THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Жиырмада орда бұзғандар...
Авторы: Топтастырған: Ақтөре Талғатұлы, дайындаған: Анар Мұстафина
12/05/2017 11:13 0 41694 0
20 жас... Ойлар, мақсаттар мен жоспарлардың арпалысқан шағы... Бұл шақты ойын-сауық, ессіз тірлікпен өткізуге болады, немесе өз елім үшін қандай пайда әкеле аламын деген ойлармен білім мен ілім қуып, ел мақтаған, қыз жақтаған жігіт болуға да болады. Қазақ зиялылары жастайынан зеректігімен, білімге құмарлығымен ерекшеленіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Елеулі еңбектері мен білімдерінің арқасында тарихта аты қалды.
1. Әбу Насыр әл-Фараби – түркілердің атақты ойшыл, ғұламасы 12-16 жасында Отырарды тастап, білім алу мақсатында Бағдатқа қоныс аударды. Ол онда аудармашы, түрлі ғылымдар саласының зерттеушісі болып еңбек атқарды.
2. Шоқан Уәлиханов – 19 жасында алғашқы «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет «Манас» эпосының ең шұрайлы бөлігі «Көкетай ханның ертегісі» жырын жазып алады. Сол жылдары белгілі географ П.С. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Федор Достоевскиймен танысты.
3. Сұлтанмахмұт Торайғыров – 20 жасында «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай» және т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.
4. Міржақып Дулатұлы – 20 жасында Ахмет Байтұрсыновпен бipгe Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысып, сол жылы патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазушылардың қатарында болған. Сол жылдары «Оян, қазақ!» деп ұрандатып, елді білімге, ел үшін пайдалы іс- әрекетке шақырады.
5. Ыбырай Алтынсарин – 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, жиырма жастағы Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.
6. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарады. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.
Қазақ "он үште отау иесі" деген. Жиырма жаста осы жетістіктерді қайталамасаңыздар да, жастарға үлкен уәждеме болады деп сенеміз.
Massaget.kз
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ