THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Өткеніңді
түгендемей, бүгініңді бүтіндей алмайсың. Ал, өткенді түгендеу дегенің – барыңды
бағалап, ата-бабадан қалған рухани асыл мұра – ана тіліңді көздің қарашығындай
сақтап, оны алға апару. Қазір біздер тарихтың ең бір қиын да күрделі талмау
тұсында өмір сүріп отырмыз. Мұндай кезде әрбір мәселені жүрдім-бардым
қарастырмай, арғы-бергіні бажайлап, тереңнен ойластыруымыз қажет. Мұндайда сәл
ағаттық – бүкіл бір ұрпақтың тақсыр-тауқыметіне айналуы да мүмкін.
Халық тағдыры тіл
мен тарихтан құралады. Ал оны қалыптастыру баршамыздың күш-қайратымызбен,
ерік-жігерімізбен жұзеге асады. Демек жаратылыс пен өмір бірінсіз бірі жоқ
өзара тәуелді дүниелер. Сондықтан да күннен күнге өрелі биіктерге өрлер келе
жатқан тәуелсіздігіміздің сал-самалы көңіл көкжиегін тұмшалап тұрған мұнарды
түріп тастап, көзімізді ашты. Көшеге дейін жүрек түкпірінде тылсым түбінде
өлеусіреп жылтыраған ұшқын әлемді жарқыратқан алауға, бұрынғы күмән енді
бұлтарпас ақиқатқа айналды. Сол бір ұйқылы ояу заманда қазақ ұлтының
мәдениетінің негізі – қазақ тілі деген ізгілік ұлтшылдыққа, қылмысқа айналып,
ал қазақ тілінің өмірге қажеті шамалы деген қылмыс қасиет боп бағаланды.
Осылайша дұрыс пен бұрыстың арасына көлгірлік келіп кимеледі де мәдениет
дегеніміздің өзі бұзық безбендей бұлталаңға көшті. Кәмге сенерімізді, кімнің
жөн екенін білмей ортада аңырып қалдық.
Ия, өткенге үкім
айту оғай да, одан қорытынды шығару қиынның қиыны. Сондықтан да біз өткенге
ақыл тұрғысынан үңіліп, жасампаздық көзімен қарауымыз керек. Жоқты бар етем деп
жүріп, бардың жоқ етіп алмайық. Осы заманның шындығы тілдің тең құқылығы
сақталмай тұрып ұлттың да тең құқылығы болмайтындығын өмірдің өзі көрсетіп
отыр. Әлеуметтік әділдіктің мәдениет, тіл тарихынан басталатындығы да
сондықтан. Алғаш тәуелсіздік алған анау 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап ана
тіліміз ұлттық демократиялық дамуына көшуде Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев,
Жүсіпбек Аймауытов сынды ерен тұлғаларды тарих шығынан аршып алғанымыздың
маңызы зор болды. Бұл тарихи тұлғалардың мұрасынан ұзақ уақыт қол үзгеніміз –
тіл мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің заман ағымынан біраз кенжелеп
қалуына соқтырды. Әйтседе ештен кеш жақсы. Олардың қатарға қосылуы жаға заманда
тез қарқынмен рухани тулеуімізге соны пәрмен қосты. Бұл ең алдымен біздің
тәуелсіздігімізді нығайтудың басы болды. Мұнан кейінгі уақытта әлем халықтары
тарихының, экономикасының, мәдениетінің, тілінің алуан қырлы ерекшеліктері
жан-жақты ғылыми пайымдалып, тарихи санамыз даму жолына түсті. Мұндай өрелі
жұмысқа ғылыми материалдық негіз – Қытай, Иран, Ресей, Туркия, Моңғолия, Индия
сияқты елдердің мұрағатынан табылды. Мұның бәрі мемлекеттік негізде жолға
қойылды. Өкінішке орай сол жиналған мұралар дұрыс сақталып, терең зерттеліп
және насихатталып жатырма.
Рухани
мұрамыздың тағы бір кәусар бұлағы – ән, жыр, күй, әдебиет, әуен, өнер. Оны
дамытуда жергілікті билік орындарының қалыс қалуға хұқы жоқ. Өкінішке орай өнер
мәдениетіне, жалпы қандай шара болмасын жалпыға ортақ көзқарастан гөрі –
таныс тамырлық, ағайыншылдық, жеке басыныңберілгендігі, тағы осындай
көзқарастар басым. Кітапханада өз қаламыздың өнер иелерінің еңбектері қойылмай,
сырттан сұратып алуын қалай түсінуге болады. Мұны таныстамырлық демеске амалың
жоқ. Өз қаламызда әдебиет, өнер иелері бар бола тұрса да оларды елемей, басқа
жақтан шақырып әкеліп кездесі, шара өткізу, не қайсы бір қала басшылығы
өкілдерінің қолындағы билікті өз білдігіне салып пайдалануды түбінде абырой
әкелмейтін құбылыс. Олар жоғарыға мәдени шараларды өткізіп жатырмыз деп жұмыс
жасап жатқан болып есеп береді. Ал, сол уақытта іштегі орын алған әділетсіздік
мәдениетімізді көтермей, оны құрдымға әкетіп, кері кетіріп жатқанын ешқайсысы
елеп скергісі келмейді. Бұл тіл мәдениетіне қиянат жасап жатқанымызды біле
тұрсақ та, қолынан келген қонышынан басады болып шығады. Шындығына келгенде бұл
әдейі солай жасалып отырғаны көрініп тұр.
Осы ретте тағы
бір айта кетпеске болмайтын жағдай көшелерге ат қою жайы. Қазір өзі кім болса
соның атына көше беру кең етек жайған. Бүқіл жерде де қайсы жағдайларда
таныс-тамырлық, ағайыншылдық байқалады. Билік басындағылардың аузына кім
іліксесоған көшенің аты «қаланың құрметті азаматы» атағы беріле салатын, ол не
айтса сол болатын жайлар кездесіп жүр. Осындайдан келіп Елбасымызға алға қойып
отырған тарихи салихалық ахуалы ойдағыдай орнығып жатыр деп айта қою қиын.
Елбасымыз алға қойып отырған 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған,
«Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында алға қойылған міндеттерді
шешуде әлі де бір ізділік, жүйелік жетпей жатыр.
Тіл мәдениетіне
қамқорлық – болашақтың қамы. Қай кезде, қай ғасырда болсын тіл мәдениетін
дамытуда жүзеге асырылған жаңа істердің ұрпақтар жадында сақталатынын бір сәт
те естен шығаруға болмайды. Сонда ғана ата-бабамыздан жеткен асыл мұра – ана
тіліміз саналы арна тауып, бүгінгі эстетикалық, этикалық, ұлтжандылық,
патриоттық тәрбиеміздің ажырамас құрамдас бөлігіне айналмақ. Мұндай маңызды
қам-қарекеттің құқықтық негіздеріне қалың бұқара атсалысулары тиіс.
Өйткені,
халқымыздың көп ғасырлық күресі мен тірлігінің, рухани жасампаздығының бүгінгі
көрінісі – тіл мұрамызды қорғау мен насихаттау біздің бет-бейнемізді, ұлттық
мән-мазмұнымызды айғақтайтын ардақты іс. Оның бағы баршамыз болып жұмылғанда
ғана ашылмақ. Ендеше бүгінгі күні бабадан қалған асыл мұрамыз – анамыз бізді
алғаш бесікке салып әлдилеген тілді сақтап қана қоймай, оны болашаққа қаймағын
бұзбай жеткізу ауадай қажет. Бұл біздердің елдігімізге сын. Ендеше, оны
қамтамасыз етуге бір үкімет қана емес, жалпының жанашырлығы мен әлеуметтік
белсенділігі ауадай қажет. Бабаларымыздың да, өздеріміздің де, халқымыздың да,
тарихымыздың да, қоғамымыздың да рухани мерейін арттыратын бұл қасиетті істен
қай қайсымыздың да қалтырыста қағыс қалуға құқымыз жоқ.
Осы мақаламды
мына бір ақындық жолдармен аяқтайын:
«Кіршіксіз ардай
сақтаңдар,
Қазақтың тілін
ғаламат.
Ұрпақтар – атар
ақ таңдар,
Аманат саған, аманат!»
makala.kz
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ