КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    «Мемлекеттік тілдегі мәтіндердің сапасын қанағаттанарлық деуге болмайды» – дейді баяндамасын енді ғана бастаған «Мэлс Ержанов» Жеке қорының директоры, өнертанушы Земфира Ержан бүгін өткен «Қалалықортадағықазақтілі»аттыдөңгелекүстелде. Әрине, қаламыздағы қазақ тілінің жағдайына қанағаттану былай тұрсын, «мүшкіл» екені белгілі. Баяндамашы мемлекеттік тілдегі мәтіндердің сапасының не үшін сын көтермей тұрғандығына бірнеше себептер көрсетеді. Атап айтқанда, қазақ тілінің лингвистикалық нормаларының бұзылуы, тілдік интерференцияның әсерінен лингвистикалық калькалардың туындауы, яғни бөгде сөздерді араластыру арқылы тілді шұбарлау, үстем тілдің (орыс тілінің) грамматикалық нормаларын пайдалану, қазақ тілін қарабайландыру т.б. Сондай-ақ, осы айтқандарына мысал ретінде қаламыздың көшелеріндегі бірнеше жарнама баннерлеріндегі мәтіндерді көрсетті. Шынында, ол қателерді күнде көріп үйреніп қалғанымыз соншалық, көзімізді жұмып жүрсек те көретін болғанбыз.
     «Арсенал выбирает нас, а вы? – Арсенал бізді таңдайды, ал сіз?», «Цепляет как никогда раньше – Еш уақытта болмағандай тіркейді», «Инвестиций будущее начинаются сегодния! – Инвестициялар болашаққа бүгіннен басталады!», «Сохрани себя здоровым! Пройди профилактический осмотр в поликлинике по месту жительства – Өзіңнің денсаулығыңды сақта!», «Мекенжай емханасында профилактикалық БАЙҚАУҒА қатыс!» т.б. Земфира Ержан осы қателерді тізіп көрсете келе мұндай сауатсыз жарнамалар тұтынушы мен өнімді өндірушіге қандай кері әсері тиетінін сөз етеді. Яғни, мұндай дұрыс емес аударылған, қате мәтіндер қала халқының тілін шұбарлатып, дүбараландырса, ал қате мәтінді пайдаланған, яғни жарнаманы ілген кәсіпорын тұтынушыларының санасында жағымсыз ойлар туып, оны тауардан бездіруі бек мүмкін екен. Сайып келгенде, жарнамаға шығындаған ақшаңыз далаға шашылып, желге ұшады. Бизнес тілімен айтқанда, бұл – маркетингтік жеңіліс!
    Баяндамашы Земфира Ержанның айтуынша, мемлекеттік тілдегі мәтіндердің сапасын арттыру үшін «Үнемі қазақ тілінің нормаларына жүгіну және осы нормалардың сақталуына бақылауды күшейту», «Сауатты жазудың үлгісін көрсету және осыны барынша насихаттау, тарату», «Мәселенің тиімді шешілуіне септігін тигізетін іс жүзіндегі шаралар жүйесін ойластыру» т.б. іс-шараларды жасау керек екенбіз. Ал, бұл іс-шараларды жасау (бақылау, талдау, сараптау) үшін жұмыс тобын құру қажеттілігі туып тұрғанын атап өтті.
     «Алматы қаласының лингвистикалық ландшафты» атты тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова жасады. «Лингвистикалық ландшафт» не екенін тәптіштеп түсіндіріп, бізге бұл ғылыми термин туралы біршама мағлұмат берді. Қазіргі Алматылық дегеніміз кім? Міне, осы мәселеге жауап іздей отырып, алматылықтардың мемлекеттік тілі қанағаттанарлық емес екенін дәлелдеп берді.
     «Мемлекеттік тілді дамытудағы электронды БАҚ-тың ықпалы» атты тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері Айгуль Әмірбекованың баяндамасы да керемет болды. Баяндамашы Қазақстандағы БАҚ жүйесіндегі мемлекеттік тілге қатысты барлық мақалалар мен қоғамдық пікірлерге сараптама жасапты. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді тіл саясаты арқылы нығайтуды көздейтін саясаттанушылардың ұсыныстарын, мемлекеттік тілді дамытуға ықпал ететін барлық іс-шаралардың нәтижелерін талдап, сараптап көрсетті. Баяндамашының сараптамасынан ұққанымыз сол, орташа есеппен әр жыл сайын мемлекеттік тілді дамытуға байланысты 200-ге жуық ресми іс-шаралар өтілетінін анықтаған. Біле білгенге, бұл іс-шаралардың өзі қазақ тіліне деген сұраныстың артып тұрғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Алматы халқының тілдік ахуалына келтірілген деректер мен дәйектер мемлекеттік тілдің аз жылдамдықпен болсын, дамып жатқандығын айғақтай алады. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Қазақ тілін шеттеткен БАҚ лицензиядан айырылады» деуі, Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақша сөйлейтін халқы 70 пайыздан асқан өңірдің барлығы қазақ тіліне көшуі керек» деп айтқаны т.б. цитаталар мен дәйектемелерді Айгуль Әмірбекова сөз етеді. Сосын ғаламтор желісіндегі қоғамның пікірлерін, ондағы қазақтілді ақпараттар мен материялдарға сұраныстың күрт артқанын анықтап береді. Иә, шын мәнінде, бұлардың бәрі мемлекеттік тілдің «дабыл» қағып жатқанын білдіреді. Ақиқаты сол, қазақ тіліне сұраныс бар.
    Дөңгелек үстелдің келесі кезеңі спикерлерге сұрақ қоюмен жалғасты. Әрине, мәселені төтесінен қоя отырып, оның шешімі мен жауаптарын өздері баяндап берген баяндамашыларға жиналған қауымның сұрақтары көп бола қоймады. Бірен-сараң сұрақтар қойылды, мәселелер айтылды, ұсыныстар жасалды. Басқа да дөңгелек үстелдің қатысушылардың пікірі тыңдалды. Арасында ел анасы, ұлт жанашыры, өз уақытында Алматы қаласындағы қате мәтіндермен белсене күрескен Базарбаева Дәріжан Төлеубайқызын есімізге алып, қазақтың тілі үшін жасаған ізгі істерін өзімізге өнеге қылдық.
     «Қалалық ортадағы қазақ тілі» атты дөңгелек үстел мемлекеттік тілге байланысты болатын еліміздегі 200-ге жуық ресми іс-шаралардың бірі ғана. Мемлекеттік тілімізді дамыту үшін осындай іс-шаралардан қорытынды шығарып, іске белсене кірісу керек. Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Бижомарт Қапалбеков «Айқын» газетіне берген бір сұхбатында «Мемлекеттік тілді дамыту үшін тілге бөлінетін барлық ресурстарды бір мақсатқа жұмылдыру қажет» деп айтқан болатын. Расында, аққу, шортан һәм шаян болып тілді дамытуды бірдей қолға алып, бірігудің, бірігіп тірлік жасаудың механизімін осы бастан ұйымдастыру керек. «Бірлік түбі – береке» екенін ұмытпайық!.. 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика