КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Түс көргендей аяқастынан қазақтың қандығара сөзінен шошына қалатындарға таңмын. Қанат Төребаев та сондай бір оқыс ойға кеткен екен. Қазақ сөзін орыс тілі арқылы түсіндірмек болып шатасқан ол «исі қазақтың» деген сөз қолданысын аударма деп санапты. («Исі қазақтың» деген тіркес қайдан шыққан?» «Ана тілі», №41, 2012ж.). Бұл – аударма емес, қазақтың төл сөздерінен құрылған кәдімгі қазақы тұрақты тіркес. Иіс – көп мағыналы сөз. Иіс – қандай да бір зат, нәрсенің болсын, тек өзіне ғана тән бір сипаты. Нан исі, гүл исі, жұпар исі, жусан исі, хош иіс, т.б.
    Ал «исі қазақтың» деген ұғымға келсек, бұл Қанат ойлағандай «қазақтың басқалардан бөлек исі бар» дегендік емес. Оның өз сөзімен айтқанда, «исі қазақтың» деген сөз тіркесін орысшаға аударсаңыз, «запах казаха» болып шығады, яғни өзгелер қазақтардың исі басқалардікінен бөлек екен» деген мәнде емес. Бұл – ұғымды түсінбегендік.
    Қазақ исі дегеніміз қазақтың өзгеден бір оқшау иісін емес, ұлттың өзіндік айрықша қалыптық сипатын танытады. Сонда «исі қазақ» дегеніміз қазақтың ұлттық өзіндік ерекшелігін білдіреді. Бұрынырақта ауыл адамдарының қолдануларында «орыс исі», «қазақ исі» «қазақ иісті», «еркек исі», «еркек иісті», «әйел исі», «бала исі» дегендей сөз орамдары болған. Мұндай сөздер халық әдебиеті мен бұрынғы жазба әдебиеттерде кеңінен қолданылған. «Қазақы кісі екен», «қазақ иісті азамат екен» дегендей тіркестер қазақ жазушыларының көбінің қолданыстарында бар. Кейбір қазақ тектілердің ұлтынан сырттап, жаттануы сонау патшалық Ресей заманынан басталады. Тіпті одан да әріден барлығы байқалады. Шенді, шекпенді «оқығандардың» бірқатары сондайға ұшырағаны мәлім. Қазақ исін ерекшелеу, «исі қазақ» деген тіркестің қалыптасуы арғы замандарға бойлайды. Исі қазақтық – ұлттық сана, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа бойұсынып, қазақы мінез-құлықты ұстанатындар, қазақы қалпын бұзбағандар, ұлтжанды, ұлтшыл адамдар. Исі қазақ дегеніміз – соның бәрінің жиынтық атауы. Бұл – толайым, әйтеуір аты қазақ емес, шынайы қазақ. Ал аты қазақ, заты басқаны, яғни ұлтттық мүдде, мұратқа бойсалмайтындарды – «шіріген жұмыртқа», «иіс алмас» деседі.
    Иіс – есім. Бұл тұрғыда ол бір әулет, отбасының соңғы, зарығып көрген тұяғы, не қапыда опат болған азаматтың жарының құрсағында, іште қалған ұрпағы дегенді білдіреді. Сол адамнан қалған нәсіл деген сөз. «Ой, бәленшекеңнің көзі ғой» деп көбіне осындай балаларға жасөспірім шағында айтылады.
    Иіскеу – қазақ салты, еміреніс. Қазақ бұрын сүйіспеген, сүймеген, иіскеген. Мұқағалидың «иіскейін, тиіспейіні» осы салтты меңзейді. Қазақ баласын, немересін иіскеп еміренеді. Ғашығына да, жарына да сезімін солай білдірген.
«Исі қазақтың» деген сөзді тосырқайтын ештеңе жоқ, көнеден келе жатқан, қазақ иісті, исі қазаққа танымал сөз. Ол «русская душа» дегеннен «жаңа сөз тіркесін жасағансыған» «шала сауатты аудармашының» сөзі емес, қазақтың төл ұғым-танымын білдіретін құнарлы сөз.
    «Исі қазақтың» сөзін жатсынған жанның қайда өскенін білмеймін. Сөздің ішкі сырына, тарихи қалыптасуына, қолданыстағы мән-мағынасына мән бермей, зерделемей, шығыстап тастамағы – орынсыз әрекет. Бұл – шала білгендік. Қай істе де шала білген бүлдіреді, сөзді де осындайлар ысыраптайды. Исі қазақ білетін сөзді әлдебір иіссіз қазақтың отауына жол бермеген жөн. Сөзді бүйтіп шығыстай берсек, қазақта сөз қалмас.
Исі қазақ – игі жақсы дегендей сипатты сөз. Ол Қанат айтқандай, «қазақтың жаны», «қазақы рух», «қазаққа тән», «барша қазақтың» деген тіркестердің орнына» жасанды түрде келген сөз емес, өзіндік қолданыс орны бар, тума төл сөз. Қазақтың исін сезбегеннің қазақтығы қайсы?!

Ана тілі газеті

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика