КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақпараттық хат

Авторы: MTDI

17/04/2020 11:45   0   8362   0

 

Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген «2019 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну» жоспарына сәйкес, «Лұғат» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «ҮЕҰ арасында мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша мемлекеттік грант аясында Шығыс Қазақстан облысының  үкіметтік емес ұйымдар арасында  мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған оқыту курсын ұйымдастырады.

Шараның мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту, ҮЕҰ қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру.

Шара елдің 6 өңірінде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында өткізіледі. Онда мынандай мәселелер қамтылады: ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату.

Білікті мамандар сабақ беретін болады. Олар: Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы - КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы, Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы- филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы, Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы - филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры.

Курсқа Қазақстанның 6 өңірінен 300 дей адамды қамту көзделіп отыр. Онлайн курс 28 сәуір күні өткізіледі. Курс аяқталғаннан кейін сертификат тапсырылады.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208651 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 195920 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 154161 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика