КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

1737 жылы қатын патша Анна Иоановнаның пәрменімен Сібір жақта яғни қазіргі Қазақстанның солтүстік өңірінде құл саудасы заңдастырылды. Бұл заң 1822 жылы «Сібір қазақтарын басқару» ережесі шыққан соң ғана күшін жойды. Демек орыстар 1737-1822 жылдар аралығында 85 жыл бойы қазақтарды құлдыққа сатумен айналысқан. 1755 жылы жоғарыдағы құл саудасын заңдастырған қатын патша пәрменіне қосымша жарлық қабылданып, онда помещиктер сатып алған құлдарын тауар ретінде айырбастауға, оларды шоқындыруға ерікті екендігі көрсетілді.
Осындай «заңдардың» салдарынан ХҮШ ғасырдың басында казак жасақтары мен орыс отрядтары себепті-себепсіз қазақ ауылдарына жиі-жиі басқыншылық шабуылдар жасап, жүздеген адамдарды өлтіріп, жүздеген қыз-жігіттерді, жас балаларды тұтқынға алып кетіп отырған. Олар помещиктерге, дворяндарға, әскери адамдарға сатылатын болған. Тіпті қазақтардың Хиуа базарына апарып сатылғаны туралы да деректер бар.
Зерттеуші Амантай Кәкен «Зұлмат жылдардың запыраны» атты зерттеу еңбегінде: «Құл саудасына түскен қазақтардың құны базар нарқына байланысты өзгеріп тұрған. Мәселен, 1737 жылы 40 жастағы әйел 12 сомға, 30 жастағы жігіт (келіншегімен қоса) 1 ат, 1 құлын және 16 сомға бағаланған. 1748 жылы Әулие Петр қорғанында 25 жастағы әйел құлынды бие және шұға шекпенге айырбасталған. 20 жастағы қазақ жігітінің бағасы 15 сомға жеткен. Сол кездің бағасымен ірі қара малдың екі пұт (32 келі) еті 80 тиын, ал, аттың құны 91,5 тиын болғанын ескерсек, қазақты құлдыққа сату аса тиімді бизнес көзі болған» дейді. («Тағдырларды біріктерген Қазақстан», Астана. 2010 ж. 61-б)
1911 жылы Семейде жарық көрген: «Записки географического общества» атты еңбекте: «1808 жылы орыстар қазақ балаларын сатып алуға және айырбастауға үкімет атынан құқық алды, бірақ сатып алынған құлдар 25 жасқа толғанда еркіндік алатын болды. Бұл әлі либералдық заң еді. Өйткені, бұл заң шықпай тұрып-ақ казактар және әртүрлі әскери қызмет атқарған адамдар қазақтардың әйелдерін, балаларын және ауыл-үйдегі қызметшілерін күшпен тартып алатын еді. Біраз воевода қазақ әйелдерден гарем ұстайтын. Әйелдердің бағасы салыстырмалы өте төмен болды: 7 жастағы қыз 20 тиын тұрды, ал ұл бала 25 тиын, ересектердің бағасы 10-нан 20 сомға дейін көтерілді. Сауда өткізетін орталық ол Ірбіт жәрмеңкесі болды» деп жазады.
Жазушы Сәбит Мұқановтың «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиет тарихының очерктері» атты 1942 жылы жарық көрген еңбегінде: «1819 жылы Александр І патша қазақтың балаларын сатып алуға, басқаға сатуға мүмкіндік беретін заң шығарды. Бұл оқиға жайлы Алексей Левшин 1832 жылы жазған «Қырғыз-қазақ ордаларының тарихы» атты кітабында: «базарда қазақтың ер балаларының сатылатын құны 4-5 қапшық арыш бидай, қыз баланың бағасы 3-4 қап арыш еді» дейді. Және бір айда қазақтан 100 бала сатылғанын айтады. (Жұлдыз журналы, 1991 жыл, №6, 149-б.
Осы деректерге ой жіберіп оқыған адам: ата-бабасын құлдыққа сатқан отарлаушылардың тілінде сөйлеуді ар санаған болар еді. Егерде намысы болса…

Сурет: e-history.kz
MINBER.KZ

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика