КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Ренессанс дәуірі мен капиталистік кезең тұсында қазіргі еуропалық түсініктегі “нация, национальность”, яғни, ұлт қалыптаса бастады. Көне, дәстүрлі тарихтық концепция бойынша бай да терең әрі қаһармандыққа толы тарихы бар ұлыс пен ұлт (этника) қана экспанция мен мемлекеттік иерархия құруға құқылы еді. Сондықтан да тарих жылнамасында тек жауынгерлік айбаты алапат халықтар ғана алтын әріппен жазылып қалдырылды. Жауынгерлік жолы жаһангерлікке ұласқан біздің ата-бабаларымыз да бүкіл Еуразия континентінің контингенттік процесін реттестіріп отырған. Және үш мың жол бойы бұл миссиясынан еш жазбады. Қаһармандық текті іздеген көптеген халықтар өзінің шығу тегін, әйтеуір, жігі келсін-келмесін телумен болды. Мәселен, өткен ХХ ғасыр – национализм ғасыры еді, өзінің ұлттық мақтанышымен әлемге мақтанатын және құндылықтарын әлемге көрсетуге тырысатын ғасыр болатын. Дәл осы ғасыр еуропалық эгоизмнің кульминациясы да еді. Бүкіл әлем халықтары тарихы еуроцентристік концептуализация шеңберінде түсініктелді. Тіпті, неміс ұлтын асқақ қылып көрсету, импералистік мәртебесін көтеру үшін Гитлер әлем халықтарының шығу тегі мен таралу негізі жөніндегі “шежірелік моделін” ұсынып, жауынгерлік рухымен тарихта қалған көне түріктерді еш ғылыми негізсіз үнді-ирандық текке, оның ішінде арийлік тармаққа түгендеді. Осыдан келіп еуропалық халықтар жататын үндіирандық шежіреге біз де кіріп кеттік.
Сол себепті де өткен ғасырларда еуропалық халықтар өз ішінде тарихы қаһармандық қаламмен жазылған халықтарды құртумен болды, бүгінгі “этникалық реликтіге” айналдырды. Мәселен, әйгілі жаужүрек виккингтердің ұрпағы ирландықтарды (шотландықтар) ағылшындар, Еуропада алғаш кавалер әскер құра білген пруссиялықтарды Германия, сондай-ақ ағылшандар жер бетінен бриттерді, француздар бретондықтарды жойып жіберсе, испандықтар кастилия жұртын біраз қыспаққа алды. Кешегі КСРО-ның да көшпенді халықтарды жер бетінен үптеп жібере жаздағаны бар емес пе? Соның ішінде қазақ халқы да бар. Бұл халықтың тегін халық емес екенін түсінген патша үкіметі де, кейінгі оның идеологиясын жүргізген кеңестер де қазақ халқын жоймақ болды. Б. Момышұлы өзінің естеліктерінде жазғандай қаны қаһармандықпен қаныққан қазақ халқы дүниежүзілік соғыс кезінде алдыңғы шепте шайқасқан және ең көп шығын көрген де осы халық еді. КСРО атты алып супердержава “халықтар түрмесіне” айналса, Батыс Еуропа “халықтар қорымына” айналды. Қазірге дейін КСРО-ның идеологиясын өзінің бағыт компасы қылып алған Ресей де Кавказ халықтарын тұншықтырып отырғаны белгілі. Кавказ халықтарының “көсемі” ретінде танылған шешен халқын қалай тықсырғанын да білеміз. Айтпақшы, Кавказдағы әр халық кавказдық билік үшін өзінің түп негізін тануға құлшыныс танытқан.
ХХІ ғасырдың негізгі тенденциясы – бұл жаһандану және бұрынғы национализм шетке ысырылып қалған, жаһандық космополитивизм мен толеранттылық етек алған. Саяси интервенциямен қатар мәдени интеграция да негізгі әлемдік процеске айналды. Жаһандануды тарихта болған әртүрлі мәдени басқыншылықтардың ең жетілген формасы ретінде қарауға болады. Дәл осы жаһандану қазіргі таңдағы мемлекет болудағы басшы критерийді де анықтап берді және жоғарыда айтқан дәстүрлі тарихи трафаретті талқандады. Ол императив критерий – этнодемографиялық басымдылықтың болуы. Демографиялық шек қана қазірде территориялық шекті анықтап беріп отыр, яғни мемлекет құрушылықты. Сол себепті де демографиялық депрессияны бастан кешіріп жатқан Еуропаның емес, қалың Қытай әлемдік арсеналға көтеріліп келеді. Ал әлемде белең алған миграция процесі демографиялық құрылымды бұзып қана қоймай, этностық демографияның да миын шайқалтып жіберді. Бұл өз кезегінде этникалық мобилизация мен консолидация құбылысын күрделендіретіні түсінікті. Этноцентризм түсінігі тарихта қалған қаншама классикалық кұндылықтардың біріне ғана айналып қалуы мүмкін. Жаһандану әкелген әлемдік көші-қон факторы тарихта екі рет болған “халықтардың ұлы қоныс аударуы” кезеңінде де болмаған болар. Өткен ғасырларда Еуропа мен Америка өзге халықтарды жауласа, жаулаған жерін кельт-герман, роман-герман мәдениетіне айналдырумен болса, бүгінгі заманда бұл дүние бөліктерін өзі жаулаған халықтар, керісінше, жаулап алып жатыр. Кеше готтар есебінде қаралған халықтар бүгін еуропалық текті құртып, гетероген американдықтарды құрастырып отыр. Еуропа Африканы шоқындырса, ендігі кезекте Африка Еуропаны мұсылмандандыруда! Бұл нағыз тарихи пародокс қой. Жаһандану бүкіл әлем халқын демографиялық хаосқа түсірді. Сол себепті де әлемде ұлттық мақтанышты мәртебе етуден гөрі бірегей әлем жұртын қалыптастыруға деген тілегі идеология болып отыр. Ал бүгінде Қазақстан жасап отырған көпұлттылық моделі де қазақ халқының біртұтас жүйеге айналуына кедергі келтіріп отыр. Бұның барлығы жоғарыда аталған демографиялық тенденцияны ұстанғандығымыздан шығып отыр. Қазақстанда доминантты халық – қазақ, алайда демографиялық құрылым бойынша жүзден жоғары халық (ұлт пен ұлыс) бар. Демек, демографиялық деректің күші Қазақстандық идеология үшін басым болып шықты. Көрші Ресейдің де ұлттық прогрессиясына қарағанда Еуразиялық үлгіні кәсіп қылуы артығырақ болып отыр. Демографиялық тазалықты сақтай білген Солтүстік Корея бүгінде әлемнің барлық қарсы күшіне төтеп беріп отырған жалғыз мемлекет және ешқандай елмен де санасып отырған жоқ. Біртекті этнодемографиялық құрылымға ие мемлекеттер ғана өзіндік ұлттық идеологияға қол жеткізіп отыр. Мәселен, Армения, Өзбекстан, Араб түбегі, Қытай, Чехия, Жапония, Түркия, Латвия. Демек, жаһандану кезеңінде доминанттылық қаһармандықпен емес, демографиялық басымдылықпен өлшеніп отыр.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика