THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
Авторы: Айдана МАҒЖАН
12/04/2024 15:42 0 2180 0
2024 жылы
11-сәуірде Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Мемлекеттік тілдің
қолданылуы, оқытылуы, зерттелуі» атты
дөңгелек үстел өтті. Жиынға институттың атқарушы директоры Бижомарт Қапалбек,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Рая Оразова
және Мемлекеттік тілді дамыту институтында тәлімгерліктен өтіп жатқан Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетел филологиясы
факультетінің студенттері қатысты.
Айта кетейік,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетел филологиясы
факультетінің студенттері Мемлекеттік тілді дамыту институтына 3 айлық
іс-тәжірибеден өтуге жіберілген еді. Институт тарапынан студенттерге бірнеше
тапсырмалар берілді. Айталық, институттың тіл үйрету порталын ресурспен толтыру
(тапсырма жасау), порталды ресурспен толтыру (видеоматериал дайындау), оқыған
тілі бойынша бастауыш мектептің жүйесі, созылу мерзімі, оқылатын пәндері,
қолданылатын бағдарлама және олардың сипаты туралы мақала жазу, «Академиялық
жазылым» онлайн семинарына қатысу, «Тіл полициясы» бөліміне мақала жазу
(қателермен жұмыс), институтта орындалып жатқан фольклорлық кейіпкерлерді
біріздендіру жобасы бойынша бір дастанды алып сюжет жазу, комикс жасау.
Іс-тәжірибеде
берілген тапсырмалар аясында өткен дөңгелек үстелде Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің Шетел филологиясы факультетінің студенті Лаура Салиуллақызы
«Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері», Перизат Сүйіндік «Қазақ
тілінің оқыту әдістемесі», Балнұр Оңланбаева «Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті
мәселелері», Дариға Есмұратқызы «Қазақ тілін зерттеу әдістемесінің басқа
ғылымдармен байланысы», Зарема Медетқызы «Қазақ тілінің фонетикалық зерттелуі»,
Айдана Сұлтанмұратова «Қазақтардың тілдік санасындағы қазақ тілінің
концептуализациясы», Гүлнара Қозмет «Қазақ тілінің дамуы», Сымбат Нұрмахан
«Қазақ тіліндегі кірме сөздер мен диалектология» тақырыптарында баяндамаларын
оқыды.
Жиын соңында
«Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оқытылуы, зерттелуі» жөнінде өзара пікір алмасып, ұсыныстар
айтылда, студенттерге сұрақтар қойылды. Жас зерттеушілердің алдағы жұмыстарына
кеңестер берілді.
ПІКІР АЛМАСУ
10/11/2023 15:04
Бижомарт ҚАПАЛБЕК: ӘЛІППЕНІҢ АТАСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ САЛҒАН АРНАҒА ҚАЙТА ОРАЛУЫМЫЗ КЕРЕК
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
ТЕКСТ