THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақ ұлтының
азайып бара жатқаны жайлы көптеген ірі деректерді айтпасақта белгілі. Баспасөз
беттерінде жарияланған мәліметтерге сүйенер болсақ, патшалық Ресейдің ресми
статистикасы бойынша (қысқартылып жазылды) 1897 жылы қазақтар – 4084139
адам, өзбектер 1 млн. 690 мың адам болса, осыдан 100 жыл өте, яғни 1997 жылы
өзбектердің саны 25 миллионға жақындап, ал қазақтар 9 млн.-ға әзер жеткен
екен. ҚР ресми статистика мәліметі бойынша 2013 жылы тамызындағы жағдай
бойынша 17 млн 53 мың 400 адамды құраған. Ал жаңа жыл мезгілінде барлық
ұлттардың саны – 16967 мың адам. Оның ішінде қазақтар 11058 мың адамды (65,2
пайыз) құрайды. Елімізде 7 ұлт 16201 мың (95,5 пайыз) адам болса, қалған 766
мың адам (4,5 пайыз) 133 ұлтты құрайды екен. Бұдан біз халықтың саны
көбейгенімен қазақтың саны көбеймегендігін анық біле аламыз. Қазақ елінде
қазақтың азайып бара жатқанын көріп тұрып билік басындағы кей көкелеріміз
сырттан көшіп келіп жатқан қандастарымыздың көшіп келу квотасын, квотаға
енгізілгендер үшін төленетін ақшалай төлемді белгілеуді алып тастауды,
Қазақстан азаматтығын тек Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бес жыл
заңды негізде тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтарға беруді көздейтін жаңа
тәсілдерді әзірледі. Бұл заң егер іске асар болса сырттан көшіп келген қазақтар
бес жыл бойы азаматтық ала алмай, тұрақты тіркеуге тұра алмай, ел қатарына
қосылмай сергелдең күн кешпек.
Біріккен Ұлттар
Ұйымының жариялаған мәліметтеріне қарасақ, осы 100 жылдықтың аяғына дейін
Қазақстан халқының саны 13 миллионға дейін кемісе, Қырғызстан, Өзбекстан,
Түркіменстан, Тәжікстан Республикаларында халық сандары едәуір өседі делінген.
Сонда 1997 жыл мен 2013 жылдың арасында қазақтың саны 2 миллионға өссе, оның 1
миллионға жуығы сырттан көшіп келген қазақтар болса, сонда қазақтың қаншаға
өскенін ойлап көріңіз! Бұл қазақ ұлтының құрып бара жатқаны емей немене?
«Туған жердің
түтіні де ыстық» - дейді халқымыз. Әлемнің 40-қа тарта елінде, 5 миллион астам
қандасымыз тұрады, олардың 1 миллионы ата жұртына оралды деп мақтанғанымызбен,
әлі қанша қазақтың шекара сыртында жәутеңдеп, жаудырап тұрғаны бізді
ойландырмай қоймайды. Ал үкіметі дайындаған жаңа заң «ҚАЗАҚ
КӨШІ» деген
атауды түбегейлі құртып, шеттен келетіндердің барлығының, ұлтының кім екеніне
қарамастан, «мәртебесін» теңестіріп, сырттан келеген қандастарымыздың «ҚАЗАҚ» атын
құртпақшы. Өзге елден оралатын қазақтарды барынша азайтып, келдірмеудің амалын
істемекші. Бұл барлық қазақтарға жасалған қианат, сырттан атамекеніне оралған
қазақтардан Қазақстан еш жамандық көрген жоқ. Қайта елге ел қосылып, қарамыз
өсіп, қазақша сөйлейтіндеріміз көбейіп қазақы ел бола бастаған едік.
Қазақты екіге бөлетін биліктегі кей көкелеріміздің сөзіне еріп жат жұрттағы қандастарымыздың тағдырына балта шауып, өзі азайып бара жатқан халықымызды жоғалтып, Ұлт Көшбасшысы елбасымыз салған сара жолды, өзі бастаған ұлы көшті тоқтатып алмайық ағайын!!!
"Айтыс-ақпарат"
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ