КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия шығармалары қаламгерлердің халық тағдырын көркем шындық поэтикасы аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургиядағы шығармалар – көркемөнердің баға жетпес рухани құндылықтары. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарына Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Жұмат Шанин секілді таланттарды жатқызуға болады. Өзіндік айтары бар пьесалар арқылы драматургтер ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды. Қазіргі таңда қазақ драматургиясында өзіндік ерекшелігімен танымал болған ірі тұлғалардың бірі – Сұлтанәлі Балғабаев. Оның «Қыз жиырмаға толғанда», «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Әйелдер әлемі», «Сағыныш пен елес» атты пьесалары еліміздің барлық театрлары мен Өзбекстан, Қарақалпақстан театрларында қойылып жүр. Сұлтанәлі Балғабаев – жазушы-драматург ғана емес, өз ойын сөз құдіретінің асыл нәрімен сусындата білген көсемсөзші. Қаламгер қаламынан туған әңгімелері мен пьесалары бүгінгі заман адамдарының психологиялық болмыс-бітімін, тірліктегі қарекетін, өмірдегі өзіндік күресін шынайы көрсетумен ерекшеленеді. Оның туа біткен дарыны арқасында дүниеге келген пьесаларының тақырыптық, жанрлық ауқымы сан қилы. Трагедия, драма, комедия деп бөліп-жармай, қаламгер қоғам, өмір, орта ұсынған мәселелерді сахна төріне ыңғайлауда өзінің жеке-дара жазу стилін қалыптастырған шебер суреткер. Сонымен қатар оның пьесалары арқылы жұршылық өз заманының құбылыстарын, пендешілікке салынған адамдар бейнесін және әр пенденің жан дүниесінен кездесетін жақсылы-жаманды мінездерді көре алады.

«Ең әдемі келіншек» - сүйгеніне қосыла алмаған Гүлбаршынның қиын-қыстау ғұмыры туралы екі бөлімді лирикалық мұңға құрылған туынды. Гүлбаршын образы арқылы шын ғашығына қосыла алмаған әйел тағдыры бейнеленеді. Институт бітіргеніне 10 жыл өткеннен кейін достарын және 16 жасында ғашық болып, қосыла алмаған Алтайды көру үшін Алматының қонақ үйіне келіп тоқтайды. Секцияларға бөлінген бөлмесін шатастырып, ерлер бөлмесіне жайғасып отырады. Онда орын алған Абдолла деген жігітпен кездесе салып, оны достарына «күйеуім» деп таныстырады. Абдолла Гүлбаршынның өміріне ең бір ұмытылмас, жарқын сәттер сыйлайды. Сонда да ақыр аяғында, бұрынғы құдай қосқан қосағы, қызғаныштан ішімдікке салынған – Жиенбайға қайта оралады. Пьесаның негізгі идеясы – адамның шынайы махаббаты. Бір-бірінің адамшылық қасиеттерін қастерлеуге негізделуге тиіс екенін дәріптейді. Бұл пьеса арқылы С.Балғабаев қоғамдағы жанұя тәрбиесінің маңыздылығын, олардың іс-әрекетін шынайы көрсеткен. Заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы негізгі ой болып көзделеді. Қоғамдағы тұрмыстық-әлеуметтік жағдай, өмір шындығының сан салалы мәселелері сөз болады. Расында да, бұл пьесада әншейінде күйкі тірлікпен жүріп мән бермейтін, күнделікті өмірде кездеспей тұрмайтын жайттар көрерменнің жүрегін қозғайды, ой салады және қазіргі заманның шынайы бейнесін ашады.

massaget.kz

сурет: amur.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 937 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2134 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2861 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика