КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Құрамалы қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасыз
Ай сайын бас қосқан жиын болады,
Ішінен шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады,
Ақыл айтсаң, ауырып қалатын
Бежірей деген қызың болады,
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Бетіңнен алып түсер інің болады.
Қиналғанда қайырымы жоқ жақының болады,
Ит пен мысықтай ырылдасқан
еркек пен қатының болады.
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады,
Жастарға сөзі өтпейтін кәрің болады,
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді.
Бұқараны құм алады,
төрткүл дүниені су алады.
Соның бәрін көресің,
көріп барып өлесің”, – деп мұнан 300 жыл бұрын Мөңке би айтқан екен.

Осының бәрі неден?
Бұрын бабаларымыз бір мәселені шешу үшін айлап, жылдап жатып талқылайтынды. Істі бітіріп, бірақ қайтатын болған. Қызымыз ибалы, ұлымыз иманды болды. Жастар үлкеннің сөзіне тоқтайтын. Үлкендер әділдігімен қара қылды қақ жарған, сөзіне тоқтата білген. Аталарымыз жастайынан намаз оқып, сақал қойған. Ата-ана, апа-қарындас, аға-іні бауырлары, асыл Отанының барлық жағдайын ойлау – Алланың алдындағы аманат екенін сезінген. Үйге келген қонақ үшін бар асын дастарханға салатын. Ал қазір ше, мүлдем олай емес. Ана тіліміз, ата дініміз аяқасты қалды десе де болғандай. Мұсылманбыз дейміз, бірақ іс-әрекетіміз ешқандай да мұсылмандылыққа жанаспайды. “Құдайдан қорық” деп бабаларымыз айтқан. Біздің әлсіздіктеріміздің бәрі бір Аллаға деген сеніміміздің әлсіздігі, Құдайдан қорықпағандығымыздан. Ал қазіргі таңда, Аллаға шүкір, еліміз егемендігін алып, дінімізге жол айқара ашық. Құрбан айт ел мерекесіне айналды. Бір күн демалыс берілді. Осындай кеңшілік заманда, Құдайды ойламай жүрсек, бізге ешқандай кешірім болмас, сірә.
Кейінгі кездері ер балалар күндіз-түні көше кезіп төбелесіп, арақ ішіп мас күйлерінде жұрттың мазасын алуы жиіледі. Қыздарымыз болса ер балалардан қалыспай жиналып төбелесіп, бір-бірін анайы сөздермен балағаттап, ішімдікке әуестене бастауы жақсылыққа апармайтынын айта кеткен жөн. Болашақ ана екенін ұмытып, қалай болса солай, тіпті кіндіктерін көрсетіп ашық-шашық жүруі қай мұсылман күткен қылық?! Мектептерде имани тәрбиелік сағаттарды көбейткен жөн сияқты. Соңғы кездері ата-аналардың мектеппен байланыстары нашарлап кеткені байқалады. Оқушылардың темекіге, тіпті ішімдікке әуестігі көрініп жүр. Қалай ойланбасқа? Балалардың бойына имандылық қасиеттерді енгізу, олардың алдындағы мұсылмандық парыз борышын ұғындыру, жалпы үлкендердің, біздің – ата-ана ретіндегі міндетіміз. Сондықтан, жалпы жұртшылықпен байланысты күшейтіп, бір-бірімізге бауыр, дос, туыс екенімізді ісімізбен дәлелдейік. Кімде-кім “Лә иләһа илләл-лаһ, Мұхаммадар расул Аллаһ” деп шын көңілімен өмірінде үш рет айтып, жүрегімен бекітсе, мұсылман болады. Көп-көп айтқан сайын күнәлары кешіріліп, жолы ашылады. Тілімізді кәлимаға келтіріп, асыл бабаларымыздың сара жолымен жүрейік, бауырлар! Осы айтылғанды ең алдымен өзіміз орындауымыз Алла алдындағы аманат екенін ескерейік ағайын.
 
BAQ.KZ

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика