THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Авторы: Айдана Мағжан
11/01/2024 11:04 0 1656 1
Мемлекеттік тілді дамыту институтында 22
желтоқсан күні «Орта мектепке арналған жаңартылған қазақ тілі пәнінің
бағдарламасын жетілдірудің барысы» атты семинар өтті. Семинарды қазақ тілі
оқулықтарының (5, 7, 8, 9, 10, 11 сынып) авторы, ф.ғ.к. Б.Қапалбек жүргізді.
Семинарда төмендегідей тұжырымдар жасалды:
1. Қазақ тілі қоғамда функционалдық білім
беретін негізгі пән. Сондықтан оның осы дәрежесін тиісті құқықтық талаптармен
бекіту керек.
2. Қазақ тілі пәнінің мақсатын қайта қарау
керек. Қазақстан Республикасында оны білудің деңгейлік жүйесін енгізу керек.
Жаңартылған бағдарламамен мың сағаттан артық оқыған оқушының қандай нәтижеге
жететіндігі анық емес.
3. Барлық әдістемеде қарапайым ғана төрт
дағдыны (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым) игеруде өрескел қате жіберілген.
Тыңдалым мен айтылым егіз дағды болып біріктіріліп көрсетілген, жөндеу керек.
4. Оқу мақсаттарында коммуникацияға қатысты
төрт дағдыны жетілдіру мен ауызша және жазбаша орындалатын жаттығулар бір деп
саналған. Бұл – қате.
5. Төрт дағдыны алдымен мәтін тануға
қатысты және мәтін тудыруға қатысты деп бөліп тастау керек. Сонда жүйелі білім
болады. Мәселен, мәтін ішінен керек ақпаратты табу мәтін тануға жатады.
6. Мәтін тудыруға жазу мен сөйлеу
дағдыларын жетілдіру жатады. Былайша айтқанда, тыңдалым мен оқылым мәтінді
тануға қатысты дағдылар да, айтылым мен жазылым мәтінді тудыруға қатысты
дағдыларға жатады.
7. Барлық бағдарламаларда грамматика
жүйесіз, мақсатсыз, үзіп-жұлып берілген. Мұны білікті грамматика мамандарына
тапсырып, түзету керек.
8. Қолданыстағы бағдарламаларда мәтіннің
мазмұнын тануға көп көңіл бөлінген. Мәтінді типтей білуге және сол үлгімен
мәтін тудыру назардан тыс қалған.
9. Барлық
стильдің ауызша нұсқасы бар. Яғни кез келген мәтін тудыру ауызша және жазбаша
түрде болады. Дағды қалыптастыру кезінде осы екі түрін де қатар алып жүруіміз
керек. Бүгінгі қолданыстағы жаңартылған бағдарламада бұл жоқ.
Семинарға онлайн форматында еліміздегі орта
мектептердің жалпы саны 120-ға жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
қатысты. Семинарға қатысушыларға сертификат берілді.
ПІКІР АЛМАСУ
10/11/2023 15:04
Бижомарт ҚАПАЛБЕК: ӘЛІППЕНІҢ АТАСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ САЛҒАН АРНАҒА ҚАЙТА ОРАЛУЫМЫЗ КЕРЕК
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
ТЕКСТ