КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Әдетте баспасөзде қала көшелеріндегі қате жазулар жиі сынға ілігіп жатады. Тіпті қазақ тіліндегі қате жазулар бүгінде үйреншікті дүниеге айналған ба деп те ойлайсың. Бірақ қала көшелерінде ғана емес, қазір ауылдарға да бұл «дерт» жұққан секілді. Мәселен, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской ауылындағы өзім көрген кейбір келеңсіздіктерді айта кеткенді жөн көрдім.

Ауылдағы Жеңiс атауын иеленген кө­шедегі билбордтағы «Қазақстан – 2030» – барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқаты­ның…» деген сөйлемнің аяқталмағанына («артуы» деген сөз түсіп қалған) аз уақыт өткен жоқ. Бұл сөйлем Елбасының сөзiнен алынғанын мектепке енді барған бала да біледі. Бірақ жергілікті атқамінерлер сөйлемді аяқтауды тұрғындардың еншісіне қалдырған сияқты. Сонымен қатар ауылдағы дүкендерге қатысты да сын айтуға болады. Мысалы, «Айсу» мен «Рахат» дүкендерiнің маңдайшасында «дүкен» сөзі у әрпімен жазылғанына да елең еткен ешкім жоқ. Бұл онсыз да тілге шорқақ тұрғындардың санасына қате түсінік ұялатып тұр.

Ол аз десеңіз, аудандық iшкi iстер бөлiмiндегі «Прокуратура» деген тақтада «Жеңiс» көшесiнің атауы «Женис» болып жазылғанын көзіміз көріп жүр. Осы ауылдағы киiз үйдің жобасымен салынған әдемі дүкеннiң де «Юрта» аталуы көңiлге қонымсыз. Жаза берсек, тізе берсек бұл ауылдағы тіл төңірегіндегі түйткілдер таусылар емес. Өз мекенжайын қате жазатын мемлекеттік мекемелері бар ауылдарға кім ақыл айтады екен?

 АНА ТІЛІ газет

Қостанай облысы


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика