THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы, басты тірегі. Президентіміз Н.Назарбаевтің өзі бұл құнды кітабымызды қабылдау кезінде: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз” – деген болатын.
Ата-заңымыздың негізгі қызметі – өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту т.б. Ал, ендеше осыншама ізгі істердің механизімі болып отырған, біздің тірегіміз деп отырған Конституциядан жоғарыдағыдай қате кетіп отыр. Мұны қандай қасіретке балаймыз?
Балықтың басынан шіруі деп осыны айтуымызға болады. Мемлекетімізідің тірегі деген кітаптан қателер шығып жатыр және бұл мемлекетке тірек болуда деген биліктегі ағаларымыздың немқұрайлығын, жауапкершілігінің жоқтығын көрсетеді. Біз «Тіл сақшысы» қоғамдық қозғалысының атынан құнды кітабымыздағы бұл олқылықты дереу түзетуді талап етеміз!
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
08/06/2017 10:21
Балықтың басынан шіруі: Құраннан кейінгі кітабымыз конституциямыздан қате табылып отыр
|
ТЕКСТ