КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Суфизм ұстаздарының бірі Зуннун Мысыри «Жай адам өзінің күнәларын кешіруді сұрайды, тек таңдаулылары ғана өзінің абайсыздығы үшін тәңіріне жалбарынады», - дейді. Мен сөз еткелі отырған кейіпкерім кешірім де сұрайды, тәңіріне де жалбарынады. 
Шығарма атауы «Маңдайдағы жұлдызым». Авторы Мехмет Алағаш. Оқығаныма ұзақ уақыт өтсе де, әсері бұрынғысынша. Аталған шығарманы жекелеп алып қарар болсақ, мұның өзі бір төбе. Бірнеше рет оқудан жалыққан емеспін. Алар әсерім: өмірдегі, санадағы жақсылық пен жамандық атаулыны ұмытып, «вакум» ішіне еніп кеткендей күйде боламын...
Тағдыр дегеніміз – адамның өзінің өміріндегі жіберіп алған кемшіліктерінің жиынтығы. Одан сабақ ала білу пенделік парызымыз. Өзгеден бұрын өн бойымыздағы қатені өзіміз таба білсек, түзету әлдеқайда оңайырақ болмақ.
Өмір кейде біз күтпеген тосын жайттарға толы. Кейде ақсақпыз, кейде дәрменсізбіз. Болмашы бір қиындыққа қасқая қарсы тұра аламыз немесе құлдилап кетеміз. Өзі үшін ғана өмір сүріп, өзіне ғана пайда болсын дейтін адам бақытты бола алмайды. Спенека «Өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр», - депті.
Қазіргі таңда біз өзгені емес, өзімізді көбірек ойлайтындаймыз. Өмір әуезді ән секілді. Ұзақтығымен емес, мән-мағынасымен өлшенеді. Қыздың өрген қос бұрымындай Алла берген жақсылық та, жамандық та қатар жүруін ескеруіміз керек. Ажалмен бетпе-бет келгенде баршамызға өмір қымбат, өмір тәтті болып көрінеді. Сол қолымыздағы қымбат асылымыздан айырылып қалмасақ болғаны. 
М.Алағаштың «Маңдайдағы жұлдызым» шығармасынан түйген өзіндік пікірлерім:
- Өмір ақ және қара сызықтан құралған. Жақсылыққа жаныңды жақын ету ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
- Өмір сындарлы күрестен құралған. Жеңіске жету ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
- Өмір бізге ең тамаша сыйлығын арнаған. Қадірін білу ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
- Өмір бізге бар жағдайда мүмкіндік берген. Сол мүмкіндікті таба білу ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
- Өмір бізге ұлағатты қарт ұстаз, өлшеусіз сабақ. Жақсы тәлімгер болу ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
- Өмір бізге жанымызға жақын адамымызды жіберген. Қадірін түсініп, сүйе білу, сүйікті бола білу ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
- Тіршілікте адал өмір сүр. Жұрттың адалдығына күмандануды азайту ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
- Өзіңді-өзің таны. Өзіңе есеппен қатар баға бере білу ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
Алла берген өлшеулі ғұмырдың маңызын жете түсіне білейік. Бір жамандықтың бір жақсылығы болады дегендей Алағаштың кейіпкері 37 жастағы Сенім мырзаның миындағы төрт те төрт көлемді ісік оның өмірін түбегейлі өзгертеді десем артық айтпаған болар едім. 
- Өзінің ойтолғамында сол ісіктің «арқасында» Аллаға деген иманын берік етті.
- Шалыс басқан қадамын түзетіп, отбасына бақытқа жетуге қадам жасады. 
- Сол күннен кейінгі жалғасқан өмірін жақсы арнаға тоғыстырды. 
Алағаштың Сенім мырзасы ми бөлігіндегі төрт те төрт көлемді ісікті «Маңдайдағы жұлдызына» (темірқазықтай дұрыс жолға бағыт бағдар беру себебінен )теңгерсе, мен Мехмет Алағаштың осынау туындысын «Алағаштың жұлдызы» (өлім мен өмірді өзгелерге сабақ етудегі танымал шығармасы ретінде) дер едім.
P.S: Менің осы ойтолғамымды оқыған оқырмандар автордың туындысын қабырғамнан (стенамнан) ала алады. Оқуға кеңес беремін. Нәтижесінде сіздің де жаңаша көзқарастарыңыз пайда боларына сенемін.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика