КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту  және ономастика бөлімінің тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институты 2024 жылы 9-тамыз күні Абай ескерткішінің алдында «Адамзаттың Абайы» атты қалалық мүшәйра өткізді.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй, белгілі жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және қала қонақтары қатысты.

Ұлы ақынның туған күніне орай ұйымдастырылып отырған салтанатты іс-шараның шымылдығы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен ашылды.

«Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні – еліміз үшін ерекше күн, оның шығармашылығымен қаншама ұрпақ сусындап өсті. Абайдың есімі қазақ халқына ғана емес, бүкіл әлемге мәшһүр. Артынан мол мұра қалдырып кеткен ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеп, келер ұрпаққа дәріптеу біз үшін үлкен міндет», - деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов.

Ұлы ақынның шығармашылығы Қазақстан мен Қытай арасында мәдени көпір қалыптастырғанын алға тартқан Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй Қытайдың Бейжің қаласында да Абайға ескерткіш қойылғанын айтып өтті.

«Абай шығармалары қазақ халқының рухы мен күшін бейнелейді. Ол қазақ халқының мақтанышы ғана емес, бүкіл әлемге аты мәлім, жоғары беделге ие ұлы ақын», - деді Цзян Вэй.

Іс-шара барысында белгілі ақындар Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арнау өлеңдер оқыса, оқушылар ақынның жыр-шумақтарын жатқа айтты. Сонымен қатар, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі Мағжан Сатыбалды, Үшқоңыр фольклорлық ансамблінің әншісі Нұрдәулет Жуасбеков, Қанатбек Жүнісбеков, «Асылтас» тобы Абайдың әндерін шырқап, Алатау дәстүрлі өнер театрының актері Нәсіпжан Басшыбай «Абай монологын» оқыды. Алматыдағы Қытай Халық Республикасының  консулдығының қызметкерлері Ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.


Рухани жиын барысында кітаптар көрмесі мен этноөнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика