THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Бүгінгі таңда Жошылықтар генеологиясының ең пікірталасты мәселелерінің бірі ол – Орыс ханның шығу тегі туралы. Кейбір зерттеушілер Натанзи және оған тәуелді деректердің негізінде Орыс ханның Орда-эженнен тарағанын жақтайды. Басқа зерттеушілер Муизз ал Ансаб, Чингиз-наме, Таварихи Гузидайи Нусрат-наме, Қадырғали Жалаири және басқаларының негізінде Орыс хан Тоқа-Темірлерден тараған деп санайды. Әуел баста бірінші көзқарас XIV ғасырдағы Орда-эжен мен Тоқа-Темір ұрпағы туралы XIX ғ. Натанзидің еңбегінен басқа генеологиялық деректердің ғылыми айналымға енбеуінен пайда болды. Рашид ад-Диннің мәліметтері 1310-шы жж. Орда-эжен ұлысы мен оның ұрпағы туралы мәліметтермен үзіледі.
Ескендірдің Анонимі (Натанзи) мәлімдеуінің растығы туралы мәселенің терең тарихнамасы бар. Зерттеушілердің басым бөлігі сөзсіз Анонимнің генеологиясы мен хронологиясында шатасудың пайда болған тұсын, сондай-ақ, Ақ Орда мен Көк Орданы шатасуындағы себепті және ұлыстың Шығысында билік еткен-мыс алтынордалық түменбасы Ноғайдың ұрпағындағы шатасулар сияқты қателердің себебін зерттеместен, сеніммен қабылдады.
Мәселенің тарихнамасы В.П.Костюковте жақсы талданған [8, 195-204]. Юлай Шамильоглу жазғандай:«Ғалымдардың басым бөлігі Ақ Орда мен Көк Орда атауларында оның шатасуын түзетумен ғана шектеліп, Натанзидің ақпаратын әлі де жақсы ниетпен қабылдайды. Алайда, Натанзидің сенімділігіне қатысты алдыңғы талдауды ескергенімен Орда ұлысы тарихы бойынша оны «бірегей» құжат ретінде қолдану үшін қандай ақтайтты дәлел етуі мүмкін?» [26, 165-168]. А.Г. Гаев жазған «Натанзи өзіне мәлім бытыраңқы тарихи фактілер мен сюжеттерді қисынсыз ұғынып және қиялдың көмегімен толықтырып, бір арнаға тоғыстырып, көркем шығарма жасаған. Яғни Ескендірдің Анонимі генеологиялық емес, тіпті, толық тарихи шығарма да емес, Темір ұрпағының жас ханзадасы Ескендірге тарихи суретте жаман мен жақсының не екенін көрсететін, гротестік өңделген және сәйкесінше таңдалған нақыл-публицистика» [2, 14]. В.П.Костюков Анонимнің көптеген қатесін көрсетіп, Анонимді жақтаушылардың дәлеліне «ғылыми анализдің әдісіне жанама ғана қатысы бар» екені туралы жазды. Ескендірдің Анонимі мәліметінің растығы туралы мәселе өте маңызды, себебі Орыс-ханның Орда-эженнен тарағаны туралы барлық көзқарастың негізі Натанзи болып табылады. Натанзи мәліметінің растығы деңгейін анықтаумен Орыс-ханның шығу тегі мәселесін шешуге болатынын сенімділікпен айтуға болады.
Натанзиде Сасы-Бұқа – Ноғайдың ұлы, ол Тумаканның ұлы, ол Құлидің ұлы, ол Орда-эдженнің ұлы деп аталған. Оның үстіне, Натанзи осы Ноғайдың өмірі туралы айтқанда, ол Бувалдың ұлы, ол Татардың ұлы болған танымал алтынордалық түменбасы Ноғай туралы айтады. Сонымен, Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушілері Натанзиде Ноғайдың ұрпағы деп аталған. Ноғайдың ұрпағы туралы айтқан барлық мәлім деректер бұған қайшы келеді. Ноғайдың үш баласы Тоқтамен күресте қаза болды, ал оның немересі Болгарияға (Шишеман) қашты. Яғни, Сасы-Бұқаның генеологиясы Натанзиде дұрыс қойылмаған. XIX ғасырдың зерттеушілері аталған Сасы-Бұқаны Баянның ұлы Сасымен теңдестірді. Алайда аталған теңдестірудегі есімдердің ұқсастығы (толық емес ұқсастық, айталық, Орда-эжен ұрпағының ішінде есімдері толық сәйкес келетіндер де болған, мысалы, Құблұқтың ағасы Сасы-Бұқа) мен әулеттердің сәйкесінен басқа дәлелі жоқ.
Жоғарыда біз Баян 1308-09 жылдардан бастап Орда-эжен ұлысын билемегінін көрсеттік, ендеше ол Тоқта мен Өзбектің шынайы иеліктерінің оңтүстік-шығыс немесе шығыс шекарасындағы Йекмуш (Бекмариш) ұлысының билеушісі болған сияқты.
Жошы ұлысы туралы Натанзи мәліметін құрылымдық екі деңгейге бөлуге болады:
1.Оның Рашид ад-Диннен алған мәліметтері [6, 249]. Бұл жерде Натанзи Орыс-ханның келесідей генеологиясын бергенін атап өту қажет: Шымтайдың ұлы, Шымтай Ерзеннің ұлы, ол Сасы-Бұқаның ұлы, ол Ноғайдың (бұл алтынордалық түменбасы Ноғай) ұлы, ол Құлидың ұлы, ол Орда-Эженнің ұлы [22, 265]. Ноғайдың аталаған генеологиясы Рашид ад-Диннің екі қолжазбасындағы (Ташкенттегі Өзбекстанның Мемлекеттік Көпшілік кітапханасындағы XIV ғасырдағы Джурабек шығармаларынан қолжазба және Париждің Ұлттық кітапханасынан Ancien Fonds Persan 67 қолжазба) Ноғай генеологияларына өте ұқсас. Хулагу отрядымен [6, 120] соғысқан бұл генеологиялардағы алтынордалық түменбасы Ноғайдың генеологиясы келесідей: Ноғай, Джаруктың ұлы, ол Тумаканның ұлы, ол Құлидың ұлы. Рашид ад-Диннің мәліметіне сай, осы генеологиямен Ноғай Құли ұрпағының арасында кездеседі, бірақ ол Хулагумен соғысқан алтынордалық түменбасы емес (оның арғы атасы Құли Хулагудың замандасы болған, ал оның өзі бұл кезде әлі дүниеге келген жоқ), тек соның аттасы ғана болды [6, 98].
Джурабек шығармаларынан қолжазбада қате генеология үстінен түзетілген: Татардың ұлы, ол Бувалдың ұлы [6, 146]. Яғни, Париж кітапханасынан қолжазба Рашид ад-Дин қолжазбасының небары алғашқы түрі, басқаша айтқанда шимай дәптері, немесе шимай дәптердің көшірмесі болғанын есептеуге болады. Джурабек шығармаларынан қолжазба шимай дәптердің (немесе оның көшірмесінің) өңделген нұсқасы болды. Рашид ад-Динді аудару үшін қарастырылған қалған 6 қолжазба, дұрыс генеология берілгендіктен, өңделген нұсқадан (немесе оның көшірмесінен) таза бетке көшірілген, әлдеқашан таза қалпындағы қолжазба болды: Ноғай Татардың ұлы, ол Бувалдың ұлы. Бәлкім, Натанзидің қолында (Орда-эженның ұрпағы) Ноғайдың қате генеологиясы қарастырылған Рашид ад-Диннің (шимай дәптері) жаңсақ көшірмесі болған шығар. Кейін ол Шәдібек нөкерлерінің өкілдері хабарлаған мәліметтерді жорамалдап, 1360-шы жж. Сығанак ханы болған Ноғайды және алтынордалық (оның деректеріне сай (Рашид ад-Диннің шимай дәптері бойынша) Орда-эжен ұрпағы болған) түменбасы Ноғайды теңдестірген. Есімдерінің (екеуі де Ноғай) ұқсастығын және билеу территориясын («Орда-эжен ұрпағының иелігі» Шығыс Дешті – Қыпшақ) негізге алып Натанзи екі Ноғайды теңдестірген.
2. Өзіндік хабарлар.
Алдыңғы мақалаларымызда біз Натанзидің өзіндік, яғни түпнұсқалық хабарламаларын талдап, А.Г.Гаевтың қорытындыларымен де сәйкес келетін, келесідей қорытындығы келгеміз [2, 13]:
Натанзидің қайшылықты генеологиясының түсініктемесі сірә Натанзидің өз болжамынан болуы мүмкін, яғни, ол XIV ғ. 60-70 жж. Шығыс Дешті-Қыпшақ хандарын (Сасының (Шахи) ұлы Кара-Ноғайды, Тоғылық-Темірді, Мубарак-қожаны, Құтлық-қожаны және Орысты) Орда-эжен ұрпағымен теңдестіруі. Ол мұны екі Ноғайды теңдестірудің негізінде жасады: XIII ғ. соңында өмір сүрген алтынордалық түменбасы Ноғай мен 1360-шы жж. Сығанақты билеген Қара-Ноғай. Сол қанаттың хандары туралы мәліметті Натанзи Шәдібек нөкерлерінің өкілімен бір байланыста алған [18, 153-154]. Мәлімет көзі болған ол, әлдебір түркілік жылнама немесе бұрын санағандай Сығанак мұрағаты емес.
Сондай-ақ, Өзбек-хан тұсында Сол қанаттың билеушілері (Жошы ұлысының шығысын билеген «Ноғай ханның ұлы» Сасы-Бұқа) туралы Натанзидің мәліметтері Өзбек-хан тұсында сол қанаттың билеушілері (минимум 1328 жылға дейін) болған Баянның ағасы Маңғытай және Маңғытайдың ұлы Құбақ (Қалақ) туралы хабарлаған араб авторларының мәліметтеріне қайшы келеді.
Сондай-ақ, біздің тарапымыздан Муизз ал Ансабтан [17] [19] және Таварихи Гузидайи Нусрат-намеден [20] Шыңғыс тұқымы генеологиясының шығу тегі туралы мәселе талданды.
Төмендегі кестеде біз Орда-эжен және Орыс-хан ұрпақтарының генеологиясы бойынша түрлі деректердің растығы туралы (дерекке ішкі сын әдісі негізінде) екі көзқарасты ұсынамыз.
Натанзи
Муизз ал Ансаб
Таварихи Гузидайи Нусрат-наме
Өтеміс-қожа
Сыртқы сын (аталған шығармалардың көшірмелері, олардың өзара байланысы) Аталған шығарманың үш көшірмесі бар: Шығыстану Институтында, Ұлыбританиялық мұражайда және Париждің Ұлттық Кітапханасының жылнамасында [6, 248-249]
Аталған шығарманың 5 көшірмесі бар. Олардың ішінде аударылғаны тек Париждік көшірме. Біздің пікірімізше, Париждік көшірменің қалған үшеуінен айрықшылығы бар, себебі ол үш көшірмеге Шахрух заманында Шыңғыс тұқымының генеологиясына толықтыру енгізілген жоқ, ал Париждік көшірмеге Абу Сеид пен Хусейн Байкара заманында Шыңғыс тұқымының генеологиясына толықтырулар енгізілді [16].
Аталған шығарманың екі толық көшірмесі бар:Лондондық және Ленинградтық тізім: Ленинградтық тізім Лондондық тізімнің қысқартылған көшірмесі. Аталған шығарманың екі көшірмесі бар: В.П. Юдин аударған ортаазиялық тізім және Риза Фахретдиннің коллекциясынан Ахмет-Заки Валиди Тоганға берген тізімі
Орда-эжен ұрпағы туралы аталған көшірмелерде қандай мәліметтер кездеседі.
XIV ғасырдағы шығыс Дешті – Қыпшақтың генеологиясы мен хронологиясы бойынша мәліметтер бар. Рашид ад-Диннің мәліметтерінен сәл айрықшылығы бар мәліметтер бар, бірақ аса маңызды емес (Құбылық балаларының есімдері келтірілген) Ленинградтық тізімде Орда-эжен ұрпағының генеологиясы берілмеген (генеалогия Бату мен оның ұрпағынан басталады). Лондондық тізімде Орда-эжен ұрпағының генеологиясы берілген (бұл үзінді күні бүгінге дейін бүгінгі тілдерге аударылмаған) мұның басым бөлігі Рашид ад-Диндегі Орда-эжен генеологиясының көшірмесі болып табылады. Дегенмен, аталған үзіндіде Оржа-эженнің ұрпағы туралы түпнұсқалық мәліметтердің болуы толығымен мүмкін, (айталық Пишкадэ огланның және оның ағасының (куйун Эдженликтегі Әбілхайыр-ханның серіктестері).
Аталған шығармада Орда-эженнің ұрпағы туралы мәліметтер келтірілмейді.
Мәліметтің пайда болу көзі
Бірінші нұсқа:
В.В. Бартольд
1. Рашид ад-Дин
2.ұйғыр хаттамашылары құрастырған түркілік жылнама [6, 249-250]
Екінші нұсқа:
А.Исин
1.Исфаханда орналасқан Ақ Орданың әлдебір мұрағаты [5].
Үшінші нұсқа:
Ж.М.Сабитов
1. Рашид ад-Диннің шимай дәптері (осыдан Ноғайдың қате генологиясы және екі Ноғайды қате теңдестіру).
2. Шәдібек нөкерлері өкілдерінің ауызша мәліметтері (немесе шығыс Дешті-Қыпшақтан басқа адамның) Натанзимен небары бір рет кездескені Шахрух заманында жазып алынған, генеологиямен толықтырылған Рашид ад-Диннің мәліметі және (немесе) оның дерегі. Париж қолжазбасына Абу Сеид пен Хусейн Байкара заманында Шыңғыс тұқымы бойынша мәліметтер толықтырылған. Бәлкім, париждік тізімдегі бұл мәліметтердің көзі болған Абу Сеидке де, Хусейн Байкараға да қызмет еткен Тоқа-Темір ұрпағынан (қырымдық Гирейлердің туысы) Сұлтан-Баязид шығар [15].
Әбілқайыр-ханның және оны немересі Мұхаммед Шейбанидің тұсында
генеологиямен толықтырылған Рашид ад-Диннің мәліметтері. Ауызша әңгімелерден алынған мәліметтер. Аталған деректе қандай қателер жіберілген Жошы тұқымына қатысты да, Шағатай тұқымы қатысты да көптеген хронология және генеология бойынша қателер. Ақ Орданың орналасуына қатысты қателер. Қате аудармалар (Бузан мен Бердібек туралы) немесе аудармасыз (Кепек маңғыт туралы) тұтас сөйлемдер құрастырылған
Алтынордалық түменбасы Ноғай ұрпағының билеген территориясын анықтаудағы қателер және т.б. Шәдібек ұлы Гияс ад-Дин (олар оның ұрпағы емес) ұрпағының генеологиясы дұрыс көрсетілмеген. Тоқа-Темір немерелерінің есімдеріндегі орын алған қате Орыс-ханның жалған генеологиясының пайда болуына әкелді (Қара-қожаны Тимур-қожамен шатастырып жібірген). Кіші Мұхаммедтің балалары мен ұрпағындағы түсінбестік.
Аталған дерекке толық дерлік ішкі сын жасалмаған.
Орыс-ханның әкесі және оның шығу тегі
Орыс-хан, Шымтайдың ұлы, ол Эрзеннің ұлы, ол Сасы-Бұқаның ұлы, ол Нукайдың ұлы, ол Құлидың ұлы, ол Орда-эженнің ұлы Орыс-хан, Бәдіктің ұлы, ол Тимур-қожаның ұлы, ол Бақтұқтың (Бакубука, Тактак) ұлы, ол Ачиктің ұлы, ол Урангташтың ұлы, ол Тоқа-Темірдің ұлы Орыс-хан Бәдіктің ұлы, ол Қожаның ұлы, ол Үз-Темірдің ұлы, ол Тоқа-Темірдің ұлы Орыс –хан Тоқа-Темірдің ұрпағы Бәдіктің ұлы. Деректің авторы жаңылысты ма немесе ол әдейі Орыс-хан мен оның ұрпағы туралы жалған айтты ма (Натанзиді жақтаушылардың нұсқасы) Натанзи шығу тегі түркілік беймәлім деректен алынған өзіндік мәліметтерге жүгінген. (А.Исиннің мәлімдеуінше Ақ-Орда мұрағатынан)
Автор Орыс-ханның («Темірдің қастандығы») генеологиясы туралы әдейі жалған айтқан. Автор Орыс-ханның («Темірдің қастандығына негізделген Шибандық қастандық») генеологиясы туралы әдейі жалған айтқан Автор Орыс-ханның («Темірдің қастандығына негізделген Шибандық қастандық») генеологиясы туралы әдейі жалған айтқан деректің авторы жаңылысты ма немесе ол әдейі Орыс-хан мен оның ұрпағы туралы жалған айтты ма (Натанзидің қарсыластарының нұсқасы).
Бірінші нұсқа:
Ю.Шамильоглы және басқалары:
Натанзи мәліметтері мүлдем рас емес. Оның көптеген қатесі осыны куәландырады.
Екінші нұсқа: Натанзи мәліметтері екі деректен алынған: Рашид ад-Диннің шимай дәптерінен және XIV ғ. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы оқиғалар куәгерінің ауызша әңгімесінен (парсытілді автор мен мәліметтердің түркітілді дерегімен бір байланысы болды). Одан кейін Натанзи оған хабарланған мәліметтерді өзі болжаған. Бәлкім, ол тура аударғаннан оглан лауазымы Шыңғыс тұқымының лауазымы (шахзаденің) орнына, ұл ретінде аударылған шығар.
Автор Орыс-хан тұлғасына мүдделі болмауына байланысты, қателескен де жоқ, әдейі жалған да айтқан жоқ. Автор Орыс-хан генеологиясын анықтауда жаңылысты (бірнеше арғы атасын шатастырып алған, ал генеологияның басқа жері дұрыс). Автор қателескен жоқ (Орыс-ханның толық генеологиясы берілмеген) және Орыс-хан тұлғасына мүдделі болмауына байланысты жалған атйқан жоқ.
Егер Натанзи мәліметтерінің растығын жақтайтын бірінші көзқарасқа қатысты айтсақ, онда атап өтуді қажет ететіні:
1.Шығыс Дешті-Қыпшақтағы мәліметтер қалайша Натанзиде пайда болғанына қатысты үлкен қайшылық бар. Исфахандағы Ақ-Орда мұрағаты туралы нұсқа фантастика, себебі, егер мұндай мұрағат Иранға жетсе, онда ол Натанзиге емес, ол Шахрухтың сарай маңындағыларының (айталық, Хафиз Абру) қолына түсері күмәнсіз. Одан басқа, Натанзиде кездесетін соншалықты көп қате, мұнда болмас еді. Қатенің осыншалықты көптігінің себебі, парсы тілді Натанзидің мәлімет көзімен (хабарлаушымен) басқа (түркі) тілде аудармашы арқылы тек бір рет сөйлесуінен туындауы мүмкін. Осындай қателердің бірі келесі мысал болуы мүмкін: Жошылықтардың есімдері көптеген жылнамаларда, тура мағынада ұл ретінде аударылатын огул немесе оглан[1] тіркесімен берілген. Огул немесе оглан Шыңғыс тұқымы патшаларының лауазымы (парсы тіліндегі шахзаденің аналогы) екенін Натанзи білмеуі мүмкін, сондықтан ол оглан лауазымын туыстықтың (ұл) белгісі ретінде қабылдаған. Айталық, Натанзиде: «Одан (Эрзеннен) кейін оның ұлы Мубарак-қожа дүрбелең бастады». Түпнұсқада сөйлем басқаша құрастырылуы мүмкін еді: «Одан кейін Мубарак-қожа-оглан дүрбелең бастады». Немесе келесі мысал: «Одан кейін, Орда-шейхтің ұлы Тимур-қожаны отырғызды», ал шындығында ол басқаша естілер еді, айталық: «Орда-шейхтан кейін Тимур-қожа-огланды отырғызды». Натанзи аудармасындағы қатенің жеткіліктілігін ескеру арқылы, жоғарыдағы Натанзи келтірген генеологиядағы мұндай жәйттердің бар болуын жоққа шығаруға болмайды.
2. Муизз ал Ансабтан мәліметтер. Жоғарыда біз атап өткендей, Муизз ал Ансабтың Париждік көшірмесіне Тоқа-Темір ұрпағының генеологиясы бойынша мәліметтерді Тоқа-темірдің ұрпағы және XV ғасырдың ортасында немесе екінші жартысында Қырым хандарының жақын туысы болған Сұлтан-Баязид қосты. Егер ол Муизз ал Ансабтан Шахрухтық нұсқадағы өзінің туысы Орыс-ханның «құрастырылған генеологиясын» көрсе, онда ол міндетті түрде генеологиялық кестеге нақты сөйлемдерді қосу арқылы (Муизз ал Ансабта әкелікке қатысты даулы сөйлемнің мысалдары бар), (Хусейн Байкараның) Париждік жылнаманы түзетер еді.
Деректанулық дәлелдерден басқа, Орда-эжен ұрпағына қарсы әуелі Темір ұрпағының, кейін Шибан ұрпағының қастандығына қатысты нұсқаға қарсы тиімді дәлелдер келтіруге болады.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ