КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

         Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институты 3-6 жас аралығындағы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында «Сәбилерді сөйлетейік» атты бейнероликтер байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі балалар контентінің сапасы мен санын арттыруға, сондай-ақ арнайы әзірленген бейнероликтер мен анимациялық роликтер арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың қазақ тілінде еркін сөйлеуін дамытуға үлес қосу. Байқауға Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұратын барлық жастағы азаматтар қатысты.

2025 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында осы байқаудың ІІ кезеңі өтті. Байқауға қазылар алқасы құрамында SDU University Ph.D, ассистент профессор (бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі) Искакова Ляйла Маратовна, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, режиссер, кино және телевизия режиссурасы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі Исаев Олжас Мархабаұлы, Қазақстан Жазушылар және Киногерлер одағының мүшесі, ақын, журналист Болат Жетекбай, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет және Мемлекеттік тілді дамыту институтының қызметкері Әлия Алпысбай қатысты. Байқауға барлығы 50 бейнеролик қабылданды. Бірінші кезеңде бейнероликтер төрт негізгі талап бойынша іріктелді: бейнероликтің мазмұны балаларға арналған ережедегі тақырыптарға (сандар, түстер, жануарлар және т.б.) сай болуы; мазмұнның тұтастығы; желіге жүктелген бейнероликтің атауы мен жазбасының ережеге сәйкестігі; сондай-ақ бейнероликтің сапасы, яғни операторлық және монтаждық жағының талапқа сай болуы. Екінші кезеңде бұл талаптармен қатар сөздер мен фразалардың дұрыс, анық және түсінікті қолданылуы, сондай-ақ бейнероликтің әлеуметтік желідегі белсенділігі (қаралым, пікір, бөлісу көрсеткіштері) де ескерілді. Қазылар алқасы бірінші кезеңде іріктелген 15 үздік бейнероликтің ішінен жеңімпаздарды анықтады. Қатысушылар «Бас жүлде», «І орын», «ІІ орын», «ІІІ орын», «Үздік сюжет» және «Үздік режиссура» номинациялары, сондай-ақ екі ынталандыру сыйлығы бойынша марапатталатын болады.






ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз
















05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 3202 0




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 5991 0



15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 5768 1







14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 5340 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика