КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңартылған бағдарламаның бастау нүктесі – мәтін. Қазіргі орта мектепте қолданыста жүрген оқулығымыз жыл бойына бөлінген сағат мөлшеріне лайықталып әзірленген. Мысалы, онда бір жылға 102 сағат бөлінген болса, оқулықта соған жуық мөлшерде сабақ тақырыбы беріледі. Әр сабақ мәтінтанудан басталады. Мәтінді оқып немесе тыңдап танимыз. Бұлар рецептивті, яғни қабылдау дағдыларына жатады. Оқушы алдымен мәтінді тыңдау арқылы немесе оқу арқылы қабылдайды, түсінеді, таниды. Сондықтан бұл екі дағдыны біз мәтінтануға жатқызамыз. Яғни оқу мен тыңдаудың мақсаты – мәтінді тану. Сол танитын мәтіндердің бәрін жүйесіз бірін айдан, бірін сайдан да ала берген ғой бұл бағдарламаны жасаушылар.

Жаңартылған бағдарламада 11-сыныпта Еңбек нарығы және сұранысы деген тақырыпқа Мектеп баспасы авторлары, мысалы: Нарық, Еңбек нарығы, Сұраныс, Ұсыныс пен баға деген сияқты бірнеше тақырып алған. Қазақ тілі оқулықтары балама оқулықтармен оқытылатындықтан, яғни бірнеше баспаның оқулығы қатар оқытылатындықтан, мына ұсынылған тақырыптар басқа баспадан шыққан оқулықтарда жоқ. Яғни бір Қазақ тілін оқып жатқан балалар бағдарламада бөлімнің тақырыбы бірдей көрсетілсе де, сабақтарының тақырыптары (оқу мәтіндері) әртүрлі болып келеді. Мәселен, Атамұра баспасынан шыққан «Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулықтың» 9 бөлімі «Еңбек нарығы және сұраныс». Ал авторлардың алған мәтіндері мынадай: Еңбек нарығы, Сұраныс заңы, Еңбек етсең ерінбей, Еңбек бәрін жеңбек, Мамандықтың бәрі жақсы, Жұмыспен қамту, Жұмыс күші. Ал «Арман-ПВ» баспасынан шыққан «Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулықтың» 9 бөлімінде «Еңбек нарығы және сұраныс». Ал мәтіндерінің тақырыптары: Еңбек – адамның тіршілік әрекетінің негізі, Еңбек нарығы және оның әлеуметтік мәселелері, Еңбек нарығындағы жұмыс күші. Сұраныс факторлары, Жұмыссыздық пен инфляция – экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі, Кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс, Табысты адамдар – табысты ел деген тақырыптар алынған. Сонда бір қазақ тілі пәнін оқып жатқан оқушылар әртүрлі мәтінмен жұмыс істейді. Бұл – жүйесіздік. Сондай-ақ бағдарламада көрсетілген «Еңбек нарығы және сұраныс» деген тақырып аясында түрлі-түрлі мәтіндермен танысса, оқу сауаттылығы артта қалмайды. Мұндай тақырыптағы мәтіндердің шегі жоқ. Бағдарлама жасаушылар кезінде шатасқан шығар. Ал бүгінде мұнда жүйе бар, ғылым бар, әдістеме бар дейтіндер әлі кездеседі екен?!

Жаңартылған бағдарламамен оқып жатқанымызға сегіз-тоғыз жылға жуықтаса да сауаттылығымызды Пиза бойынша тексеріп көргенде көрсеткішіміз әлі төмен екені байқалды. Мұның себебін сауаттылықты тексеретін мәтіндер бұрын өтпеген, таңсық болып келіп жатыр деп ақталамыз. Түрлі-түрлі тақырыптағы мәтіндерді неғұрлым көбірек алсақ, соғұрлым көп білім береміз деу өте қате түсінік екендігі осыдан-ақ көрінеді. Пиза сынағында тура сондай тақырыптағы мәтіндердің келуі өте қиын. Сондықтан оларды мәтінтану барысында типтей білуге үйрету ұтымды болмақ. Біз кемшілік дегенде соны айтып отырмыз. Бағдарламада осы жағы жетіспейді. Мәтіннің жанрын, мәтіннің құрылымын, типін тану қажет. Сөйлемдердің де шегі жоқ қой, бірақ сөйлемдерді біз типтейміз, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, болымды, болымсыз, жақты, жақсыз деген сияқты. Мәтіндерді солай типтеп, белгілі бір түрлерін (типтерін) анықтап алып, бала соған көзі үйренуі керек. Мәтінді солай тани алатын болса, онда ол баланың сондай мәтін тудыруы оңай болады. Қазақ тілінің мақсаты мәтін тудыруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға жету емес пе? Көбіміз пәннің мақсаты «Еңбек нарығы және сұранысы» және т.б. тақырыптар бойынша білім алу деп ойлайтын сыйақтымыз. Лексикалық тақырыптар бойынша білім жинау пәннің білім мазмұнына кіреді деу қате түсінік. Осы қате де жөнделіп жатқан бағдарламамен көшіп келуі кәдік.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


















08/06/2017 11:00

Ойыншық ат
0 106467 6

05/05/2017 14:45

ҮШ ҚАТЫН
0 88119 0



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика