материалы международной научной конференции. Ашгабад, 2008 г. – С. 401-402.

124 Б.Шалабай. Ұлылар рухының үндестігі // «Түркі әлемі» газеті, 2008ж.

125 Б.Шалабай. Жырау – как отражение духовности и культуры казахского народа // Сборник: «Национальный фольклор народов Центральной Азии и проблемы духовного обновления общества». Материалы международной научно-практической конференции. Нукус, 2008г. С. 118-119.

126 Б.Шалабай. Көркем әдебиет тілін зерттеудің теориясы мен тәжірибесі. Монография: Сулейман Демирел атындағы университет. – Алматы, 2008ж. – 172б.

127 Б.Шалабай. Шәкәрімтануға қосылған үлес // «Ана тілі» газеті, 2008ж.

128 Б.Шалабай. Күнделік және оның кейбір түрлерімен стильдік ерекшелігі // «Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері». – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, 2008. (Студент М.Ыдырысовамен бірлікте).

128 Б.Шалабай. Проф. Ф.Мұсабекованың қазақ тілі стилистикасына қосқан үлесі // Жинақ: «Профессор Фатима Мұсабекова және тіл білімі мен әдістеме мәселелері». Халықаралық ғылыми-теориялық және практикалық конференция материалдары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы, 2009ж. – 7-8б.

129 Б.Шалабай. Мәтін лингвистикасының даму бағыттары // «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет және аударма мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция  материалдары. Сулейман Демирел атындағы университет. 2009ж. – 164-166б.

 130 Б.Шалабай. Қазақ тіл білімінде тілдік қатысымның теориясы мен әдістемесін негіздеуші // «Парасат айдыны», - Алматы, 2009ж. – 29-35б.

131 Б.Шалабай. Қ.Жұбанов және қазіргі қазақ тіл білімінің даму бағыттары // Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. Профессор Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009ж, 49-54бб.

132 Б.Шалабай. Кестелі грамматика. Оқу құралы // Көкшетау, 2009ж. -104-144бб.

133 Б.Шалабай. Ә.Кекілбаевтың тарихи шығармаларындағы монологтың көркемдік қызметі // «Әбіш Кекілбаев және замана шындығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, 2009ж. -139-145бб.

134 Б.Шалабай. Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімінің қазіргі кезеңі // «Қ.Жұбанов тағылымы - VII» ғалықаралық ғылыми конференция материалдары, 1том. – Алматы, 2009ж. -31-34бб.

135 Б.Шалабай. Қазіргі тіл ғылымының даму арналары // Абай институтының Хабаршысы. – Алматы, №1. 2010ж. – 20-23бб.

136 Б.Шалабай. Беркелі, үлгі тұтар ғұмыр // «Қазақ тілін коммуникативтік, функционалдық бағытта зерттеу және оқытудың инновациялық технологиялары»  атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 1 том. – Алматы, 2010ж. -13-19бб.

137 Б.Шалабай. Функционалды лингвистика негіздері // «М.Әуезов оқулары - 2010» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қазақ инновациялық гумманитарлық заң университеті. Семей, 2010ж. – 11-14бб.

138 Б.Шалабай. Мәтін лингвистикасының зерттелуі // Адам-тіл-мәдениет – Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Елтаным», 2010ж. -143-146бб.

139 Б.Шалабай. Б.Қасым еңбектеріндегі күрделі атаулардың семантика мәселесі // Жинақ: «Ой-қазына». Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы. 2010ж. – 24-27 бб.

139 Б.Шалабай. Функционалдық аспектідегі сөйлем типологиясы // - «Эпос тілін зерттеудің өзекті мәселелері». Көрнекті фольклортанушы ғалым, ф.ғ.д., проф Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына 80жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2011ж. -169б.

140 Қазіргі қазақ тіл ғылымындағы жаңа бағыттар // Studies in Turkic Philology. Etited by Zhanq Qing and Muxtaz Abilkak. China Minzu Unibersity Press. – Пекин, 2010ж.  – 59-63 бб.

141 Б.Шалабай. Инновациялық технологиялар және қазақ филологиясы. PhD филология мамандығы бойынша типтік бағдарлама. – Алматы, 2010ж.

140 Б.Шалабай. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі және мәтінтану (Т.Сайрамбаев және Р.Әмірмен бірге). – Типтік бағдарлама. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен. – Алматы, 2011ж.

142 Б.Шалабай. Мәтіннің қатысымдық құрылымы // «Ғылым мен білім саласындағы мәдениеттер тоғысы»атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы, Сүлеймен Демирел университеті (М.Мырзатаевпен бірге). І том. 2011ж. – 27-31 бб.

143 Б.ШалабайҚазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Оқу құралы. – Алматы, «Қазақ университеті» баспасы. 2012ж. – 185 б.

144 Б.Шалабай.  Сөйлеудегі жақсыздық және қатысымдағы мәнінің кейбір ерекшеліктері. – «А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. – Алматы, 2012ж., -202-205бб.

145 Б.Шалабай.  «Персоналдылық» функциоаналдық-семантикалық категориясы // «Қазақ тілі функционалдық грамматикасының көкейкесті мәселелері» жинағы, 2013ж. -23-48бб.

146 Б.Шалабай. Мәтін стилистикасы // проф. М.Томановтың 80 жылдығына арналған «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүр мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. І том. – Алматы, 2012ж, -100-102б.

147 Б.Шалабай.  Мәтін прагматикасы // «Қазақ тіл білімі: жаңа ғылыми парадигмалар мен оқытудың инновациялық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы, 2012ж. - 40-42бб.

148 Б.Шалабай.  Мәтіндегі ақпарат және оны берудің тәсілдері // «Қ.Есенов және қазақ грамматикасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық  дөңгелік үстел материалдары. – Алматы, 2012ж. -129-133 бб.

149 Б.Шалабай. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолындағы» автор бейнесінің бірер қыры туралы // «Фонетика ғылымдарының өзекті мәселелері: даму кезеңдері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2012ж. -244б.

150 Б.Шалабай. А.Жұбанов – қазақ тіл білімінің жаңа саласының бастаушысы // «Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері». Профессор Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2012ж. – 14-20 бб.

151 Б.Шалабай. Мәтін түзудегі ойталқының рөлі // «Қазақ әдеби тілі: тарихы, қазіргі жайы мен кемелденуі» атты республикалық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция. – Алматы, 2012ж. -148-150бб.

152 Б.Шалабай. Ойталқының түрлері // «Қазақ әдеби тілі: тарихы, қазіргі жайы және кемелденуі» атты республикалық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция. – Алматы, 2012ж. -151-153бб. (Магистрант Э.Ермакашевамен бірлікте)

153 Б.Шалабай. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы қос үнді сөзді қолданудың кейбір ерекшеліктері // «Филологиялық зерттеулердегі инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2012ж, -242б.

154 Б.Шалабай. Қазіргі қазақ тіл білімінің негізгі ұстанымдары //  Studies in language and culture of central Asia nationalites. Edited by zhang Dinjini and Miao Dongxia. China Minzu University Press. Пекин, 2012. -524-528бб.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 294 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 638 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1036 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1180 0











31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49681 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47417 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 45036 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика