КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2017 жылдан бастап латын қарпіне көшуге талпыныс жасадық: түрлі іс-шаралар өткіздік, халықтан жаппай диктант алдық, газет шығардық, кітап бастық, көшедегі көрнекі ақпаратты түгел латын таңбасына ауыстырып тастадық.

Ұзақ жылдар бойы бодандықтың бұғауында болған қазақ елі үшін кириллицадан құтылып, әлемдік өркениетке негізделген латын әліпбиіне көшу арман болғаны даусыз. Бұл мәселе еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері көтеріліп келе жатқанымен, латын графикасы ресми бекітілмеген еді. Латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздің дыбыстық жүйесін түзеп, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталуы кезінде сөздердің қолданысын дұрыстап, артық кірме сөздерден толық арыламыз. Сонымен қатар, түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашылады.

Жаңа латын әліпбиі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізілуі үшін алдымен орфографиялық, сараптамалық-техникалық және терминжасам жөнінде арнайы 4 жұмыс тобы құрылған еді. Оның бәрі тоқтап, бүгін латын графикасындағы нақты  жаңа қазақ әліпбиі жоқ болып тұр. Алайда, жарнама  беттері мен дүкен атауларын латынша жазу бүгін де сәнге айналған. Бірі қосарланған, екіншісі айшықталған, енді бірі дәйектелген талай әліппе ұсынылғанымен, әзірге латын әліпбиіндегі көшедегі сөздерде бірізділік жоқ. Нақты бекітілген латын әліпбиі болмаса да, жарнама беттері мен сауда орталықтары, дүкен атаулары латыншаға толып тұр. Бұл қаншалықты дұрыс?

Осы мәселе жөнінде Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ф.ғ.д. Қаламқас Қалыбаеваның пікірін сұраған едік.

«Көшеде латынша жазуға әлі ерте. Себебі, емле бекітілген жоқ. Жарнама беттері мен дүкен атауларының жаппай латынша қарпімен жазылып жүргендігі бұл мәселенің түпкілікті шешімін таппағандығының көрінісі. Латын әліпбиі үкімет қаулысымен бекітілуі қажет. Бұл мәселелер аяғына дейін шешілмей тұрып, асығыс әрекеттерге барғанымыз дұрыс емес. Кәсіпкерлер  латын әліпбиімен жазуды сәнге айналдырып алғандай. Көше бойында ғылыми тұрғыда жасалып, заңмен бекітілмеген латын таңбалары самсап тұр. Кейбірін тіпті оқу мүмкін емес. Сондықтан да, емле ресми түрде үкімет қаулысымен бекітілгенше латын қарпімен жазу қателік. Латын әліпбиі тілімізге сай, қарапайым, анық, түсінікті және ыңғайлы болуы тиіс», - деді ғалым. 

Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру – қазақ тілінің дамуы үшін қажет. Әрине, әліппе ауыстыру оңай емес. Десе де, латын әліпбиіне көше отырып қазақ жазуындағы кемшіліктер жойылып, тілдің даму аясы кеңейе түседі. Мұндай батыл шешімнің артында қаншама еңбек, қыруар жұмыстар жатқанын ескеріп, ресми бекітілмеген латын қарпімен жазылған жарнамаларды оңды-солды көше бойына іле берудің қажеті жоқ. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Әліптің артын бағайық. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















ТЕКСТ

Яндекс.Метрика