THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Тарихымызда
елдің құты мен құнтын, осы ел болмысының бойындағы қасиеттерден туындап,
сақталып отыратын ұлтымыздың рухын қалыптастырып, биіктетіп отырған дүниелер аз
емес. Соның бірі, ұлттың рухани қазынасына айналған даналықтың терең өрісі
жыраулар поэзиясы. Жырау тұлғаларымыз елдің болашақ тағдырына сын көзбен қарап,
сол кездің өзінде-ақ өзгеріп келе жатқан қоғамның ағымына баға беріп кеткен.
Олардың болашақ ел тағдырына қатысты айтқан ойлары, кейінгі ұрпақ буын ішінен
зиялылардың шығуына ықпал етті. Сезімталдық қасиеті зор, даналық ой толғаулары
терең тұлғаларымыздың айтып кеткен сөздерінің уақытпен қатар келер қоғам
шындығына айналуы, рухани өмірі тарихтың сынымен тұспа тұс келген қазақ
баласына қоғамның тарихи және саяси өмірінің қатаң талабынан сүрінбей өтіп, ел
мүддесіне дұрыс қызмет етудің бағытын көрсетіп отыратын ұлттық идея. Солардың
тарихи бейнесі, елдік идеялары арқылы кейінгі ұрпақ ұлттық мүддеге қызмет
етудің дара жолын тарихтан таба білген. Алаштың жас ақыны Сұлтанмахмұт
Торайғыров былай деп жазып кеткен:
Бұқар тұсы
қазақтың бүлінгені,
Күн батыстан
суық жау көрінгені.
«Жаяулап келер
жұртыңа,
Балдымай жағар
мұртыңа.
Сұрамай алар
жаныңды,
Бауыздамай ішер
қаныңды.
Есепке салар
малыңды,
Солдат қылар
ұлыңнан,
Көрерсің әлі
құлыңнан….» деп, келместен құты ұшып жеңілгені[1, 223 б]. Қоғамның табиғи және
тарихи жолынан алшақтауына қарамастан, сол кездегі қазақ жастарының ұлттық
мүдде талабына ілесіп, ұлттық идея даналығынан қажетті тәжірибе алып отыруы,
әрине, бұл алаш зиялыларының қалыптасу ерекшеліктерін айқындайтын феномен.
Әулие тұлғаларымыздың рухы елдің құты. Тұлғалық тағылымдарын негіздеп отыратын
елдің мүддесіне, ұрпақтың игілігіне, ұлттың тәуелсіздігіне негізделген қазақ
жырауларының идеялары елдің ырысы мен берекетін сақтап, қалпына келтіріп
отыратын дүние. Олардың тұлғалық қасиеттерінің негізінде кісіліктің
қадір-қасиеті орын алып ұрпақтың мағыналы өмір сүруіне көмектесетін құндылықтар
түсіндіріліп, халыққа жеткізіліп отырған. Мәселен, қазақ хандығы құрылған
дәуірде өмір сүрген рухани тұлғаларымыздың бүгінгі бізге жетіп отырған
жырларына сүйенсек, олардың білім мен ғылым туралы көзқарастары биік, танымы
терең:
Арғымаққа міндім
деп,
Артқы топтан
адаспа!
Күнінде өзім
болдым деп,
Кең пейілге
таласпа!
Артық үшін
айтысып,
Достарыңмен
сынаспа!
Ғылымым жұрттан
асты деп,
Кеңессіз сөз
бастама» [2, 67-68 бб.].
Асан қайғының
артқы топ деп отырғаны халық, яғни, бұл ойшылдың қазақ зиялыларына айтып кеткен
өсиеті. Халықты құрметтеп, оның мүддесіне адал қызмет ету, келешек ұрпақтың игілігіне
пайдасы мол қызмет ету, жеке адамды да халықты да ізгілікке бастайтын түсінік.
«Адамға өмір не үшін беріледі?» – деген сауал жырауларымыздың даналығында
ғасырлар бойы талқыланып отырды. Тұлға да, жеке адамда халықтың өкілі.
Сондықтан да, жеке адамның басына келген бақ, дәулет халық игілігінен
оқшауламауы тиіс.
Жаңа дәуірдің
табалдырығында өзінің озық үлгідегі даму күшімен ие болған білімнің жаңа түрі
де, ғылым да сол елдің мүддесіне толықтай қызмет етіп отыруы тиіс. Елдің тарихи
өміріне оралып, зиялылар кеңесімен ой бөлісіп, қоғамға адал қызмет ету ісі
ислам дінінде де айтылған. Асанқайғы идеясының уақыт талабымен бірге жүріп
отыруының басты себебі сол. «Ғылым не үшін қажет?» «Адамның білімділігі несімен
ерекшеленеді?» – деген сауалды бүгінгі күн тұрғысынан зерделейтін болсақ, әрине
бұған қатысты нақты жауапты тарихта қазақ жыраулары айтып кеткен:
Ғылымның қандай
пайдасы,
Білместі жолға
салмаса [2, 67-68 бб. ]. Алаш зиялылары тарихтағы даналарының даналығынан кеңес
алған, оның басты себебі, сол кездегі өмірдің талабы болса, сол өмір талабына
қарсы тұра білу қазақ баласына нағыз ғалым болу міндетін жүктеді. Нағыз ғалым
болу нағыз білімді талап етеді. Нағыз білім тарихтың тағылымын, даналар ұғымын
дұрыс зерделеп, дұрыс ұғынумен келген. Осы дәстүрдің арқасында ғасырлар бойы
ұлт мүддесіне қызмет етудегі ұлт зиялыларының рухани деңгейлері қалыптасып
тарихта өшпес мұраларды қалдырып отырған.
Әр заманның өз
нышаны, өз рәсімі бар. Бірақ, ол рәсім ұлттың болмысына бағынуы тиіс. Ұлттың
рухының сақталуы әр ұрпақтан елдік пен жуапкершілікті қатар талап етіп отырса,
адамға жауапкершілік ұғымы ұлттық тәрбиемен беріледі. Жыраулар даналығы ұрпақты
елдікке тәрбиелеп, игілікке бағыттап отыратын дүние. Тұлға өсиетінің шындығымен
айқындалып, көрсетіліп отыратын өмір шындығы даналықтың білімі арқылы халық
түсінігіне жетеді, елді дұрыс жолға бағыттайды. Қазақтың ұлы жолы оның
тұлғаларының зердесінде.
Жырау әрі би,
батыр қазақ тұлғаларының зердесі ойдың елегінен барлық қоғам шындығын, уақыт
құбылыстарының болмысын өткізіп отырады. Қазақ ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазып
кеткендей, қазақ ойшылдарының табиғатына тән сезімталдық, Майқы би тағылымынан
бастап қазақ даналығының бойында орын алып отырған. Әулие ойшылдардың ой
толғаулары ғасырлар бойы қазақ болмысының өрісін, тағдырын қамтиды. Майқы би,
Бұқар жырау, Мөңке би, сынды әулие ойшылдарымыздың тағылымы, тұлғалық
сезімталдықтың адамның жаратылысынан табиғатына берілетін дара қасиет
екендігінің куәсі. Бұлар әр ғасырда, тіпті, араларына бірнеше ғасырды тастап
дүниеге келетін адамдар. Олардың ерекше қасиеті елдің болашақ уақытын көзбен
көріп, сол уақытта не іс атқару керек екендігін айтып кетуінде. Рухы әлсіз адам
қандай нәрсеге де жеңіл қарайды, барлығында жеңіл қабылдайды. Алғыр ой
ұшқырлыққа, мінездің кеңдігі жеңілтектікке айналса бұл рух әлсіздігі. Рух
беріктігі таза ақылмен келеді, бұны Шәкәрім данамыз айтып кеткен. Рухтың
әлсіздігі адам ісінің мәнсіздігін, мағынасыздығын туғызады. Соның уақыт
өрісінде орын алатын бір белгісі парақорлық. Ұрпақты өмірдің талабына ұлттық
мүдденің талабымен икемдейтін билер руханияты халыққа дұрыс кеңесін беріп
отырса, тектіліктің әр уақытта да өмір шындығымен жалғасатын қасиетін түсіну
ұрпаққа оңай болатындығы анық. Сол себептен, әулие ойшылдарымыз елдің бейбіт
өмірін тежейтін нәрселердің қоғамнан орын алу себебі адам мінезінің өз
табиғатына жат келуі деп түсінген:
Ақыр заман
адамы,
Жинауына
дүниенің
Жетік шығар деп
еді.
Толғауы жоқ күйі
жоқ,
Жыр шығады деп
еді.
Ендігінің
адамынан
«Мен-мен» шығар
деп еді.
Қоныс болса
алдынан
Орыс шығар деп
еді.
Осы айтқаным
бәрі де,
Дұрыс шығар деп
еді [3, 75 б.]. Бұл халықтың танымына сүйеу болған Мөңке би өсиеті. Сөздің
шындығын дұрыс ұғына білген ата-бабаларымыз рухани ұстаздардың өсиеті мен
өнегесін тарихта осылайша сақтап отырған. Қоғамы дұрыс болу үшін адамы терең
болуы қажет. Адамға тереңдік қалай беріледі? Мөңке бидің ұлтымыздың санасында
жатталып қалған, «Толғауы жоқ, күйі жоқ жыр шығады деп еді» – деген сөзі, елдің
рухани өмірінде елдің рухани болмысына рухани тірек болып отырған тарихи
дүниелердің бейнесі көз алдымызға әкеледі.
Қазақ
ойшылдарының руханияты қалыптасқан уақыт ел рухының биіктеген уақыты. Әр
ғасырда өмір сүрген ойшылдардың өсиеті мен өнегесінің халықтың жан-дүниесіне
жетіп, ел болмысының бойына тегіс тарап тарихта сақталуы бұл әрине тарихи мәні
бар шындық. Сол кезде елдіктің рухы бар қоғамда өмір сүрген ойшылдарымыздың ой
толғамдары сол уақытпен ғана шектеліп қалған жоқ, идеяның болашақпен орайласып
отыруының себебін ата бабаларымыз терең түсінген. Әулие ойшылдарымыздың
руханиятымен беріліп отыратын білім даналықтың дәні. Ол ел тарихтан алшақтаған
уақытта ұрпақтың жан-дүниесінен жарып шығады. Ұрпақтан ұрпаққа қабілет арқылы
ауысып отыратын ойшылдықтың бұндай рухы қазақ топырағында сақталған тұлғалықтың
дара көрінісі. Бұны зерттеу бүгінгі күннің талабы. Ата бабаларымыздың сөз
қадірін түсінуінде, оның өрісін сақтап отыруда, тіл білімі арқылы сөз бейнесін
негіздеу өнерінде даналықтың рухы бар. Бұл қазақтың тұлғалану ерекшелігі ғана
емес, ұлтты сақтаудағы қазақ зиялыларының салып кеткен рухани жолы. Осы бір
алаш баласының ерлігі мен елдігінің негізінде қалыптасқан рухани жолдың
негізінде қалыптасқан қазақ зиялыларының тарихы бар. Тұлғалар тарихы, ұлт
мүддесі жолындағы тұлғалық қасиеттері, рухани мұралары, сол мұра бойында қалған
тағылымдары үнемі ұрпақ санасына қайтып оралып отырады.
Рухы оянған
ұрпақ бабалар тағылымын қадірлеп, өсиетін ұғынады, оның білімін сақтайды, тарихи
өнердің иесі ұлт пен тұлғалардың өнегесін бағалайды. Пайғамбарымыздың
хадистерінде, «даналардан кеңес сұра, ғалымдармен аралас» – делінген. Әулие ойшыл
адамдар халық үшін өмірге келсе, сол тұлғалардың танымы, мәңгі адамзаттық
игілік, ұлттық құндылық тарихты тағалады. Қазақ ұлтының елдің тарихы мен
болашағына, өткені мен бүгінгісіне зерде биігімен қарауының себебі осында
жатыр.
Атам қазақ
мақалы:
«Ақылың барда
жыр тыңда»
Ақылсызға амал
не?
Әйтсе дағы бір
тыңда, – деп айтып кеткен ойшыл Ғұмар Қараштың сөздерінде қазақтың тарихи
өмірінің шындығы бар [4, 67 б]. Адам баласына Алла тағаланың беретін ең басты
мүмкіндігі, мүмкіндіктерінің кілті ол – ақыл. Адам алдындағы ең басты бағалы
парыз ақылды жетілдіру және оның әлеумет өмірінің әлеуметтік игілігіне жарату.
Даналық ұрпаққа берілетін тарихи мүмкіндік. Даналық адамзаттық білімге,
тәжірибеге жетекші болатын қасиетімен өшпейді, нағыз тұлғалық қасиетке, рухқа
ие, даналықтың ықыласына, мейіріміне бөленген ұрпақтың тағылымы өшпейді.
Тұлғалар рухы тұлғаның қасиетімен өлмейді. Бұл тұлғалық болмыстың табиғаты мен
ақиқатын бейнелейтін шындық.
Тұлғалар
мұрасының тағдыры халық рухына тәуелді. Елдің рухы көтерілген шақта тарихтың
даналығы жоғалмайды. Керісінше қоғам дамуының идеялық рухани көзі мен тірегіне
айналып қала бермек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Торайғыров
С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1993. 280 б.
2. ХҮ-ХҮІІІ ғғ.
Қазақ поэзиясы. Алматы: Ғылым, 1982 ж.
3. Қорқытов Б.
Кіші жүздің билері мен батырлары. / Берік Қорқытов. – Алматы: Өлке, 2009. – 528
б.
4. Ғұмат Қараш. Аға тұлпар. Өлеңдер // Жұлдық №12, 1991.
Ақиқат
Философия
ғылымдарының кандидаты,
Қ. Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ