THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Мен қазақ емеспін, төремін» «Мен қазақ емеспін, төремін»
Авторы: Нағашыбай Қабылбек
28/04/2017 17:40 0 49607 0
Ата-бабаларымыз ұрпақтарын «руыңды біл,
бірақ рушыл болма» деп тәрбиелеп келді. Бұл тәмсілге сүйенсек, руға бөлінген
қазақтың құлар апаны белгілі деген сөз. Демек, ру намысы ұлт намысынан биіктеп
кетсе, құрдымға кету оп-оңай. «Жау жоқ деме, жар астында» дейді бабалар
даналығы.
— Мен қазақ емеспін, төремін, — деді.
— Төре болсаңыз, қара халықтың қамын
жемейсіз бе? — деп, тағы жібердім. Әзілдеген түрім. Байқаймын, қолы дірілдей
бастады. Бұл кезде мен орындыққа жайғасып алған едім.
— Шашыңды неге алмағансың? — деп дүрсе
қоя берді ол.
— Аға, біз бірінші рет келіп тұрмыз.
Алмас бар. Қазір сыпырып тастаймын, — деп, танысым араға түсті.
— Сендер, қазақтар, осындайсыңдар. Неге
дайындалып келмейсіңдер? Ел болмайсыңдар! — деп, аузына ақ ит кіріп, көк ит
шықты. Күре тамыры білеуленіп, шекесі тырысып, сөйлеп жатыр. Расымды айтайын,
менің түсінігімдегі намаз оқитын адам сондай биязы, сабырлы болса керек-ті.
Ішімнен исламға кір келтіріп, намазхандарға күйе жағатын осындай адамдар-ау деп
ойладым.
— Аға, көркем мінез қайда? Намаз оқисыз,
орта жастан асқан, ақыл тоқтатқан адамсыз, —деген сөз аузымнан тағы шығып
кетті.
— Бұған намаздың қандай қатысы бар? —
деді ол менің жайнамаз төселген бөлмеге көз қиығымды тастап тұрғанымды байқап.
— Еврей де намаз оқиды. Басқалар да оқиды. Оны не деп айтып тұрсың?!
Істің ушығып бара жатқанын байқаған
танысым: — Журна-листердің әдеті ғой сұрақты төпелей беру. Артық кет-сек,
айыпқа бұйы-рмаңыз, — деп, жуып-шайып жатыр өзінше. Анау болса, бір сәт
таңданғандай кейіп танытты да:
— Газет-журнал-дардың бәрі ев-рейлерге
жұмыс жасайды. Бәрін солар басқарып отыр. Сендер де харам жұмыспен айналысып
жүрген қусыңдар, — деп дүрсе қоя берді.
Мынадан кейін ол жерде отыру мүмкін емес еді. Орнымнан тұрдым да, кете бардым. Танысым да артымнан жүгіре шықты.
Қазақстан zaman
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ